1 шілде, KAZNEWS. Бас Полиция департаментінің бастамасымен «Бір жол – бір мәдениет» акциясын ел көлемінде бір уақытта бастады.
Аталмыш акция 30 маусымынан тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Полиция басқармасының хабарлауынша жол-көлік оқиғалары мен оқыс оқиғалардың салдарынан адам өмірі мен мүліктік залалдың алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың жаман әдеттерін өзгерту, оларды дұрыс әрекет етуге шақыру, жол мәдениетіне тәрбиелеу мақсатынта ел бойынша «БІР ЖОЛ – БІР МӘДЕНИЕТ» ықпал ету науқаны басталып отыр.
Бұл іс-шараға Баян-Өлгий аймағының Полиция басқармасы да қатысып, тұрғындарға «Бір жол – бір мәдениет» акциясын таныстырды.