19 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх энергетика саласының 100 жылдық мерей тойына орай жарлық шығарып бірқатар азаматтарды мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медалдармен марапаттады.
Президент жарлығы бойынша Моңғолияның Энергетикалық реттеу комитетінің бұрыңғы төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлы “Сүхбаатар” орденімен марапатталды.
Тілейхан Әлмәлікұлы 1955 жылы Баян-Өлгий аймағында туылған. 1976 жылы Моңғолия Мемлекеттік Университетін Өндірістік жылумен қамтамасыз ету инженері мамандығы, 1989 жылы Экономикалық кешкі университет Өндірістік экономист бойынша тәмамдаған. Тілейхан Әлмәлікұлы Моңғолия парламентіне екі рет сайланған депутат.
2008-2012 жылдары Моңғолия Парламентінің Әлеуметтік саясат, білім, мәдениет, ғылым мәселелері бойынша тұрақты комитетінің бастығы болды. 1991 жылы Халық Революциялық 70 жылдық медалі, 1993 жылы Энергетика саласының озат қызметкері, 2001 жылы Халық Революциясының 80 жылдық медалі, 2005 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. 2014 жылы Моңғолияның “Өнеркәсіп саласына еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған.