Connect with us

Моңғолияда

Дәрмен Құзыкейұлы: Халықтың мүддесін жеке басымның мүддесінен әрдайым жоғары қойып жұмыстадым

Published

on

– Өзіңізді аймақ жұртшылығы білікті инженер, әрі саясаткер ретінде жақсы біледі. Әңгімеміздің басында отбасыңыз туралы қысқаша таныстырсаңыз?

– Мен 1964 жылы Өлгий қаласында дүниеге келгенмін. Артымнан ерген 2 інім, екі қарындасым бар. Әкем Қылышұлы Құзыкейді аймақ халқы хирург дәрігер ретінде жақсы таниды. Анам Төлек рулы Сейітжанқызы Қанипа. Жарым Д.Күнәй көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып келеді. Үлкен қызым Алтынтаң Моңғолияның мемлекеттік мұғалімдер университетін статистик-экономист мамандығымен бітірген. Қазір тұрмыста. Күйеу балам Ш.Ардабулан құрылыс инженері маманды, жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ұлым Әли Улаанбаатар қаласындағы Ғылым және техника университетін электр инженері мамандығымен тәмәмдаған. Қазір «Оюу-толгой» компаниясының жабық шахтасында мамандығы бойынша қызмет етіп жатыр. Келінім Е.Айнұр экомонист мамандығын игерген. Кенже қызым Алтынай атасы мен анасының жолын қуып, еліміздің Медицина университетінен адам дәрігері мамандығын игерді. Қазір құлақ, көмей-жұтқыншақ және мұрын қуысының аурулары бағытында Мемлекеттік бірінші клиникалық ауруханада резидентурада білімін жетілдіруде. Үш немере, екі жиен сүйіп отырган жайымыз бар.

– Әкеңіз туралы кеңірек мәлімет бере кетсеңіз?

– Атамыз Бітіұлы Тілеуберді алты шерушінің имамы болған кісі. Қобда бетіне алғаш мешіт, медресе салып, халықты имандылыққа және оқу білімге жетелеген тұлға. Баласы Қылыш та әке жолын қуған дін жолындағы имам болған. Ал, әкем Құзыкей 1961 жылы Моңғолия мемлекеттік университетінің Медицина факультетін қызыл дипломмен бітірген. Алғашқы игерген мамандығы құлақ, көмей-жұтқыншақ және мұрын қуысы ауруларының дәрігері болды. Бұл мамандықты игерген еліміздің алғашқы мамандарының бірі. Бір жылдан кейін хирург мамандығын игеріп, 1978 жылға дейін аймақтық Біріккен ауруханада, онан соң өмірінің соңына дейін Цэнгэл сұмынында хирург дәрігер болып жемісті еңбек етті. Әкеміздің келесі бір қыры – танымал саясаткер, қоғам қайраткері болды. Аймақтық депутаттыққа үш мәрте сайланған. 1990 жылғы алғашқы демократиялық сайлауда Халық Ұлы Хуралының депутаты болып сайланды. Әрмен қарай Халық Ұлы Хуралы төрағасының орынбасарлығына көтеріліп, демократиялық жаңа Негізгі заңды бекітіскен 430 депутаттың бірі болды.

– Сіздің балаларыңыздың ішінде өзіңіздің, атасының ізін қуып, мемлекеттік қызметке кіргені бар ма?

– Балаларымның барлығы мемлекеттік қызметте жоқ. Жеке меншік салада еңбек етіп, білімдерін жетілдіруде.

– Ізбасар етіп мемлекеттік қызметке, саясатқа тартуға болмады ма?

– Аймақ әкімі қызметін атқарған 4 жыл ішінде бір қағиданы берік ұстандым. Ол – халықтың мүддесін жеке басымның мүддесінен әрдайым жоғары қойып жұмыстадым. Осы мақсатымда нық тұрдым деп ойлаймын. Қазіргі демократиялық еркін қоғамда мүмкіндік көп, баста білім болса, ниеттенсе мемлекеттік қызметке кірмей-ақ кез келген жерде жемісті еңбек етіп, жақсы тіршілік жасауға болады ғой.

– 2012-2016 жылдары Баян-Өлгий аймағының әкімі болдыңыз. Осы уақытта атқарған шаруаларыңызға қысқаша шолу жасап өтсеңіз?

