Үндістандық Павит Рамачандран Азия даму банкінің Моңғолиядағы өкілдігінің директоры болып тағайындалды.
Азия даму банкінің (АДБ) Моңғолиядаңы өкілдігінің жаңа директоры Павит Рамачандран кеше өз міндетіне кірісіп, экономиканы әртараптандыруды жүзеге асырудағы Моңғолия Үкіметіне қолдауын одан әрі жалғастырады.
Павит Рамачандран Азия даму банкінде қызметін 2009 жылы бастады. Осы тағайындауға дейін ол өңірлік ынтымақтастық жөніндегі кеңесші, АҚШ-та менежменттік бағытта қызмет көрсететін компанияда климаттың өзгеруін төмендету стратегиясы және энергетика мәселелері жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.
“АДБ Моңғолия Үкіметімен 28 жыл астам уақыт бойы тығыз байланыс орнатқан. АДБ мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық қолдауды жалғастырумен қатар жендерлік, климаттық өзгерістер мен жеке шаруашылықтарға бағытталған қызметтерді арықарай кеңейтеді. Сонымен қатар, АДБ Моңғолияның инновациялар мен білімнің дамуына қолдау көрсетеді” – деді Рамачандран мырза.
АДБ-ның бас кеңсесі Манила қаласында орналасқан. Ал оның қызметі экономикалық және тұрақты экологиялық өсім, сондай-ақ өңірлік интеграция арқылы Азия-Тынық мұхиты аумағында кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған.
1966 жылы құрылған банкке 68 ел мүше. 2018 жылы АДБ көмегі, 21,6 млрд доллар болды.