Connect with us

Дерек

Баян-Өлгий аймағы туралы 10 маңызды мәлімет

Published

on

12 желтоқсан, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі Баян-Өлгий аймағы туралы 10 маңызды мәліметті ұсынады.

1. Халық саны: Баян-Өлгий аймағының халық саны 108,5 мың адам. (2019 ж. ҰСК, 1212.mn)

2. Жер көлемі: 45,8 мың шаршы км.

3.Географиялық орналасуы: РФ-ның Алтай Республикасымен (225 км), ҚХР-ның ШҰАР-мен (450 км) , Моңғолияның Ховд аймағымен (450 км) және Увс аймағымен (165 км) шекараласады. Теңіз деңгейінен 1301-4374 метрде орналасқан. Өңірдің 95,3 пайызы теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте.

4. Бәсекеге қабілеттілік индексі: Баян-Өлгий аймағы бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Моңғолияда 13-ші орында. (2019 ж. Aimagindex.mn)

5. Туризм: Пандемияға байланысты шетелге саяхатқа баратындар саны азайып, соңғы екі жылда Баян-Өлгий аймағына келетін ішкі туристер саны артқан. 2020-2021 жыл Баян-Өлгий аймағы ішкі туризм үшін оң динамикалық көрсеткішке қол жеткізді. Өткен 2020 жылы 23 мың адам, биыл 22 мың адам басқа өңірлерден Баян-Өлгий аймағының әсем жерлерін көруге және халықтың салт дәстүрін тамашалауға келіп қайтқан. Бұл алдыңғы 2019 жылдан 10 мың адаммен артық. Олар аймақ экономикасына 6-8 миллиард төгрөг еңгізген. 

6. Бас қала: Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий. Халық саны 36 мың. Моңғолияның ірі қалаларының бірі.

7. Халықтың орналасу тығыздығы: Баян-Өлгий аймағында 1 шаршы км-ге 2,4 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш Моңғолияда 1 шаршы км-ге 2 адамнан, Қазақстанда 7 адамнан, Ресейде 9 адамнан, Түркияда 110 адамнан, Қытайда 153 адамнан, Сингапурде 8358 адамнан келеді.

8. Экономикалық көрсеткіштері: Баян-Өлгий аймағының ЖІӨ –і 409.838 млн төгрөг. /Бұл көрсеткіш батыс өңірде Завхан аймағы 420,558 млн, Увс аймағы 417,991 млн төгрөг. Ховд аймағы 393,802 млн./ Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 3,946 мың төгрөг. (2019 ж. ҰСК, 1212.mn)

9. Әкімшілік-аумақтық құрылымы: Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша 13 сұмын (аудан), 1 қалашықтан тұрады.

10. Ең биік мұнара: Баян-Өлгий аймағының радио станциясының антені Моңғолиядағы ең биік мұнара болып саналады. Биіктігі 350 метр.

Оқи отырыңыз:

ҰСК: Баян-Өлгий аймағының халық саны 2045 жылы 162 мыңға жетеді

Дерек

Онлайн қазақ тілі курстары басталады

Published

on

22 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдегі отандастарымызға арналған тегін онлайн қазақ тілі курстары басталады, – деп Отандастар қорының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Басталуы: 1 ақпан 2022 жыл
Форматы: онлайн

«Отандастар Қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) шетелде тұратын қазақтарға арналған қазақ тілін курстарын ұйымдастырады. Осылайша, ана тіліміздің шетелде кеңінен насихатталып, қазақ диаспорасы өкілдерінің туған тілімізді ұмыт қалдырмауына жағдай жасайды.

«ОНЛАЙН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ» жобасы Қоғам бастамасымен 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қоғам 2020 жылы 333 онлайн сабақ өткізсе, 2021 жылы 780 онлайн сабақ ұйымдастырды. Бүгінде курсқа жалпы 2554 отандасымыз тіркеліп, оның 1000-ға жуығы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды.
Қазақ тілі сабақтары – орыс, ағылшын, түрік, парсы тілдерінде оқытылады.


