09 наурыз, KAZNEWS. Әлемнің бірқатар елдері халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Айрықша сыйлық беріп, нәзік жанды аруларға құрмет көрсетті. Түрлі тосынсыйлар жасап, мерейін асырды. Ал біз әйелдер жайлы ең қызықты деректермен бөліспекпіз.
1.Моңғолияда әйелдердің орташа ұзындығы 157.7 см.
Бұл сондай ұзын немесе қысқа көрсеткіш емес екен. Өйткені әлемде ең ұзын әйелдер Голландия, Монтенегро, Эстония қатарлы елдерде тұрады. Олардың ұзындығы 170 см. Ал, бойы ең қысқасы Гуатемалада әйелдері. Олардың орташа ұзындығы 149.38 см.
Моңғолиямен деңгейлес елдерді салыстырып көрсек
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының зерттеуімен танысу үшін басыңыз.
2.Моңғолияда әйелдердің үйлену жасы орташа есеппен – 26
2010 жылғы статистикада моңғолиядағы некеге тұрудың орташа жасы 24.2 болса 2017 жылы 24.5, соңғы үш жылда яғни 2018, 2019, 2020 жылы 26 жасқа дейін өскен.
Үйлену жасының ұлғаюы дамыған елдерде көптеп кездеседі. Мысалы Швецияда мен Испанияда әйелдердің үйлену жасы 33 ке жеткен.
3.Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 76 жас
Моңғолияда әйелдер ерлерге қарағанда 10 жас артық жасайды. Әйелдердің орташа жасы 2014 жылы 75.49 болса ерлердікі 65.91 болған. 2020 жылғы мәлімет бойынша елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасты құрайды.
4.Моңғолиядағы әйелдердің бет әлпеті қандай?
Глазго университетінің ғалымдары 2013 жылы қызықты зерттеу жасаған. Олар заманауи құрылғы пайдалана отырып дүниежүзіндегі адамдардың орташа бет әлпетін анықтаған.
Төменгі суреттен Моңғолиялық әйелдің бет әлпетін көруіңізге болады.
5.Әйелдердің саяси белсенділігі өсті
Моңғолияда әйелдердің саяси белсенділігі өскенімен 2016 жылғы Парламент сайлауындағы 30 пайыздық квотаны 2020 жылғы сайлауда 20 пайыз болдырғаны үлкен сынға ұшырады. 2020 жылғы Парламент сайлауында екі үлкен партиядан 33 әйел атын ұсынып, 13 әйел депутат атанған. Сондай-ақ, Үкімет мүшесі қызметін 4 әйел атқарып отыр.