Connect with us

Моңғолияда

KAZNEWS – Жылдың үздік 10 оқиғасы

Published

on

KAZNEWS АА жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттігінің көзқарасы бойынша жылдың үздік оқиғасы төмендегідей.

1. Жансерік Маратханұлы моңғолия футбол тарихында алғаш рет хет-трик жасады
Футболдан 19 жасқа дейінгі Моңғолия жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының іріктеу турнирінің I тобының соңғы кезеңі аясындағы соңғы матчын Улаанбаатарда Сингапур командасына қарсы өткізген.
Кездесу 4:2 есебімен Моңғолия құрамасының пайдасына аяқталды.
Моңғолия құрама сапынан 9 –шы нөмерде өнер көрсететін Жансерік Маратханұлы 3 гол соғып хет-трик жасады.
Жансерік Маратханұлы 1999 жылы туған. «Дэрэн» клубында жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетеді. 17 жасында моңғолия құрамасына шақырылған. 2016 жылы моңғолия құрамасындағы ең жас футболшы атанған.
Бұл көрсеткіші бойынша Жансерік Маратханұлы KAZNEWS ақпараттық агенттігінің жылдың үздік оқиғасы тізімінде көш бастап отыр.
2. Министр лауазымына Бәделхан Қабдісіләмұлы тағайындалды
Моңғолия Парламентінің 2017 жылғы 18 қазандағы кезекті отырысында Құрылыс – қала құрылымы министрі лауазымына ұсынылған Моңғолия Парламентінің депутаты Бәделхан Қабдісіләмұлын депутаттардың 87.5 пайызы қолдап дауыс беріп, Құрылыс – қала құрылымы министрі лауазымына тағайындады.
Бәделхан Қабдісіләмұлы өзінің еңбек жолын 1976 жылы Улаанбаатар қаласындағы Автобус базасында инженер болып бастаған. 1978-1988 жылдары Баян-Өлгий аймағының Авто басқару органында бас инженер, басшы болып жұмыс атқарады. 1991 – 2000 жылдары “Өркен”, “Жол” компаниясында директор қызметін атқарып, 2000-2005 жылы Баян-Өлгий аймағының әкіміне тағайындалған.
2008 және 2016 жылдары өткен Моңғолия Парламентінің сайлауына Баян-Өлгий аймағынан атын ұсынып депутатқа сайланған.
2015-2016 жылдары Сайханбилэгтің Үкіметінде Өнеркәсіп вице министрі қызметін атқарған болатын.
21 жылдан кейін моңғолия қазақтары арасынан шыққан министр Бәделхан Қабдісіләмұлын KAZNEWS ақпараттық агенттігі «Жыл адамы» ретінде танып, жылдың үздік оқиғасы тізіміне еңгізіп отыр.

3. Серік Бердімұратұлы мемлекеттік начин атанды
Халық революциясының 96 жылдығы Моңғолияның Ұлттық мерекесіне арналған күрестің бесінші кезеңінде Баян-Өлгий аймағының тумасы аймақтық арыстан Серік Бердімұратұлы мемлекеттік харцага Т.Баасанхүүді жығып, мемлекеттік «начин» яғни лашын атағына ие болды.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы өткен жылғы мемлекеттік мерекеде бесінші кезеңде мемлекеттік арыстан Э.Оюунболд-дан жығылған болатын.
Серік Бердімұратұлы бұл атаққа жеткен ең жас палуан, әрі моңғолия қазақтары арасынан 36 жылдан кейін бұл атаққа қол жеткізіп отыр.
Жылдың үздік оқиғасы тізімінде үздік үштікте Серік Бердімұратұлы жайғасты.

4. Жайна Майдарқызы садақ атудан әлем кубогының чемпионы атанды
Орхон аймағының 12 сынып оқушысы Жайна Майдарқызы садақ ату бойынша әлем кубогының чемпионы атанды. Бұл туралы журналист Досан Хавдалбариұлы хабарлады.
Жайна Майдарқызы Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогында нысананы дәл көздеп, жеңіс тұғырына көтерілген.