Курс ТЕГІН.
Деңгей: А1, А2, В1, В2

Курсқа тіркелу ақпан айына дейін жалғасады. Толық ақпаратты
( https://t.me/otandastar_qory ) онлайн қазақ тілі курсының Telegram арнасынан немесе +7 778 552 8116 (WhatsApp/Telegram) нөмірі арқылы білуге болады.

* Курсқа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, деңгейлік тестті тапсыру керек.

Қазақ тілін орыс тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSegJkglQ3GYs28YTACxIas1x56EWDGR1l47CwgYnpQW3CaqIg/viewform

Қазақ тілін ағылшын тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_FOzBxeGEf8t8feXORK0lXsThRBxEXffaSrWvTwufcs2J4w/viewform

Қазақ тілін түрік тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdCpatG_VqmFcWuyTDexGI9Np6vlMdBSEsVOI_GWPAwtvsRjA/viewform

Қазақ тілін парсы тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfSJtJCgyc2cuKISX-7o25Eey-9rdrR1nRpbNreAdJjAxYDtg/viewform

ҚОСЫМША:

Сонымен қатар биыл шетелде тұратын отандастарымызға арналған қазақ тілінен А1, А2 деңгейіндегі электронды əмбебап оқулықтары әзірленді.
Кітаптар орыс, ағылшын жəне түрік тілдеріне аударылу үстінде. Сондай-ақ, қазақ тілін үйренуге көмектесетін «Абай институты» (https://abai.institute/) порталы мен мобилді қосымшасы (https://play.google.com/store/apps/details?id=abai.institute) іске қосылды.

Continue Reading

Дерек

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерейтойы

Published

on

2021 жылы 25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерейтойы тойланған болатын. Салтанатты рәсімнің толық видео жазбасын ұсынамыз.

Continue Reading

Дерек

Барыс жылы қандай болған? 1902-2022 жылғы оқиғаларға шолу

Published

on

04 қаңтар, KAZNEWS. Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті аң болған. Қазақ халқының жорамалдарында Барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған.

Барыс жылы қиындық пен қуанышқа, ауыртпалық пен жақсылыққа толы жыл. Дегенмен, бұрындары тарихта барыс жылына қатысты елеулі оқиғалар болмаған. Сол себепті барыс жылын қазақтар жайсыз жыл деп санамайды.

Сонымен, барыс жылы аймағымыз үшін қандай жыл? Тарихи шегініс жасап, 1902-2022 жылдардағы барыс жылындағы оқиғаларға қысқаша шолу жасап көрелік.

1902 жылы

XIX ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында Цинь үкіметінің сыртқы саясаты біршама әлсіреуіне байланысты “Жаңа үкімет саясаты” бағдарламасын жариялады. Бұл моңғол халқына ауыртпалық туғызды. VIII Боғда Живзандамба, Цэрэнчимэд, Ханддорж, Чагдаржав қатарлы тұлғалар Цинь үкіметінің басымшылық саясатына қарсы шығып, ел бостандығы үшінгі күресі басталды.

Қоғам қайраткері Ноғай Шымшырұлы дүниеге келді.

1914 жылы

Хиагта қаласында Моңғол елі, Қытай мен Ресей Патшалығы арасындағы үш жақты келісім басталды.

Батыс моңғолияда ойран салған Жа лама ұсталып, Ресейге табыс етілді.

1926 жылы

1926 жылы өткен Халық өкілдері құрылтайына қазақ халқынан Ж.Адырбай, Ж.Нарын, С.Мүрсәлі, Жанымхан, Күшенбай, урианхай халқынан Ш.Тэвэгт қатарлы өкілдер қатысты.

Моңғолиядан 10 адам Меккеге қажылық сапарға аттанды.

Алғаш рет хошуун әкімін халық мәжілісінен сайлау жұмысы басталып, Шыбарайғыр хошууны әкіміне Т.Үмбет, Шеруші хошууны әкіміне М.Қойшы молда, орынбасарына Қ.Баймеш, хатшысына Т.Дәуітбай сайланған.

