Мақала
Оқыта отырып тәрбиелеу міндетіміз
Published
3 years agoon
Биыл әлемге тараған қатерлі індеттің іргесінде бір оқу жылын аяқтап, екінші оқу жылының орта тұсына келіп қалдық. Алғаш карантиндік шектеулер басталғанда оқу үдерісін ұйымдастыру саласында сансыз сұрақтар тұрды. Солардың бірі оқу үдерісімен қатар жүретін тәрбие саласын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтар еді. «Тәрбиесіз берген білім апатқа ұшыратады» – деп әл-Фараби бабамыз айтқан ұстанымды басшылыққа алған университет ұжымы індет ұшыққан қиын сәттерде де тәрбие жұмыстары оқу үдерісінің құрамдас бөлігі екендігін есте сақтап, үздіксіз жүргізіп келді. Шетелдік студенттерге қосымша өткізілген тәрбие шаралары олардың өздері оқып жатқан елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен жақынырақ танысуына жағдай жасайды және шетелдік тыңдаушылардың өзі оқып жатқан елдің күнделікті тіршілігіне бейімделуіне ықпалы етеді.
Университеттегі ЖОО дейінгі білім беру факультетінде тәрбиенің түрлі бағыттарына сай құрылған бірнеше клуб жұмыс істейді. Атап айтсақ, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Көңілді әндер» музыкалық клубы, «STEM» театр клубы, «Саяхат» тарихи-өлкентану клубы, «Парус» әдеби клубы, «Қазақша үйренейік» қазақ тілі клубы, «Денсаулық» спорт клубы, ал ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында аға оқытушы Ж. Әділханованың жетекшілігімен жас ақын-жазушылар өмірі мен шығармашылығын таныстыратын «Шамшырақ» клубы, аға оқытушылар Ө. Сандықбаева мен Н. Мәжиқызы жетекшілік ететін тарих бағытындағы «Жас тарихшылар» және «Мұражайтану» клубы, С. Әшірбекова, С. Нүсіпбекова, Г. Жұмәділ жетекшілік ететін «Атамұра» т.б. клубы жұмыс істейді. Клуб жетекшілері оқу жылы бойы тыңдаушылармен белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырады. Олар өз жұмыстарының нәтижесін, университетте ғана емес, қалалық, тіпті республикалық ЖОО аралық мерекелік іс-шараларға белсенді қатысу арқылы көрсетіп келеді. Клуб жұмыстарының белсенді еңбектерінің нәтижесі ретінде әр елден келген студенттер арасында жақын достық қатынастың орнауын атап өтуге болады.
Факультетте шетелдік студенттерге арналған «Өлке тарихы мен мәдениеті» танымдық орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі шетелдік студенттерді Қазақстанның көне және жаңа тарихымен, оның тарихи және мәдени ескерткіштерімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, сондай-ақ біздің елімізде тұратын өзге халықтардың мәдениетімен таныстыру болып табылады. Танымдық орталықтың қызметі тек жалпы білім беру ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мақсаттарға да ие. Ол өзі оқитын елдің халқына, тіліне, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыруға, толеранттылыққа тәрбиелеуге, әлемге оң көзқарас қалыптастыруға және т.б. ықпал етеді. Мұнда оқытушылар экскурсиялық жұмыстарға көп көңіл бөледі. Орталық аясында орталық мемлекеттік мұражайға, Алматы қаласының мұражайына, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылады, ұлттық музыкалық аспаптар музейінің, сондай-ақ М. Әуезовтің, Жамбылдың және т.б. мұражай-үйлеріне экскурсиялар жасау елімізбен танысу үшін өте тиімді тәсіл. Олар елтану материалдары негізінде тілдік құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар студенттерге эмоционалды әсер ете отырып, оқу материалын оқу мен игеруге қолайлы жағдай жасайды, тарих пен мәдениетке қатысты шынайы ескерткіштермен танысуға мүмкіндік береді. Орталықтың елтану жұмысының жаңа бағыттарының бірі мультимедиялық презентациялық материалдарды жасау болып табылады. Кафедра оқытушылары «Киіз үй – көшпелі қазақтардың дәстүрлі баспанасы», «Қазақ ұлттық костюмі», «Қазақ ұлттық тағамдары», «Қазақ спорт ойындары мен жарыстары», «Түркі дәуіріндегі мәдениет», «Түркістан: тарих және мәдениет ескерткіштері», «Қазақ халқының музыкалық мәдениеті», «Қазақстан: Мәдени мұра нысандары» және т.