KAZNEWS – Сайлау комиссиясы маусымның 2 күні Парламент сайлауына түсетін кандидаттарды ресми жариялап, куәлік табыс етуімен сайлау алдындағы үгіт насихат науқаны басталды.
Сайлау алдындағы үгiт-насихат жұмыстары кандидаттарға мандат берілген күннен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
24 маусымда өтетін Моңғолияның кезекті Парламент сайлауына 15 партия, 4 коалиция түсетіні белгілі болған.
Баян-Өлгий аймағынан Парламент сайлауына түсуге 2 партия, 3 коалициядан 18 кандидат және 1 дербес кандидат тіркелген. Олар Парламенттегі 3 депутаттық мандатқа таласады.