Connect with us

Моңғолияда

Мүпти Қабылұлы – БАТЫС ӨЛКЕНІҢ ЖАСАМПАЗЫ

Published

on

Жиырма төрт жасар инженер Мүпти Қабылұлы алғаш Баян-Өлгий аймағының Құрылыс тресіне жұмысқа орналасқанда бұл ұжымда 1650 жұмысшы бар еді. Қоғам ауысып жатқан дүрбелең шақта олар жұмыссыз сергелдеңге салынып, біразы еңбек шартымен Қазақстанға кетіп, қалғандары сауда қуып жан сақтап, ақыры жалғыз жылдың ішінде 50-дей ғана адам қалды. Өмірдің қатаң шындығы оны бала кезінен армандаған кәсібін жалғастыру мен күнкөріс жолын қуудың қайсы бірін таңдауға мәжбүрледі. Жағдайды жақсылап саралап баққан ол «адам барда оған баспана қашан да керек. Қоғам орнына келер, орнына келтіруге ат салысайын» деген шешімге келіп, 1996 жылы «Көшелік» компаниясын құрады.

ІЗДЕГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Құрылыс экономисті мамандығын игеріп, еңбек жолын Улаанбаатар қаласында бастаған Х.Мүпти инженер туған жері Баян-Өлгий аймағының 4-құрылыс тресіне келіп жұмыстай бастады. Сол кездегі күллі Моңғолия қоғамын дүр сілкіндірген өзгерістер құрылыс саласын да шарпыды. Қызметтестерінің қатары сиреп, азайып бара жатқанына өкінгенмен қолдан келер қайла жоқ. Ол ең әуелі құрылысшылардың әл-ауқатын көтеру, дені дене күшін қажет ететін алаң жұмыстарын жаңаша ұйымдастырып, басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастырып, өзі жеке компания құруға белді бекем буды.

Осылайша «Көшелік» компаниясы Баян-Өлгий аймағы тарихында аз уақыт ішінде құрылыс саласын түбегейлі жаңғыртты. Өлгий қаласындағы салынып бітпеген Кеден ғимаратын салуға қаладан әскерлер келе бастағанда Балжинням деген адам Х.Мүптиге «құрылыс лицензиясын» алуға кеңес берген екен. Сол кеңес бойынша ол 350 000 төгрөгтің лицензиясын орайластыру үшін Улаанбаатарға аттанды. Сол кезде Құрылыс министрлігінде жұмыстап жүрген, қазіргі Моңғолия Ұлттық Құрылыс Ассоциациясының атқарушы директоры Г.Оюун оның бұл қылығына таң қалып, «осынша ақшамен одан да сауда істегенің пайдалы ғой» деп ақылын айтқан.

Ешқандай кепіл қаражаты болмаса да жас инженер әріптестерін ұйымдастыра алатынына сеніп, 1999 жылы алғашқы тендерге қатысты. Баян-Өлгий аймақтық 921 балалық мектеп құрылысының ғимаратының жобасын жасап, бәсекеге түскенімен, әуелде баға ұсынысы, жұмыс көрсеткіштері және жұмыс кестесі бойынша қабыл алынғанымен техникалық шарттары қанағатсыз деген себеппен қабылданбай қалыпты. Дегенмен бағына орай министрліктегілер «Келешектегі жұмыс бағыттарың мен құрылыс салу жобаңды таныстырып көр» депті. Дәл сол кезде Баян-Өлгийде жұмыссыз қалған 250 таңдаулы инженердің кейбіреулерінің арыз, дипломдарын сөмкесінен шығарып көрсеткен екен. Ол инженерлердің жұмыстан шығарда өз-өз иелігіндегі техникаларын жекешелендіріп алғаны туралы мәліметтерді де көрсетіпті. Міне, осылайша орынбасары екеуі арасында бір мотоцикль, екі күрекпен жұмысын бастаған «Көшелік» компаниясы сол жолғы тендер жұмысын дәл уақытында аяқтап, өткізіп бергеннен бергі өткен аз уақыт ішінде ешқандай грант, несие алмай-ақ өз қаржысымен жұмыстап, құрылыс саласындағы іс-әрекетін табысты жалғастырып келеді.

БАСТЫ ШАРТ – КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

Х.Мүпти мырза еңбек жолын бастағаннан бері кәсіби білікті болу шарттарын қатаң ұстанып келеді. Алғашқы тендерді жеті-ақ адам құрамында жүзеге асырғанымен олардың барлығы өз саласында оннан артық жыл жұмыстаған, әрбіреуі бестен артық құрылыс салып үлгірген іскерлер еді.

«Пайда бизнестің ең бірінші мақсаты емес. Ең бастысы – Баян-Өлгийлік құрылысшылар Моңғолия көлемінде танылуға тиіс. Жиырма жыл қайнап тұрған құрылыс саласы жалғыз жылда күйрегенін көрген кездегі өкінішім де менің мақсатымның асқақ болуына әсер еткен шығар. Егер сол кездегі қуаты қалпында, адамдары орнында, жұмысы жалғаса берген болса тек батыс өңір емес, ел көлеміне атағы жайылған ірі құрылыс корпорациясына айналдыру мүмкіндігі толық еді», – дейді Х.Мүпти мырза салмақты мінезімен.