б. презентациялар дайындады. Мұндай инновациялық материалдар тек оқу үдерісіне ғана емес, тәрбие жұмысы бойынша іс-шараларды өткізу кезінде де белсенді қолданылады. Ұжымда құрылған «Саяхат» өлкетану клубының мақсаты шетелдік тыңдаушыларды Қазақстанның бірегей әрі өзіндік ерекшелікке бай табиғатымен, оның алуан түрлі ландшафттарымен, ұлттық парктермен және қорық аймақтарымен таныстыру, сондай-ақ көрнекі нысандарға, мұражайларға, мәдени ескерткіштерге танымдық мақсаттарымен бару. Ал, «Өлкетану» клубының міндеттері салауатты өмір салтын насихаттау, табиғатқа, мәдени игілікке ұқыпты қарауға дағдыландыру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қызығушылықтарын дамыту болып табылады. «Глобус» мәдениетаралық коммуникация клубы шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Клуб мүшелері ЖОО тыңдаушылары, жетекшісі А.С. Қазмағамбетова. «Глобус» клубының негізгі мақсаты шетел азаматтарын өздері оқитын елдің тарихымен, дәстүрлерімен, мәдениетімен, менталитетімен таныстыру, сондай-ақ қосымша лингвоелтану туралы білімдерін жетілдіру болып табылады. Шетелдік тыңдаушылар клуб сабақтарына қызығушылықпен қатысады, олар кездесулер, әңгімелесулер, дискуссиялар, конференциялар, экскурсиялар түрінде өткізіледі. «Тіл мен таным» мәдениетаралық қарым-қатынас клубы тіл үйренушіге ұлттық мәдениеттің бояуын түсіндіру, ұлттық мінездің қырларын ашу, қазақ елінің салт-дәстүрі, наным-сенімдері, тарихы, өнері яғни «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін бере отырып, мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсуін қамтамасыз ету. «Пойдём в кино!» клубы 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Клуб мүшелерінің арасында әлемнің 40 елінен студенттер болды: Корея, Қытай, Түркия, Америка, Испания және т.б. «Пойдём в кино!» клубы жұмысының негізгі мақсаты қазақ және орыс тілдеріндегі мультипликация және қысқаметражды фильмдермен таныстыру арқылы шетелдік студенттерге тілдік және аялық білімді қалыптастыруға көмектесу болып табылады. Бейнематериалдарды қарау мен талқылаудың арқасында студенттер тіл білімін жақсартып қана қоймай, қазақ және орыс халықтарының мәдениетін, дәстүрлері мен тарихын, Қазақстан тарихын жақсы түсіне бастайды. Бейнематериалды көрмес бұрын студенттерге оның монтаждық жазбалары ұсынылады, күрделі тілдік және сөйлеу сәттері түсіндіріледі. Бейнематериалды көргеннен кейін студенттердің басқа студенттермен және клуб жетекшісімен сөйлесуге және де көргендерін талқылауға мүмкіндігі болады. «Денсаулық» клубы өткен 2010-2011 оқу жылында шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде құрылған. Клуб жетекшісі аға оқытушы Г.Ә. Машинбаева. Клубтың мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Спорт клубы факультетте көп жылдардан бері бадминтон,баскетбол, футбол, шахмат сияқты спорттық ойындар түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Өткізілген шаралар қорытындысы бойынша жеңімпаздар әрқашан марапатталып отырды. Спорт клубының тағы бір бағыты шетелдіктер арасында қазақ халқының ұлттық спорттық ойындарын насихаттау болып табылады. Шетелдік тыңдаушылар оқу жылы бойы қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тарту», «Орамал тастамақ», «Тоғызқұмалақ» сияқты ойын шарттарымен танысып, оларды ойнап үйреніп келеді. Соңғы жылдары клуб факультет деканының кубогына футболдан бірнеше мәрте факультетаралық жарыс ұйымдастырды.
Бүгінгі күні университет қабырғасында ұстаздық қызмет атқаратын факультеттің әрбір оқытушысы Қазақстан Республикасы туралы оң имидж қалыптастыру өз жұмысының нәтижесіне байланысты екендігін анық түсінеді. Елбасы Н. Назарбаев егемендік жылдары толеранттылық, ашықтық, дәстүрлерді сақтай отырып еліміздің ішкі және сыртқы саясатына сенімді нығайту керек екендігі туралы үнемі қайталап айтып келеді. Шетелдік азаматтар университет қабырғасында оқып жүріп, бұл қағидалардың біздің елімізде сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқандығына көз жеткізе алады. Кейін түлектеріміз факультетпен жақын достасып, оқытушылармен байланыстарын үзбей, университетте оқыған жылдарын ыстық ықыласпен еске алады десек асыра айтқанымыз емес. Бұл да факультеттегі клуб жұмыстарының еңбектерінің нәтижесі. Факультеттегі клуб жұмыстары болашақта қатарлары толысып, өз жұмыстарын жалғастыра берсін деп тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары
Г.Ә. Машинбаева, С.Р. Нұртілеуова, М.П. Ешимов
Казньюс агенттігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген көлемді сұхбатында былтыр атқарылған істер мен алдағы жоспарлар жайлы айтқан. Зорлық зомбылық жасағандарға жазаның күшейетінін мәлімдеп, атом электр станциясын салу мәселесіне кезекті рет тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып және бұл жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болғанын айтқан. Былтыр Конституциялық сот жұмысын бастады. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын жаңа ереже бойынша сайлап, аудан қала әкімдерін таңдадық. Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлінетін болды. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары мықтап қолға алынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табатынын айтылды. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол¬дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ¬дайында жұмыс істейтін азамат¬тар үшін арнайы төлемақы енгі¬зіл¬ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме¬ке-мелердің қызметкерлеріне олар¬дың өмірі мен денсаулығына төне¬тін қауіп-қатерге қатысты үстеме¬ақы төленетін болды. Медицина қыз¬мет¬керлерінің, мектепте, колледж¬де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданғаны айтылды.
Бұл жұмыстардың бәрі халық мүддесі үшін жасалып жатқанын және
осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасын табатыны айтылды. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ екеніне аса мән берілген.
Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенеміз, уақытылы қабылданған мақсат екені сөзсіз.
Ең бастысы, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
https://farabi.university
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
М.Ш. Тойғанбекова, Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова
Мақала
Ұлттың ұлы жиынына айналған Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайы (1992ж. -2017жж.)
Published
11 months agoon
January 9, 2024Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан тұңғыш құрылтайдың шақырылған кезінен бесінші құрылтайдың арасын уақыт өлшемімен cанасақ 25 жылдың жүзі болады екен. Төрткүл дүниеге тараған қандастарымыздың бірінші құрылтайға жиналған кезінде олардың кіндік қаны тамған атамекені жайлы, ата-баба жеріне оралу туралы қуаныш пен күдікке толы ойларымен, V-ші құрылтайдағы өзгерістерді салыстырып көрсек, өткен 25 жыл уақыт – бірнеше ғасырлық уақытқа тұратындай өзгерістерге ұйтқы болған мерзім екенін байқауға болады.
Бірінші әлем қазақтарының құрылтайы ерекше жағдайда тәуелсіздік туын желбірегеніне бір-ақ жыл толып, жас мемлекетіміз тұсауын кескен сәби тәрізді аяғынан тәй-тәй басқан уақытта шақырылды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт үшін жасалған игі істердің бірі әлемге шашыраған қазақтың басын Атамекенде қосты. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 27 тамыз 1992 жылғы № 709 қаулысымен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына дайындық жүргізу мен оны өткізу туралы нақты жұмыстар қолға алынды.