Қазіргі Алтанцөгц сұмын орталығында алғашқы бастауыш мектебі орнаған. 1931 жылы Өлгий қаласына орын ауыстырып, жалпы білім беретін №2 мектептің іргетасын қалаған.

1938 жылы

1938 жылдан өңірдегі әкімшілік бөлісін ру атымен емес жер-су атымен атауға шешім шықты. Қазақ, урианхай, дөрвөд халқы Хужирт, Цагаангол, Дэлүүн, Толбо, Улаанхус, Цагааннуур, Баяннуур, Сагсай т. б. жер-су атымен аталған әкімшілік бірліктерге бөлінді.

Саяси қуғын-сүргін нәубеті 1937-1938 жылдары өзінің шарықтаған шегіне жетті. Моңғолияда 37 мыңға жуық адам нәубетке ұшырады. Олардың 3 мыңға жуығы Баян-Өлгийліктер болған.

Саяси нәубетке ұшырағандардың мал мүлкін тәркіледі.

Маусым айында Мемлекеттік Кіші Құрыл басқармалары мен Министрлер кеңесінің біріккен отырысында Ховд аймағына қарасты қазақтардың мәселесін сөйлесіп, «Аз ұлт өкілдерінің өмір тіршілігі, саяси және қоғамдық белсенділігін жақсартуға байланысты іс-шаралар» туралы №50 -ші қаулы қабылданып, мемлекеттік комиссия орнатқан. Комиссия мүшесіне Қобда аймағы әкімінің орынбасары Б.Қаби, МКХ депутаты М.Тоқтамыс қатарлы өкілдер қатысқан. Қаулы бойынша қазақ, урианхай халқына 21460 шаршы жер беру, әкімшілік құрылымын өзгерту, жаңа сұмындарды сайлау арқылы құру, өнеркәсіп ашу, заңдарды қазақ тілінде насихаттау қатарлы тағы басқа шаруаларды атқаруды сол кездегі Премьер-министр А.Амарға тапсырған.

Көкмойнақта бастауыш мектеп құрылды.

Цагааннуур сұмыны (Ақкөл қалашығы) 1938 жылы Увс аймағы Бөхмөрөн сұмынының 1,2,3 және қазақтың Бақат сұмынының 4 -ші бағынан құралып Ховд аймағының қарамағында орнады.

1950 жылы

Қыркүйек айында аймақ орнауының 10 жылдық мерейтойы тойланды. Мерейтойға алғаш аймақ орнату ісін ұйымдастырған МХРП-ның Орталық комитетінің хатшысы Ч.Сүрэнжав қатарлы өкілдер келіп қатысты. Мерейтойда генерал М.Зайсанов алғаш рет ұшаққа ақсақалдар мен балаларды отырғызып, Өлгий қаласының аспанында өнерін көрсетумен қатар, тойшыл қауымға арнайы баспадан шыққан «Үнэн», «Өркендеу» газеттерін ауадан шашып, құттықтау жолдады.

«Мәдени төңкеріске» ауылдағы халықтың басым көпшілігі қатысты.

1950 жылының басында Моңғол елінің саяси, қоғамдық өмірінде бірқатар өзгерістер орын алды. Негізгі заң бойынша мемлекеттік құрылымның сайлау системасына өзгеріс еңгізілді. Бұл өзгерістер бойынша 1951 жылы Мемлекеттік Ұлы хурал сайлауы өтіп, Баян-Өлгий аймағынан 15 депутат сайланған.

Архив қағаздары крилл жазуымен жазылатын болды.

Бұл жылы аймақтық мерейтойда аймақтық піл дәрежелі палуан Ц.Чимэд-Очир жеңімпаз атанған.

Радио желісі құрылып, Улаанбаатар қаласының радио станциясы хабарын тыңдайтын мүмкіндік туды.

1950 жылғы барыс жылы аймақ басшысы қызметін Жеңісхан Дүзелбайұлы (1944.1-1950.12) атқарып тұрып, Құрманхан Мұқамедиұлы (1950.12-1952.8) билікке келген.

Мініс Әбілтайұлы Монғол Халық революциялық партиясы (МХРП) Орталық Комитетінің шешімімен мемлекеттік баспахананың қазақ бөліміне редактор, аударушы қызметіне тағайындалады.

1962 жылы

Бұл жылы аймақтық мерейтойда аймақтық арыстан дәрежелі палуан Е.Дағыс жеңімпаз атанған.

Министрлер кеңесінің №40 қаулысы бойынша Хотгор көмір шахтасын әкімшілік құрылымы бекітіліп, 1963 жылдан көмір шығару жұмысы басталды.

1962 жылы 25 желтоқсан күні Налайхан көмір шахтасының мастері Залел Нұғыманұлы мен Налайхан көмір шахтасының жұмысшысы Шанкей Дембебайұлы Моңғол Халық Республикасының «Еңбек батыры» атағын алған.

Аймақ орталығында спорт денешынықтыру ғимараты бой көтерді.

1962 жылғы барыс жылы аймақ басшысы қызметін Ырым Жуанғанұлы (1959.11-1970.6) атқарып тұрған.

1974 жылы

Ю.Цэдэнбал Моңғол Халық Республикасы Халық Ұлы Хуралы Президиумының Төрағасы яғни мемлекет басшысы қызметіне тағайындалды.

Өлгий қалалық Халық депутаттар құрылтайының атқару орыны құрылды.

Бұл жылы аймақтық мерейтойда аймақтық піл дәрежелі палуан Е.Қали жеңімпаз атанған.

1974 жылғы барыс жылы аймақ басшысы қызметін Сарай Асқанбайұлы (1970.6-1978.6) атқарып тұрған.

1986 жылы

Бұл жылы аймақтық мерейтойда аймақтық арыстан дәрежелі палуан Қ.Қажымұқан жеңімпаз атанған.

Халық Ұлы хурал депутатына бұл жылы М.Кәрімбек, Б.Құрметбек, Н.Сарбас, Қ.Қызырхан, Б.Дэжид, С.Цэцэг, К.Қабдеш, С.Цэдэнбал, А.Зардыхан, Н.Жамей, Т.Шәріпхан, С.Ғылымхан, Т.Намжим, Н.Бақат, Т.Дүйсенбай, Ц.Нарангэрэл, С.Кенжебай, Р.Дагвадорж қатарлы 18 азамат сайланған.

1986 жылғы барыс жылы аймақ басшысы қызметін Қызырхан Құсбекұлы (1978.6-1989.11) атқарып тұрған.

1998 жылы

Бұл жылы аймақтық мерейтойда мемлекеттік лашын дәрежелі палуан О.Бақыт (қазір мемлекеттік харцага) жеңімпаз атанған.

Моңғолия Президенті Н.Багабанди Қазақстан Республикасы, Кувейт және Түркия елдеріне ресми жұмыс сапарымен барды.

1998 жылы аймақ басшысы қызметін Мейрам Қадырұлы (1996.10-2000.8) атқарып тұрған.

2010 жылы

2010 жылы 11-13 қараша аралығында Астанада Моңғолияның Қазақстандағы мәдениет күндері өтті. Мәдениет күндері аясында фотокөрме, моңғол киносының көрсетілімі және өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылды.

Наурыздың Халықаралық мәртебесі айқындалды. 2010 жылы 19 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында «Әлем мәдениеті» атты күн тәртібінің 49 тармағы аясында «Халықаралық Наурыз күні» деп аталатын қарар қабылданды.

ЮНЕСКО ұйымы 2010 жылы қыран құспен аңшылық жасауды адамзаттың материалдық емес мұрасы тізіміне қосқан.

Парламент депутаты Тілейхан Әлмәлікұлының бастамасымен Музыкалы драма театрының ауласында Бүркіт бейнеленген “Бірлік кешені” ескерткіші орнатылды.

Қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлының ескерткіші орнатылды.

Моңғол елінің «Мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер» Самжид Риймэдке «Халық артисі» атағы берілді.

Бұл жылы аймақтың 70 жылдық мерейтойы тойланып өтті. Палуандар бәсекесінде қазіргі мемлекеттік чемпион дәрежелі палуан П.Бүрэнтөгс жеңімпаз атанған.