Ол кісінің терең ойы мен байсалдылығы оны тек отбасында ғана емес, аймағы мен ел-жерінде де зор бедел, үлкен атақ-абыройға кенелткенін көргенде мақтан тұтпасқа шара жоқ. Ол басқаратын «Көшелік» компаниясы орнағаннан бері 250 құрылыс маманын тәрбиелеп өсірді. Баян-Өлгий аймағының құрылыс-монтаж, даяшылық шаруаларының барлығы осы 250 адамның мойнында. Бұл компания өз жұмысшыларын Кәсіптік оқыту, өндіріс орталығы түлектерінен жасақтаумен бірге жылына 1 миллиард төгрөгтің кірісін тауып, қазынаға 130 миллион-дай төгрөгтің салығын төлеп, Моңғол елі көлемінде таңдаулы компания атағына да ие болған. Сондай-ақ компания жылына 50-70 адамды әлеуметтік қамсыздандыруға қамтып, жылына 200-300 ге жуық адамды тұрақты жұмыстатып, еңбекақы беріп отыр.

БІР МӘРЕДЕН БАСТА, ЫНТАЛЫСЫ ОЗСЫН

«Бизнесмен адамның ең бастапқы мақсаты сол жұмысты атқаруға деген сенімі болып табылады», – дейді Х.Мүпти мырза. Ол әлемдік миллиардерлердің өз қолымен жазған өмірбаяндары мен солар туралы кітаптарды көп оқиды және ол туралы өз пікірін:

«Басқаның қолдауынсыз табысқа жеткен ешкім жоқ. Миллиардерлердің бәрі де басқаларға сеніп, сенімін ақтап қана табысқа жеткен»,-деп білдірді.

Моңғолияның өкіметін екінің бірі кінәлап жатса да Х.Мүптидің ол туралы ойы да мүлдем өзгеше. «Адамдар барлығын өкіметтен көреді,- дейді ол,- Алайда біз шетелге шығып бизнеспен айналысуға да мүмкіндігі мол қоғамда тіршілік етіп отырмыз. Шын мәнінде біздегі алым-салық та сондай ауытпалық түсірмейді. Бастысы, заң бұзғандар ғана алым-салық мәселесіне байланысады. Әркім жақсы тырысатын болса біздегі жағдай қолайсыз емес». Қазір барлығын бір үлгіде жасаудан бас тартқан заман. Ол өміріне де, шаруасына да өкіметтен жариялаған «Бір мәреден баста, ынталысы озсын» деген бәсекедей көретінін айтады.

Азаматтары қуатты болса ғана өкімет қуаты болатынына сенетін Х.Мүпти мырза Қытайдың шекарасын асқанда алым-салық төлеп, өз елінің шекарасына кіргенде салықтан қашқақтайтындардың ұстанымын қолдамайды. Ол адамның шын ниеті мен адалдығы ғана қуатты азаматты туғызатынын алға тартады.

САРА БАҒЫТ

Мақсаты биік адам кез келген тосын жайды да алдын-ала есепке алып, үнемі оған дайын болары хақ. Х.Мүпти мырза елді мекендерді қазірден бастап жан-жақты жоспарлап, түтінсіз, қоқыссыз, адам денсаулығына жайлы үйлерді көптеп салудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Орташа күнкөрісті азаматтарды молайту, яғни барлығы сапалы үйде тіршілік ететін заманды армандайтын ол бұл мәселені шешудің нақты жолдарын да ұсынады. Ол Үкімет тарапынан жүзеге асырылып жатқан саясаттың да кемшіліктерін тілге тиек етіп, тек қана мемлекеттік қызметкермен шектелмей шағын кәсіпкерлерді де ипотека несиесіне қамтып, пәтер үйлі болғызудың маңызын атап көрсетті. Бизнесмендердің өкіметтен өтінері – коммерциялық банкілердің іс-қызметін ашық қылып, несие шарттарын жеңілдету керек.

«Нарықтың өзі несиеге сүйенген қоғам болып табылады. Сондықтан неғұрлым көп адамды әлеуметтік қамсыздандыруға қамтығанша, мүмкіндігінше несие өсімін азайтып, салықты тұрақты алған жөн. Мысалы, біз бір миллиард төгрөг кірісінен 130 миллион төгрөгтің салығын төлейміз, ал ұсақ саудагерлер 2 миллиард төгрөг кірісінен патент төлемі деп 120 000 төгрөг қана төлейді. Осы жағдайды бір ыңғайына келтіріп, салық жүйесін сауықтырған жөн», – дейді ол.

Баян-Өлгий аймағы орталығында 6 қабат алғашқы жартылай әйнек конструкциялы ғимарат салынған екен. Оны салған – Х.Мүпти мырза басқаратын «Көшелік» компаниясы. Кең алқапта емес, бар-жоғы 10х12 шаршы метр алаңды қалай тиімді пайдаланудың үлгісі болған кәсіби жоғары деңгейдегі туынды болыпты. Біркелкі әрі көрнекті болғызу үшін жалғыз айдың ішінде салынған. Басқаға да үлгі болған, қаржыландырушылардың да ынтасын тартар, көп мақсатты алдына қойып жасалған үлкен бір жасампаз іс болғаны көрініп тұр.

Аймақтағы құрылыс-монтаж, даяшылықтың 80 пайызын жалғыз еңсеретін бұл компанияның директоры Х.Мүпти мырза өзі де жұмысына ғылыми негізді басшылық етіп, интеллектуалдық туындыларды да көп зерттеп, іске асырып келген екен. Оның қоғамдық жауапкершілік саласында атқарған шаруалары туралы жаза беруге  электронды журналдың аз беті жетпес.

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды

Published

on

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Published

on

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды

Published

on

Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.

Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда