15 қараша, KAZNEWS. Жәнібекұлы Тәпсір моңғолияда компанияларды басқаруға арналған веб-бағларламаны жасап шықты. Tapsir.com деп аталатын платформасы қәзіргі қоғамда сұранысқа ие құрылғылар қатарында тұр.
Бұл бағдарламаны Моңғолияда 500+ астам компания қолданып отыр. Tapsir.com-ның басты мақсаты қоғамға өз үлесін қоса отырып өзекті өзгеріс алып келу болып табылады.
Қол жетімді платформа арқылы компанияларды тиімді басқаруға болады.
Аталмыш платформаның негізін қалаушысы Жәнібекұлы Тәпсірдің айтуынша,”Бұл платформа жұмысшымен компания басшылығы арасын нығайтып отыруға, күнделікті жұмыс жоспарын бақылауға, ұйым қызметкерлерін бір ыңғай тізімдеуге, жұмыс жоспарын, жұмыс нәтижесін, жұмыс тиімділігін бағалауға, жалақыны есептеуге, адам ресурстарын басқаруға, компания активтерінің инвентаризациясы, сатып алу жазбалары, тұтынушы тіркеу, кіріс пен шығыс туралы ақпараттар, кәсіптік бағдар беру бағдармалары сияқты жүйелерді тиімді басқарып, компания басшылығына ықшамды етіп ұсынады”-дейді.
Бизнес әлемінде сұранысқа ие платформа өте қарапайым және түсінікті модульді, кез келген уақытта қол жетімді, оңай және икемді функциялы қолданысқа ынғайлы ерекшеліктерге ие.
IT саласымен бизнес әлемін ұштастырған Tapsir.com платформасы әлемдік денгейдегі платформалар қатарына кіреді дегенге сенімді.
22 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың бастамасымен 20 мамыр күні Өлгий қаласы “Ікей батыр” атындағы орталық алаңда көктемгі “Ұлттық кітап мерекесі” аталып өтті.
31-рет өткізілген кітап мерекесінде ең кішкентай оқырмандармен жасөспірімдерге ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны мен парад ұйымдастырылды.
Көрерменге кітап алмасу акциясы мен ең сирек кездесетін кітаптар көрмесі ұсынылып, кітапханаға жанашырлық танытып жүрген азаматтарға арнайы құрмет көрсетілді.
Казньюс ақпарат агенттігі кітап мерекесінде көрермендер назарын ерекше аударған 1 кітапты таныстырмақ.
Ол журналист Самат Насырұлының “Қазақша – моңғолша”, “Моңғолша – қазақша” сөздік кітабы. Аталмыш сөздік кітаптарының әрбіреуінде 20 мыңға жуық сөздік жинақталған.
Бұл кітапты “Абай” кітап дүкені мен аймақтық Байланыс бөлімшесіндегі Пошта дүкенінен алуыңызға болады.
9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа толды.
Азияның үздік палуаны атанып жүрген Айсулуу туралы 29 қызықты деректі ұсынамыз.
1. Айсулуу 1992 жылы 4 сәуірде Қырғыз Республикасының Майлуу-Суу қаласында туған. Балалық шағын Тендик қалашығында өткізген.
2. Үйдің 4-ші баласы. Екі әпкесі, бір ағасы және бір інісі бар.
4. Спортқа алғаш анасы әкелген. Айсулуудың отбасы күнде таңертең жүгіруді дәстүрге айналдырған.
5. Сегізінші сынып бітіргенше ол мектептегі баскетбол құрамасының капитаны болған.
6. Ал, тоғызыншы сыныпта каратэмен шұғылданған.
7. Оныншы сыныпта еркін күреспен шұғылдана бастаған. Сол жылы кәсіби деңгейде шұғылдану үшін Бішкекке келген.
8. Алғашқы мектебінде татами болмағандықтан жаттығуды матрастың үстінде жасап жүрген.
9. 2009 жылы Айсулуу Тыныбекова алғаш рет Қырғыз құрамасына шақырту алған. Ол сол жылғы ел чемпионатынан күміс жүлде алып қалады. Күрестен біржола кетіп, туған жеріне қатуды ойлаған. Бірақ бапкерлері жібермеген.
10. Айсулуу Тыныбекова еркін күрестен халықаралық дәрежелі спортшы. 2015 жылы алған.
11. 19 жасында 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысқан. Қырғыз елінен қыздар арасынан олимпиада ойындарына қатысқан алғашқы палуан атанды.
12. 2013 жылы Азияның жастар арасындағы чемпионатта қырғыз қыздары арасынан алғаш рет чемпион атанған.
13. Алғашқы олимпиада ойындарында 13-ші орын. Кейінгі Рио олимпиадасында бесінші орын иеленген. Үндістандық Сакши Маликадан қола медаль үшінгі бәсекеде ұтылып қалған.
14. Айсулууға 2010 жылдан бері Қырғыздың Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нурбек Изабеков бапкерлік етіп келеді.
15. 2019 жылы Нурсултан қаласында алғаш рет әлем чемпионы атанды.
16. 2021 жылы тамыздың 4 күні Токио олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
17. Қырғыз техникалық университетінде экономика факултетінде тәлім алған.
18. Қырғыздың ең көп табыс табатын спортшыларының бірі. Ай сайын мемлекеттен 60 мың сом стипендия алады. Азия ойындарында чемпион атанып “Данк” медаль, 1 млн 250 мың соммен сыйланған. 2016 жылы олимпиада ойындарындағы бесінші орыны үшін мемлекет 1 млн сом берген.
19. Айсулуу қырғыз қыздары арасынан шыққан алғашқы әлем чемпионы.
20. Қырғыздағы ең көп марапат алған спортшы. Күрестің барлық жарыстарынан медаль алған. Олимпиада, Әлем чемпионаты, Ислам елдері ойындары, Студенттер универсиадасы, Азия ойындары т.б
21. Америка продюссері Рейчел Сайн ол туралы Aisuluu: Against the Wind фильмін жасаған.
22. Әкесі Болот Тыныбековтың айтуынша Айсулуу есепке өте жақсы болған.
23. 2012 жылы Ұлттық құрамадағы досымен бірге жасөспірім баланы ұрып соққаны үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.
24. 2022 жылы сәуір айында Моңғолияда өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алған.
25. 2021 жылы Токио олимпиадасындағы жетістігі үшін Мемлекеттік Манас сыйлығын алған. Сондай-ақ, 10 млн сом, Toyota Rav 4 көлігі берілген.
26. 2019 жылы Чингиз Айтматов атындағы жылдың Үздік жас спортшысы номинациясын алған.
27. Парис олимпиадасынан кейін спорттық мәнсабын аяқтап, бапкер болуды қалайды.
28. Алты жасынан картоп егіп, жеті жасында мал баққан. Таңертең, кешкісін сиыр сауатын, жұмыскер қыз болған.
29. Олимпиада чемпионы болғанға дейін үйлену тойы болмайды деп мәлімдеген.
KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы. Ал, дипломатиялық паспорты бар азаматтар 35 елге визасыз бара алады.
Бұл туралы Моңғолияны Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің consul.mn сайтынан көруіңізге болады.
Henley & Partners компаниясы жариялаған жаңартылған паспорттар индексінде Моңғолия 81-ші орында яғни Африкада орналасқан Бенин, Руанда Республикасымен бірдей көрсеткішке ие болды. Бұл индексте 2021 жылы 87-ші, 2020 жылы 78-ші орында болған.
Зерттеулерге сәйкес, Индексте Жапония мен Сингапур көш бастап тұр. Бұл елдің азаматтары әлемнің 192 еліне визасыз бара алады. Екінші орында Германия мен Оңтүстік Корея тұр. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз барады. Үздік үштікте Финландия, Италия, Люксембург, Испания жайғасты. Бұл елдің азаматтары 189 елге визасыз бара алады.
Инвестициялар арқылы азаматтық алу бағдарламалары бар елдер жоғары орындарға ие. Мысалға, Мальта әлемнің 182 еліне визасыз баруға қол жеткізе отырып, индексте 7-ші орынды иеленіп тұр.
Ал, көршілес Ресей Федерациясы 49-шы орында 117 елге, Қытай Халық Республикасы 66-шы орында 79 елге, Қазақстан Республикасы 69-шы орында 75 елге визасыз қатынайды.
Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті. Бұл туралы «Ikon.mn» хабарлады.
Осылайша Моңғолия азаматтары Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады. Бұл жеңілдік тек Яньян (Yangyang) әуежайы арқылы келетін туристерге ғана беріледі.
Яньян Оңтүстік Кореяның солтүстік-шығысында орналасқан Ганвон облысы Яньян ауданындағы шағын әуежай болып саналады.
Ал, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге, оқуға немесе тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет екенін ескерген жөн.