– Атқарылған шаруа көп, бәрі халықтың көз алдында болды. Ең басты жетістігіміз 4 жыл ішінде аймағымыздың экономикасын, ішкі жалпы өнімін 100 миллиард төгрөгпен арттырып, 300 миллиардқа жеткіздік. Қылмыс-қайшылық 2 есе азайды. Құрылыс саласының жұмысы 3 есеге ұлғайды. Алғаш жұмыс алғанда Моңғолия азаматтығынан себепсіз шығып қалған адамдардың мәселесі көп жыл бойы шешімін таппай тұр еді. Осы мәселені жедел қолға алып, ел Президентіне, Көші-қон және азаматтық басқармасына мәселе қойып, 2013 жылы 1000-нан астам адамның азаматтығын қалпына келтірдік. Құжатсыз ары-бері жүре алмай, өкіметтен тиесілі зейнетақы, жәрдемақы, тағы басқа көмектерін ала алмай жүрген аймағымыз азаматтарына бұл іс орасан көмек болды. Мұнан соң Өлгий қаласының барлық ауылжай ауруханаларын стандартқа сай орынжайлы болдырдық. Аймақтық Біріккен аурухананың жанына 3 миллиардқа жуық қаражат жұмсап, Диагностикалық орталық орнаттық. Өлгий-Тұлба бағытына 60 км, Өлгий-Цагааннуур бағытына 40 км асфальт жолды салып пайдаға беріп, Өлгий-Хашаат бағытындағы 60 км, Цагааннуур-Улаанбайшинт бағытындағы 25,6 км жолдың қаражатын шештіріп, құрылыс жұмысын бастаттық. Құрылысы аяқталмай дағдарыста тұрған Өлгий сұмыны 1 толық орта мектебі, орталық кітапхана, Балалар мен жастар саябағы, спорт, ойын алаңдары толық бітіп пайдаға берілді. Аймақ орталығындағы 2-толық орта мектеп ғимараты, 1, 2 бастауыш мектептің спорт залдары, 15, 16, 17, 18-балабақша құрылыстары жаңадан салынды. Цэнгэл, Булган сұмындарының балабақшалары, Булган сұмынының Шүвтэр, Ногооннуур сұмынының Чихтэй бастауыш мектебі, Баяннуур, Улаанхус сұмынының Көкмойнақ, Соғақ орта мектептерінің жатақхана құрылыстары жаңадан бой көтерді. Цэнгэл сұмынына «Жаңа сұмын» жобасы жүзеге асырылды. Улаанхус, Дэлүүн, Толбо сұмындары біріккен жылу жүйесіне қосылып, «Жаңа сұмын» жобасы жүзеге асатын мүмкіндік туды. Өлгий қаласының орталық алаңын жаңаладық. Булган сұмынынан өзге барлық сұмындарға оптикалық талшықты кабель тартылып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды. Халқы көп, іш, сырттың саяхатшылары көп баратын шеткері бақ, елді мекендерге ұялы байланыс желісін орнаттық. Қазір аймақ орталығына, қыр сұмындарға салынған кейбір жол, көпірлердің сурет жобасын әзірлетттік. Тиісті қаражатын бюжетке отырғызып жүзеге асыруға дайын болдырғанымызбен сол кездегі ғаламдық және еліміздегі экономикалық қиындықтарға байланысты өкілеттік мерзім ішінде атқарылып үлгерілмеді. Халық бұқараның игілігі үшін жолға қойылған осынау шаруаларды келесі билік жалғастырып, кәдеге жаратқанына қуаныштымын. Айта берсек атқарылған шаруалар көп, бәрін тәптіштеп жатуға уақыт көтермейді.

– Азаматтардың табысын арттыруға, тіршілігін жақсартуға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қандай жұмыстар істелді?