Әлем қазақтарының бірінші құрылтайын өткізу мақсатында жасақталған ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болып сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков, Төрағаның орынбасары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қалдарбек Найманбаев және тағы бір төрағаның орынбасары Алтынбек Сәрсенбаев болды. Ұйымдастыру комитеті әлемнің отыздан астам елінде тұратын отандастарымызға хат жолдап, ата-баба үрдісімен күллі дүниедегі қазақтардың басын біріктірген тұңғыш құрылтайға шақырды. Алматы қаласында 1992 жылы (28 қыркүйек – 3 қазан) өткен Құрылтайға Түркия, Германия, Швеция, Норвегия, Франция, Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан тағы басқа алыс және таяу шет мемлекеттерден яғни, 33 елден, сонымен қатар 800-дей Қазақстан облыстарынан келген өкілдер қатысты.
Тұңғыш құрылтай шетелдегі сан миллион қазақтардың атажұртқа деген ынта-ықыласын барынша арттыра түсті. Құрылтайда әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың бас қосуы, қазақ елінің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізуінің айқын көрінісі болды.
Кеңестік кезеңде тарихи отанынан тыс жерде жүрген бауырларымыздың басын қосып, ұлттық мүдде, елдік бірлік төңірегінде табысу-үлкен арман болғаны баршамызға аян. Әлемдегі күллі қазақтың басын біріктіріп, өткізген осындай жиын біздің елімізде бұрын-соңды болмады. Қазақтар көз жазып қалған ағайындарымен қауышты, ағасы-інісін, інісі-ағасын тауып, көкейдегі армандарын айтты. Құрылтайға алыс-жақын шетелдегі қазақ диаспорасына байланысты көптеген өзекті мәселелер қаралды. Шетелдегі ағайындарға мәдени-рухани жағынан қолдау көрсетудің бағыт-бағдары мен міндеттері айқындалды.
«Қазақтар:кеше, бүгін және ертең» атты тақырыпта өткен құрылтайдың ғылыми конференциясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру және оның жарғысын және басшы органдарын сайлау мәселелері талқыланды.Құрылтайдың соңғы күні Алматы облысының Дегерес жайлауындағы ұлы дүбір тоймен тарады. Бұл құбылыс Тәуелсіздік тарихына ұлт ұйысқан ұлы сәт және елдіктің ең алғашқы тойы болып жазылды.Барлық шеттегі қандастарымыз осындай жиын соңғы болып қалмай, жалғасын тауып, елге келетін қандастарымыздың ұлы көшіне жол салса деген тілектерін білдірді. Атажұртта шақырылған алғашқы құрылтайға келген қандастарымыз өздерінің көкейінде жүрген қуаныштарымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Алғаш шақырылған құрылтайда қазақ ұлтының өзекті мәселелерімен айналысатын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды.
Ал 2002 жылдың 23-24 қазанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы Түркістан қаласында өтті. Құрылтайға əлемнің 33 елінен 470 адам келді. Екінші Құрылтай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің он жылдығымен қатар келгендіктен жында еліміздің қол жеткен табыстары қамтылды. Құрылтайда жалпы қазақ халқының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, оқу-білім саласындағы өсіп-өркендеуі жөніндегі маңызды мәселелер қозғалды. Құрылтай əлем қазақтарының алдында тұрған міндеттердің аса күрделі екенін айрықша сезіне отырып, қандастарымыз өмір сүріп жатқан сырт елдермен өркениетті келісімдер негізінде қазақ ұлтымыздың қалыптасу жолын жалғастыра беру, бауырластарымыздың ұлттық-мəдени тұрғыдан жан-жақты дамуына күнделікті қолдау жасау мәселелері қарастырды.
