Kaznews Agency – Баян-Өлгий аймағының 2020 жылғы сәуір айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпіні қандай?
Халық саны
2020 жылғы сәуір айындағы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халық саны 104631 адамға жеткен. Халықтың таза өсімі 0.1 пунктті құраған.
Жұмыссыздық деңгейі
Сұмын әкімшілігі мен аймақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тіркеулі жұмыссыз азаматтардың саны 2020 жылғы қаңтарда 719 болса, сәуір айында 1177 ге жеткен. Бұл өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 99 адаммен яғни 9.2 пайызбен өскен. Жұмыссыз азаматтардың 47.2 пайызын әйелдер, 49.8 пайызын 15-34 жас аралығындағы азаматтар иеленсе, олардың 23.2 пайызында жоғарғы білімі бар. Жаңадан 70 жұмыс орны пайда болғанының 17 өңдеу өндіріс саласына, 16 толайым және бөлшектеп сату саласына тиесілі.
Өнеркәсіп
2020 жылғы сәуір айында өнеркәсіп саласының кірісі 6767.4 млн төгрөг болғаны, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 25.8 пайызға, сату көлемі 27.1 пайызға азайған. Өсімнің азаюына төтенше жағдай орын алғанына байланысты кейбір өндірістердің тоқтап қалуы әсер еткен.
Банк, жинақ, кредит
Аймақтық Моңғол банк филиалының мәліметі бойынша сәуір айында несие көлемі 154.7 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айынмен салыстырғанда 12.2 пайызбен азайған. Мерзімі өткен несие 4.8 миллиардқа жетуі 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 71.6 пайызға, нашар несие 2.2 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 24 пайызға өскен.
Азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 107.1 миллиард төгрөгті құрап, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 7.3%-бен артылған.
Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлар
Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 2020 жылғы сәуірді 2019 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0.3% -бен, өткен наурыз айымен салыстырғанда 1.1% -бен түскен. Азық түлік өнімдері мен алкоголь емес сусындар 3,5%-дан, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне 3.9%-дан, киім және аяқкиімге 3.0%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға 2.4%-дан, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау қызметтеріне 2.6%-дан, қонақ үй, қоғамдық тамақтардыру қызметтеріне 26.5%-дан, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер саласына тарифтерге 6.2%-дан, білім беру қызметіне 18.6%-дан қосылған.
Баға өзгерістері апта сайынғы жинақталған мәліметтерге сүйеніп зерттеледі. Қой еті 2.3%-бен, 1-сорт 1.8%-бен, түбіттің бағасы 68.4%-бен, АИ80 бензин 12.9%-бен, АИ92 бензин 12.6%-бен, дизель отыны 2.4%-бен, престелген шөптің бағасы 37.5%-бен арзандап, сиырдың сүйекті етінің бағасы 11.3%-бен, ешкі еті 2.6%-бен, құмтәтті 11.2%-бен, күріш 6.7%-бен, сұйық сүттің бағасы 6.9 пайызбен өскен.