Connect with us

Моңғолияда

Дәрмен Құзыкейұлы аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Published

on

25-26 маусымда Увс аймағының Улаангом қаласында батыс зоналық инвестициялық форум өтті.

Форумда батыс зонаның экономикасы, даму стратегиясы, инвестициялық жобаларын таныстыру, өңірлік ауыл шаруашылығы мен өнер кәсібі, инфрақұрылымдары мен тау кен саласындағы жобалар таныстырылды.

Форумға Улаанбаатар, Увс, Ховд, Завхан, Говь-Алтай және Баян-Өлгийлік кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтарының 400-ден астам өкілдері қатысты.

Бизнес форумда аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық мәселелерді талқылады.

Моңғолияда

«Моңғолия қазақтары: танымал тұлғалар» кітабының тұсаукесері өтті

Published

on

KAZNEWS – 11-12 шілде де Елші Ж.Әділбаев Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы құрылуының 80-жылдық мерейтойына қатысты.
Мерейтой аясында аймақтың әкімі А.Ғылымхан, жергілікті Мәслихаттың төрағасы Д.Бауыржан және Қазақстанның осы аймақтағы Құрметті консулы лауазымына үміткер Н.Бейбітханмен ресми кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, аталған кездесулер барысында жақында болып өткен Моңғолияның Парламентіне сайлаудың нәтижелері туралы пікір алмасылып, әлемдік пандемияның салдары және оның аймақтың тұрғындарына кері әсері, екіжақты сауда-экономикалық іс-шаралардың кейінге қалдырылуы, Қазақстаннан әкелінетін тауарлардың азаюы, елімізден 500 жуық студентті Моңғолияға жеткізу мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, осы аймақта уақытша мекендеген қазақстандық азаматтар мен кезінде еліміздің азаматтығынан шығып, Моңғолияның азаматтығын ала алмай отырған тұлғалармен, сондай-ақ Баян-Өлгий басшылығының өтініші бойынша балалары ҚР жоғарғы оқу орындарында оқитын және коронавирус пандемиясына орай елімізде карантинде қалып қалған студенттердің ата-аналарымен сұхбаттар өткізілді.
Елші мерейтой аясында ұйымдастырылған Ікей-батырдың ескерткіші мен «Аймақтың 80 жылдық тарихы» атты фотокөрмесінің ашылу салтанатына қатысып, мерекелік жиналыста сөз сөйлеп, қандастарымызды мерейтоймен құттықтап, әкім А.Ғылымханға ҚР Сыртқы істер министрі М.Тлеубердінің құттықтауын табыстады. Бұған қоса, осы ісшара барысында Елшілік дайындаған «Моңғолия қазақтары: танымал тұлғалар» кітабы мерейтойға сыйлық ретінде сыйға тартылып, кітаптың тұсакесері өткізілді.

ҚР-ның Елшілігі

Continue Reading

Моңғолияда

ҚР-ның Елшісі Жалғас Әділбаев құттықтау жолдады

Published

on

Құрметті моңғол достарымыз!

Моңғол халқын даңқты тарихын бейнелейтін «Наадам» ұлттық мерекесімен және Моңғолияның халық революция күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Тамаша және қызықты ежелгі «Наадам» мейрамы қазіргі Моңғолияда өзінің салт-дәстүрлерімен әдет-ғұрыптарын жоғалтпаған ұлттық мереке болып табылатынын қуанышпен атап өтемін.
Қазақстандық-моңғол қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, екі елдің игілігі үшін осы қатынастардың одан әрі дамуымен тереңдей түсуіне күш саламыз.
Қазақстанмен Моңғолия халықтары арасындағы өзара түсіністікпен екі мемлекеттің арасындағы достық қатынастардың тиімді дамуын қанағаттанушылықпен атап өтемін.
Моңғолия Қазақстан үшін жақсы дос және сенімді серіктес, ал екі ел әр түрлі салалардағы өзара әрекеттестікті тереңдету үшін елеулі әлеуетке ие.
COVID-19 пандемиясының қаупіне қарамастан, «Наадам» мерекесі биыл да әсерлі де ұмытылмас мереке болатынына кәміл сенемін. Моңғол халқына гүлдену, өркендеу және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі
Жалғас Әділбаев

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда карантин режімі 15 шілдеге дейін созылды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияда карантин режімі 30 маусымға дейін созылған болатын. Мемлекеттік Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында коронавирустен сақтану үшін енгізілген карантин режімінің мерзімін созу мәселесін талқылады.

Мемлекеттік Төтенше жағдайлар комиссиясынан ел аумағына енгізілген карантин режімін қайтадан 15 шілдеге дейін созу туралы шешім қабылданды.

Continue Reading

Моңғолияда

2021 жылғы Президент сайлауына түсетін партиялар

Published

on

Келесі жылы Моңғолия Президентінің кезекті сайлауы өтеді. Конституция бойынша Парламенттегі партиялар Президент сайлауына өз үміткерлерін ұсына алады. Конституцияның 31.2 –бабында «Мемлекеттік Ұлы Хуралда орын алған партия жеке немесе бірлескен түрде Президентке бір адамды ұсынады» -делінген.

Сондықтан Моңғолия Парламентінің 2020 жылғы кезекті сайлауында орын алған Моңғол халық партиясы, Демократиялық партиясы, Моңғол халық революцияшыл партиясы, ХҮН партиясы үміткерлерін ұсынуға құқылы.

Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша «Президентке 50 жасқа толған, ел аумағында кемінде 5 жыл тұрған, Моңғолия азаматын алты жыл мерзімге бір рет ғана сайлайды» -делінген.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде1 month ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде1 month ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде2 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде2 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде2 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде3 months ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде3 months ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Статистика

  • 239
  • 10,527
  • 160,608

Басты назарда