Қазақ елі тарихындағы Алматыдан кейінгі жаңа елордамыз – Астана қаласы, республикамыздың ортасында бой көтеруі ынтымақ-бірлігімізді арттырып, ұлттық рухымызды асқақтаты. Жаңа Елордада 2005 жылы 28-қыркүйек пен 2-қазан айларының аралығында өткен әлем қазақтарының үшінші Құрылтайында əлемнің 32 елінен 312 қандастарымыз келді. Үшінші құрылтайдың ерекшелігі іскерлік бағытта өткізілді. Құрылтайда: мәдениет, оқу-білім, бұқаралық ақпарат құралдары және көші-қон мәселелерін қарастырған төрт секциялық мәжілістер өткізіліп, шетелдегі қазақтармен байланыс жасаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ал 2011 жылы 25-27 мамырда Астанада өткен төртінші Құрылтайға 35 шет елден 380 делегат, Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам адам қатысты. ІV құрылтайдың делегаттарының 60%-ы жастар болды. Құрылтайда қаралған өзекті мәселелерге қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындау, көші – қон туралы заң жобасының қайта қаралуы, «Нұрлы көш» бағдарламасының 2-ші кезеңінің жобасын жоспарлап қолға алу және т.б. мәселелер қаралды.
2017 жылдың маусымның 22-25 күндері Астанада өткен әлем қазақтарының V- ші Құрылтайына 39 шетелдерден 350 адам, барлығы 750 делегат пен қонақ қатысты. Құрылтайда шетел қазақтарының Қазақстанмен байланыс жасаудың өзекті мәселелері негізінде әртүрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелде талқыланды. Дөңгелек үстелде: шетелдегі ағайындармен мәдени-рухани байланыс, көші-қон, шетелдегі қазақ жастарының елімізде білім алуы, бизнес, кәсіпкерлік және тағы басқа мәселелер қаралды. Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсету және шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай туғызуды басты назарға алу мәселесі қойылды.
Атамекенде шақырылған Дүниежүзі қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін орны ерекше, өйткені еліміз қазақсыз көркейіп, болашақта қадымдап қадам жасай алмайды. Қазақ елінде шақырылған әрбір Құрылтайлардың тарихи маңызы ерекше болып табылады.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шетелдердегі қандастарымыздың кездесуі мен араласуының аса зор тетігіне айналып отыр. Азаттықтың елең-алаңындағы күрделі кезеңіне қарамастан республикамызда шақырылған алғашқы құрылтай шетелдердегі қандастарымыздың республика аумағына өз еркімен көшіп келуіне үлкен себепші болды. Ат қазығын байлар атамекенге тәуелсіздіктің алғашқы үш онжылдығында ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Шетелдегі этникалық қазақтардың атамекенге оралуы Қазақ елінде негізгі ұлт санының артуына ықпал етті. Олардың үлес салмағы өсті, яғни бүгінгі күні халықтың мәдени сабақтастығын қалпына келуіне, туған тілдің, дәстүрдің, салттың, халықтық өнердің молаюына, мемлекеттік тілдің әсіресе, солтүстік-шығыс өңірлерде таралуына септігі мол болды. Қандастарымыздың атамекенге оралуы республиканың демографиялық жағдайын ғана жақсартып қоймай сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді.
Бүгінде әлемнің қырыққа жуық шет елдерінде тұратын қазақ диаспорасының өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешуде көптеген іс – шаралар атқарылуда.Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай жасалуда.
1992 жылы шақырылған Ұлттың ұлы жиынына айналған тұңғыш Құрылтадан кейінгі 25 жылда әлем қазақтарының басын қосқан бес Құрылтайы өтті. Атамекенде шақырылған әр құрылтайдың қазақ халқы үшін орны ерекше. Өйткені Қазақ елі қазақсыз көркейе алмайды, келешекке қарыштап қадам жасай алмайды. Міне, сондықтан Қазақ елінде шақырылған құрылтайлардың жөні де, мәні де ерекше.