– Ел қазынасынан 815 миллион төгрөг қаражат бөлідіріп, Өлгий қаласының 49 нүктесіне бақылау камерасын орнаттық. Бұл іс жол қауіпсіздігін сақтауға, қылмыс қайшылықтың алдын алуға септігі тиген нәтижелі жұмыс болды. Сонымен қатар, ел Үкіметімен бірлесе отырып нарыққа көшкен 1990-2000 жылдары жұмыссыз қалған аймағымыздың 16100 азаматының тізімін шығарып, жұмыссыз жүрген 10 жылға дейінгі уақытының әлеуметтік жарнасы өкіметтен төлетілді. Соның нәтижесінде 2016 жылға дейін 2800-ге жуық адам зейнет демалысына шықты. Өкіметтен қосылған 10 жылдың арқасында одан бері де көп адам зейнетақы тағайындатып, осы шешімнің игілігін көріп жатқаны баршамызға мәлім. 2012-2016 жылдар аймағымыздың сыртқы қатынасы жаңа белеске көтерілген шақ болды. Көршілес Ресейдің Қос-Ағаш ауданы басшылығымен жасаған келісімнің нәтижесінде 9 рет бірлескен жәрмеңке ұйымдастырып, нәтижесінде аймағымыз кәсіпкерлері жәрмеңке сайын 2 миллиардқа жуық төгрөгтің табысын тауып тұрды. Қытай Халық Республикасының Алтай аймағымен жасаған достық қарым-қатынастың арқасында Өлгий қаласына «Достық төбесі» салынып, бұл күндері сырттан келген қонақтар тамашалайтын, аймақ халқы демалатын көрікті орынға айналды. Аймақтық Біріккен ауруханаға көмектер көрсетіліп, дәрігерлеріміз мамандықтарын жетілдірді.

– Кезінде кейбір азаматтар сізді ағаш егуге көп қаражат шашты деп сынап еді. Бұл жұмыс нәтижесін берді деп ойлайсыз ба?

– Өлгий қаласын жасылдандыруға 300 миллиондай төгрөг қаржы арнадық. Нәтижесі жаман емес. Аймақ орталығындағы Қобда өзені көпірінен әуежайға дейінгі, Өлгий-Қобда бағытындағы жолдың постысына дейінгі, Бугат сұмынына баратын жол бойындағы ағаштар, қала ішіндегі гүлзарлар, біздің сол кездегі жұмысымыздың нәтижесі ғой. Бұл жұмыс қоршаған ортаны қорғау, саламатты жасыл орта қалыптастыруға бағытталған саясаттың аясында жүзеге асты. Ағаш егу жұмысы осымен ғана шектелмей әрмен қарай жалғасып отыруға тиісті. Халық пен уақыт бәріне таразы. Уақыты келгенде бағасы беріле жатар.

– Әттеген-ай, деп үлгермей қалған қандай шаруаларыңыз болды?

– Білім беру саласында атқарған жұмыстар жемісін тез бермейді. Улаанбаатар қаласынан арнайы мамандар алдырып, аймақтық Білім басқармасын жан-жақты жұмыстатып, қос тілде білім беруде ұстанатын саясат әзірледік. Осы мәселені алғаш көтердік. Оны 2014 жылы аймақтық АӨХ-ы мәжілісінде арнайы бағдарлама болғызып бекіткіздік. Қазақ баласына баутауыш білім ана тілінде білім беріп, ана тілінің байлығын, нәрін бойларына толық сіңірген соң орта сыныпта қос тілде, аға сыныпта таза мемлекеттік тілде білім берейік дегенді атап көрсеттік. Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражаттың есебін шығарып, қазақ балаларына арналған алғашқы оқулықтар мен көмекші құралдарды да басқызып шығардық. Өкінішке орай жергілікті жер билігі ауысып, бұл іс аяқсыз қалды. Егер де осынау қос тілде білім беру саясаты аймағымызда дәйекті жалғасатын болса, қазіргідей ел бойынша сынға ұшырамай, білім саласы да аяғынан нық тұратын еді.
Сонымен қатар, Тавалтай қысаңына 97 мВт қуаты бар су электр станциясын салу жұмысы қарқынды жүріліп, техникалық, экономиалық негіздемесі, сурет жобасы дайын болғанымен қазіргі билік және қаржы енгізушілер арасындағы түсініспеушілік салдарынан бұл жасампаз іс жүзеге аспай қалды. Егер аймағымызға су электр станциясы салынған жағдайда еліміздің батыс өлкесін сапалы, арзан электрмен қанымдайтын, көптеген жұмыс орындарын пайда болдыратын мүмкіндік қолға келер еді. Әрі электр энергиясы жағынан Ресейге тәуелді болмас едік.
Өлгий-Даян бағытындағы авто жол, Даян кеден өткелегіндегі Ямаат өзеніне темір бетон көпір салу ісін ҚХР-ның Алтай аймағының қолдауымен салу жұмысы қолға алынғанымен, келесі басшылық бұл шаруаны әзірге жүзеге асыра қойған жоқ. Осы қатарлы айта берсек, уақыт тапшылығынан жүзеге асып үлгермеген жұмыстар көп болды. Бұл жұмыстарды іске асырсақ екен деген мақсат осы күнге дейін ойымда жүреді.

