25 маусым, KAZNEWS. Ұлықтау рәсімі мен ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Г.Занданшатар ашты.
Кейін, жаңадан сайланған Президент Ухнаагийн Хүрэлсүх ант қабылдау үшін мінберге шығып, қолына Моңғолия Конституциясын алып, ант берді.
«Моңғолияның тәуелсіздігі мен егемендігін, халқымыздың бостандығы, ұлттық бірлігін сақтап, Конституцияны құрметпен орындап, Моңғолия Президентінің міндеттерін әділ орындауға ант етемін». – деді.
Мемлекеттің алтыншы басшысы Ата заңға қол қойып, Парламент төрағасына табыс етті. Ант бергеннен кейін, өкілеттік мерзімі аяқталған бесінші президент Халтмаагийн Баттулга мемлекеттік мөрді табыстады.
Моңғолияның Орталық Сайлау комиссиясының хабарлағандай, Моңғол Халық партиясынан атын ұсынған Ухнаагийн Хүрэлсүх 822923 дауыс (67.8%), «Дұрыс адам» элоктораты коалициясынан атын ұсынған Дангаасүрэнгийн Энхбат 246955 дауыс (20,3%), оппозициялық Демократия партиясынан атын ұсынған Содномзундуйн Эрдэнэ 72800 дауыс (6%) жинаған.