25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан Премьер-министрі күніне бірнеше твит жариялайды.
Нарендра Моди
@narendramodi
Оқитындар саны: 81 миллион
Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди твиттердегі парақшасының соңғы жазбасында жаңадан сайланған Үндістан Президенті Дроупади Мурму Джидің ант қабылдағаннан кейін сөйлеген сөздерінен үзінді жариялаған.
Джо Байден
@POTUS
Оқитындар саны: 24,1 миллион
АҚШ президенті өзінің парақшасындағы соңғы жазбаларының бірінде 21 штатта жұмыссыздық деңгейі 3% немесе одан төмен көрсеткішке ие – бұл тарихта бірінші рет болып жатқанын жазған.
Режеп Ердоған
@RTErdogan
Оқитындар саны: 18,9 миллион
Түркия президенті де твиттер желісінің белсенді қолданушысы. Тұрақты түрде күніне бірнеше жазба салатын президент желі арқылы атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, жаңа бағдарламаларды таныстырады. Соңғы жазбасында Ибн Халдун университетінің бітіру рәсіміне қатысып құттықтау жолдаған бейнежазбасын жариялаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев
@TokayevKZ
Оқитындар саны: 305,4 мың
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та твиттер арқылы өз ойларымен тұрақты бөлісіп тұрады. Парақшасындағы жазбаларында атқарылған жұмыстар, келіссөздермен құттықтаулар жарияланады.
Ухнаагийн Хүрэлсүх
@UKhurelsukh
Оқитындар саны: 48,9 мың
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх твиттер желісінде аса белсенді емес. Парақшасындағы соңғы жазбасында Германияның экс концлері Ангела Меркельге алғыс білдірген. Сондай-ақ, Моңғолияның экс Президенті Цахиагийн Элбэгдоржның оқырманы 285,4 мың болса Халтмаагийн Баттулганың 307,1 мың оқырманы бар.