Бірінші құрылтай ата- бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жетіп, «Тәуелсіз мемлекет» атануы арқылы этникалық қазақ көшіне жол ашты. Қазақ елінің дүниежүзілік қауымдастықта өзіндік орны мен айтар сөзі бар, әлемдік саясатта өзгелер санасатын салмағы, бүкіл адамзаттың бірлігі мен бейбітшілігі үшін алға қойған асқақ арманы бар ел ретінде мойындалып, Мәңгілік Ел болудың берік іргетасын қалады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа бетін ашқан Қазақ елінде шақырылған Ұлттың ұлы жиынына арналған әлем қазақтарының бес Құрылтайының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор. Өйткені еліміз қазақ ұлтымен көркейіп, болашаққа нық қадам жасай алады. Ұлттың ұлы жиынына айналған бұл құрылтайлар – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас жасаған ұлт ретінде нық қадам басқанның белгісі болды.
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің
Профессорлары https://farabi.university
Гүлнар Қозғамбаева, Нәзия Тасилова,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға
оқытушылары Меруерт Ибрагимова, Сандуғаш Нұртілеуова
Cурет: Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына жиналған делегаттар.
(Г. Қозғамбаева. Н. Тасилованың «Қазақ әдебиеті» газетінен алынды.
https://kazgazeta.kz/news/60984 )
Бүгін 25.12.2023 жылы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, колледжінде күзгі сессия басталды. ПОК- 207 тобының білім алушылары философия пәнінен емтихан тапсырды. Білім алушылар емтиханға үлкен дайындықпен келген. Олар пәнді меңгеру кезінде, философияның мақсаты- адамның күнделікті түсініктерден дүние жайлы, ақиқат білімдерге бастап, ең жоғарғы құндылықтарға жету жолын көрсету, табиғат құбылыстарының барлық нақты мазмұнын танып білу, қоғамдық құбылыстардың нақты-тарихи маңызын түсіндірудің не екенін және “Философияны оқу бізге не береді?” деген сұраққа жауап таба білді. И. Канттың өз сөзінде: “адамға адам болып қалу!”- деген болатын. Қандай жағдайда болмасын философия адамға адам болып өмір сүруді үйретеді.
Білім алушылар емтиханнан сүрінбей өтті.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Әсембаева Алтын Шакержанқызы,
Физика пәнінің оқытушысы
Мадиярова Чинтай Атыканқызы,
Тарих пәнінің оқытушысы
Аппақова Мадина Несіпбекқызы,
Философия пәнінің оқытушысы
Жумаева Жазира Халметқызы
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау мақсатында өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Кәсіби бағдарға сәйкес мамандық таңдау барысында әл – Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, колледжіне келіп оқып жатқан 1- курс білім алушыларымыз алғашқы оқу жылының жартысын тәмамдап, қысқы сессияны да тапсыратын кезге жетіп қалды. Биылғы оқу жылында колледжде білім гранттарын жеңіп алған білім алушыларымыздың аяқ алысы да қуантарлық. Олар колледжде білім алумен бірге өнерлерін де ұштап жатқан жайы бар. Атап айтсақ бағдарламашы тобында оқитын Абылхан Әлихан домбыраның құлағында ойнаса, құқықтану бөлімінде оқитын Ислам Әнелдің сызылтып ән салатын өнері бар екен. Ал аудармашы тобының білім алушысы Естай ұлы Ерсұлтан концертті жүргізіп қана қоймай, мәнерлеп оқудың шебері екеніне көзіміз жетті. Негізгі айтатын ой білім алушылардың кәсіби білім алуға бейімделуі дегеніміз оларды мамандыққа жаңа жағдайда бейімдеу. Жастардың колледжге келгендегі алғашқы әсерлері, олардың негізгі мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және өзі таңдап келген мамандығына қызығушылығын арттыру үшін білім беретін оқытушылар құрамы да талапқа сай. Қорыта айтқанда біздің колледжде білім алған жастардың келешекте жақсы маман болып шығатынына сенім мол.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Әсембаева Алтын Шакержанқызы,
Физика пәнінің оқытушысы
Мадиярова Чинтай Атыканқызы,
Философия пәнінің оқытушысы
Жумаева Жазира Халметқызы
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...