800 орындығы бар спорт кешені бой көтерді. 

Баян-Өлгий аймағының халық саны өсімінің ең жоғарғы төмендеуі 1991-1994, 2010 жылдары байқалған. 2010 жылғы халық санағында 89191 адам тіркелген.

2010 жылы аймақ басшысы қызметін Қабыл Сәкейұлы (2007-2012.12) атқарып тұрған.

2022 жылы ?

Continue Reading

Дерек

Ұлттық бостандық пен тәуелсіздіктің қалпына келгеніне 110 жыл толды

Published

on

28 желтоқсан, KAZNEWS. 1911 жылы 29 желтоқсанда 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол елі дербес Боғда (Моңғол) хандығын құрып, Боғда Живзундамбаны хан тағына отырғызады. Осылайша Моңғол халқы өз тәуелсіздігін жариялап, бес министрлікен тұратын үкімет құрып, Боғда хан үкіметінің  алғашқы Премьер-министріне Сайн ноён хан Намнансүрэн тағайындалды.

Боғда хан үкіметі барлық моңғолдарды біріктіретін Моңғол елін құруға ұмтылып, 1912 жылы басқа аймақтар секілді Цинь үкіметінің құрамында болып келген Қобда өлкесін азат етіп, Манж Цинь үкіметінің Қобда, Улиастай қалаларындағы өкілдігін қуып шықты.

1912 жылы шілденің 14 күні Шеруші руының Қылаң бастаған 11 билеушісі 400 отбасы атынан Боғда ханға ұсыныс хат жолдап, Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін білдірді.

1912 жылы қарашаның 23 күні Боғда ханның жарлығы шығып Қобда өңіріндегі қазақтар Моңғол елінің құрамына қабылданды.

Моңғол елі 1915 жылы Қытаймен Ресей патшалығының арасындағы Хиагта келісімі бойынша автономиялық статус беріліп, 1919 жылы Қытайдың әскери басқаруында болғанымен 1921 жылы Ұлттық революция жеңіп, өз тәуелсіздігін қайта жариялаған болатын.

29 желтоқсан ел тұрғындары үшін мерекелік демалыс күні болып есептеледі.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Онлайн қазақ тілі курстары басталады

22 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдегі отандастарымызға арналған тегін онлайн қазақ тілі курстары басталады, – деп Отандастар қорының Баспасөз қызметі хабарлайды. Басталуы:...

Дерек7 days ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерейтойы

2021 жылы 25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерейтойы тойланған болатын. Салтанатты рәсімнің толық видео жазбасын ұсынамыз.

Кітаптан үзінді...3 weeks ago

Опра Уинфри – “What I Know For Sure” жалғасы…

07 қаңтар, KAZNEWS. Американдық тележүргізуші, актриса, продюсер О́пра Гэйл Уи́нфри 1954 жылы 29 қаңтарда Миссисипи штатының Косиускода дүниеге келеді. Аты...

Дерек3 weeks ago

Барыс жылы қандай болған? 1902-2022 жылғы оқиғаларға шолу

04 қаңтар, KAZNEWS. Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті...

Дерек4 weeks ago

Ұлттық бостандық пен тәуелсіздіктің қалпына келгеніне 110 жыл толды

28 желтоқсан, KAZNEWS. 1911 жылы 29 желтоқсанда 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол елі дербес Боғда (Моңғол) хандығын...

Дерек4 weeks ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

26 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2021 жылдың үздік...

Дерек1 month ago

Millennium Challenge Account және Оюу толгой компаниясындағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар

Әкімшілік көмекші Компания: Millennium Challenge Account (Мянганы сорилтын сан) Мекен жайы: Улаанбаатар, Монгол Улс, Улаанбаатар хот, Сүхбаатар районы, “ЮНЕСКО” көшесі,...

Дерек1 month ago

Мемлекет және қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлы туралы деректі фильм жарық көрді

18 желтоқсан, KAZNEWS. Бүгін Баян-Өлгий аймағының жұртшылығы тарихшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлының 90 жылдық мерей тойына арналған...

Басты назарда