– 2020 жылғы жергілікті жер сайлауында аймақтық АӨХ-ына Өлгий сұмынының 5-бағына атыңызды ұсынып жатырсыз. Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар?

– Өлгий сұмынының 5-бағында шешілмей тұрған мәселелер баршылық. Аймағымыз алғаш орнаған сәттен бастап халық тығыз қоныстанған жер ғой. Сондықтан да топырақ, ауыз су ластануы, жол, мектеп пен балабақшаның жетіспеушілігі, жұмыссыздық, отырған жеріне, үйіне куәлік ала алмай отырған азаматтар мәселесі қатарлы қордаланған шаруа шаш етектен. Өзім де отбасым, ағайын-туыстарыммен бірге осы бақта тіршілік етіп келемін. Сол себепті азды-көпті тәжірибемді, білімімді аталған мәселелерді шешуге арнап, аймағымыздың жане қаламыздың дамысына септігімді тигізсем деген мақсатым бар.

– Сұхбатыңызға рахмет. Саяси жұмысыңыздан табыс тілейміз.

Аймгийн Ардчилсан намын Сонгуулийн штаб

Моңғолияда

Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Published

on

2024 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Нямдоржийн Анхбаярмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың 2024 жылғы күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, олар ағымдағы жылы жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады, екі елдің ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды, сыртқысаяси ведомстволардың түрлі бағыттардағы өзара ықпалдастығын, оның ішінде консулдық саладағы өзара тиімді әрекеттестікті одан әрі нығайтуға келісті.
Сонымен бірге, дипломаттар Қазақстан мен Моңғолияның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетудің көп жылдан бері қалыптасқан оң тәжірибесін жалғастыру қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда 28 маусымда парламент сайлауы өтеді

Published

on

2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді.

Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырды.

Демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы мақұлданды.

Қаулыға сәйкес, кезекті парламент сайлауы 2024 жылғы 28 маусымда өтеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті

Published

on

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті. Ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.

«Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетеді деген болжам соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – деді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисті Б.Энхжаргал.

Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен.

— Бұл үрдіс 2023 жылы да жалғасты деп есептесек, 22 қарашаға дейін Моңғолия халқының саны 3,5 миллион адамға жетуі керек еді. Бүгінде халық саны 3,5 миллионнан асты, – деді Энхжаргал.

1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті. 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

Continue Reading

Моңғолияда

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ

Published

on

Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі орган Моңғолияда пайда болды.

Парсы шығанағы елдерінің аккредиттеу орталығының Gulf Accreditation Center (GAC) бағалау тобы халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі Халал Сертф Аженси (Halal Certf Agency) компаниясында 2023 жылдың 25, 26, 27 қазанында жұмыстап, GSO 2055- 2:2021 “Сәйкестікті бағалау – 2 бөлім: Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша бастапқы аккредиттеу жұмысын жасады.

Халал – тұтас бір индус­трия.

Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағы­ты жақсы дамыған. Халал брендін кім көрін­ген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін ту­дыр­мау үшін халал өндірісі бақылауға алынған. Осы орайда ет экспортына қызығушылық танытып отырған Моңғолияда халал индустриясын зерттеп, халал өнімдерін қалыптастыру енді жолға қойылып келеді.

Бұл жүйе UNIDO Моңғолия – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы жүзеге асыратын Сәйкестікті бағалау органдарының әлеуетін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Халал бойынша аккредиттеу – Моңғолиядағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттарының бірі.

Аккредиттелген Халал сертификатының оң әсері соңғы тұтынушыға таралады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. 

Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарын Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға халал стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. 

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ.

www.halalcertf.com

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек8 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда