16 желтоқсан, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх 15 желтоқсан күні сапармен Ресейге барды.
Мәскеудегі «Внуково-2» әуежайында Мемлекет басшысын Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрінің орынбасары И.В.Моргулов, Моңғолияның Ресейдегі Елшісі Ө.Энхтүвшин қатарлы ресми тұлғалар күтіп алды.
Президент Ухнаагийн Хүрэлсүх 16 желтоқсан күні Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.
Естеріңізге салсақ, биыл Моңғолия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым қатынасқа 100 жыл толып отыр.