5. Жиенхан Сувателұлы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды
Моңғолияның Хэнтий аймағының тумасы Жиенхан Сувателұлы Жапония астанасы Токиода джиу-джитсудың IBJJF желісі бойынша өткен Азия чемпионатында -100 келі салмақта жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Моңғолия спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде алды.
Жалпы Токиода IBJJF желісі бойынша өткен Азия Чемпионатына әлемнің барлық мемлекеттерінен жалпы саны 900 спортшы қатысты.
Жиенхан Сувателұлы джиу-джитсуден ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, моңғолдың ұлттық күресінен 2011 жылы Хэнтий аймағының тойында екінші орын иеленіп, аймақтық піл атағын, 2016 жылы Дорноговь аймағының тойында бірінші орын иеленіп аймақтық арыстан атағын алғанын айта кеткеніміз жөн болар.

6. Аталар аманаты көрерменмен қайта қауышты
Қазақ халқының Моңғолия жеріне қоныстануына 150 жыл толып отыр. Осы мерей тойға арнап және театрымыздың 61 жылғы қысқы мезгілдік ашылуына орай доктор, Моңғолия мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ислам Қабышұлының «Аталар аманаты» драмасын саханаға қойылды.
Қазақтардың Моңғолияға біржолата қоныстану үшін қандай қадам жасағанын, қандай қиындықтарды бастан кешкенін бұл драмадан көруге болады. Жылқышы, Көбеш және өзге ел ағаларының рөлін театрымыздың актерлері сомдаған. Сондай-ақ аталар аманаты қандай еді дегенді бұл драмадан білуге болады.
Драма 1980 жылы Баян-Өлгий аймағының орануының 40 жылдық мерей тойына орай алғаш рет саханаға қойылған болса, 37 жылдан кейін қайтадан көрерменге жол тартты. Бұл ретте Ислам Қабышұлының жобасына Моңғолия Білім және мәдениет министрлігі тарапынан 19,0 млн төгрөгтің қолдауы көрсетілгенін айта кеткеніміз жөн болар.
Драма көркемдік жетекшісі Өсерхан Рахым, Ислам қабышұлы, Музыкасын өңдеген Мусайып мырза. Театр толық құрамда өнер көрсетті.

7. Алғаш рет Футболдан жастар арасында лига ойындары өтті
Өлгий қаласында алғаш рет футболдан жастар арасында лига ойындары өтті. Шілденің 2 – сі күні басталған лига ойындары тамыздың 2 күні аяқталған.
Мустафа Жұқанұлының айтуынша: “Бұл жарысты аймақтық Футбол федерациясы, Өлгий лига жастары бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Мақсаты жастарды спортпен шұғылдануға қызықтыру, футболды насихаттау, сондай-ақ аймағымызда аталмыш спортты дамыту болып табылады.” – дейді.
Жарысқа тоғыз команда жасақталып, жасыл алаңда 200 ге жуық футболшы өнер көрсетті.
Қазақстаннан төреші келген. Сонымен қатар, Өлгий қаласынан төрелік етіп жатқан жастарымызда бар. Жұма күндері үзіліс. Жұмыс күндері күніне екі матч өткізіледі. Ал, сенбі және жексенбі күндері күніне төрт матч өткізіліп отыр.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тобы бұл жарысты жыл сайын ұйымдастырып тұруды жоспарлауда. Командалар өзара ойыншы алмасуы лиганың ережелеріне сай болады деп отыр.
Бұл жарыста көзге түскен спортшылар іріктеліп еліміздің «Ұлттық лигасы» ойындарында аймағымыздың абыройын қорғайтын болады.
Өңірде футболдың дамуына зор мүмкіндік бар. Бір өкініштісі, мемлекет тарапынан қолдау жеткіліксіз екенін айтып отыр.

8. Баян-Өлгий әуежайының техникалық мүмкіндігін арттыруға ҚР көмектесуге ниетті
«Біз Өлгийге ұшақ ұшыра алмаймыз. Әуелі екі елдің Азаматтық авиация өкілдері кездесуіміз керек. Сол кезде біз өзара келісімге келе отырып, Астана-Улаанбаатар, Астана-Өлгий бағытындағы рейстер туралы шарт жасасамыз. Біз бірінші Астана- Улаанбаатар бағытын қалпына келтіріп алуымыз керек. Содан кейін барып, «Міне, бізде сұраныс бар, Астана-Өлгий бағытына қазақстандық әуе компаниясы ұшуға ниетті, рұсат етіңіздер» деуіміз керек. Алайда олар бізбен кездесуден бас тартып отыр» – дейді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов
Осы кезде тағы бір мәселе туындайды.
Ол Баян-Өлгий әуежайының мүмкіндігінің шектеулі екендігі. «Бұған дейін Ан-24 ұшағымен СКАТ ұшқан болатын. Алайда Моңғолия тарапы «біз Кеңес үкіметінен қалған ұшақтарды қабылдай алмаймыз» деп шектеу қойды. Содан кейін біз тоқтатуға мәжбүр болдық. Ал боинг, SRJ ұшақтарын қабылдауға Баян-Өлгий әуежайының техникалық мүмкіндігі жоқ. Бірақ біз бұл мәселенің де түйнін шешіп отырмыз. Мысалы бүгінгі таңда Қазақстан әуежайлары 6-шы сыныптық дәрежеге дамуына байланысты, бізде бұрын жұмыс істеген авияциялық техникалық құралдары бар. Соларды пайдалануға береміз. Осының барлығын келісу үшін біз моңғолиялық әріптестерімізбен кездесуіміз керек. Ал олар оған құлықсыз» – дейді Бекен Кеналұлы.
Жауапты органдардың құлағына «алтын сырға» ретінде бұл оқиғаны KAZNEWS ақпараттық агенттігі тарапынан «жылдың үздік 10 оқиғасы»-на еңгізіп отыр.

9. Бәкей Ағыпарұлы ғылым академиясының академигі болып сайланды
Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бәкей Ағыпарұлы Моңғолия ғылым Академиясының академигі болып сайланды.
Бәкей Ағыпарұлы бұл жоғары ғылыми атаққа мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, экономикалық және менежменттік бағытта 30 жыл ғылыми зерттеулер жасап, моңғолияның ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының стратегиялық бағыты, малшы отбасының экономикалық шешім қабылдау процессі, жайылым жерлерді ұтымды пайдаланудағы менежменттік үлгісін жасау мәселері бойынша еңбектері үшін ие болды.
Бұл атаққа бұған дейін доктор, профессор, «Еңбек сіңірген ұстаз», «Халық ұстазы» Мекей Әбішұлы жеткен болатын.

10. Әнші Гүлназ (Guli) жаңа бейнебаян түсірді
Әнші Қ.Гүлназ (Guli) жаңа бейнебаян түсірді. «Мансуурам» деп аталатын бейнебаяны басқалардан өзгеше.
«Махаббат – Өз әлеміңді тек ғана сол бір жаңға арнайтын ләззат сезім.» – дейді Guli.
Өмірді құламастай берік ететін махаббат ғана. Ал біз шынайы махаббатты бағалай аламыз ба? Ойла¬на¬йық, адамзат баласына берілген нәзік сезімге дақ түсірмейік!

Жаңа жыл бақыт жылы болсын, ағайын!

Моңғолияда

Моңғолия Президенті моңғол-қазақ және моңғол-тыва тілінде бастауыш сынып ұстаздарын даярлайтын факултет ашуға назар аударады

Published

on

3 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Ұлттық тіл саясаты кеңесінің төрағасы С.Дулам және кеңестің бірқатар мүшелерін қабылдады. Бұл туралы Моңғолия Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

С.Дулам бастаған кеңес мүшелері Президентке моңғол тілінің емле сөздігі, этнографиялық тіл, диалектік зерттеулер, терминология, тасқа жазбаша жазылған мәдени мұраны қорғау, моңғол жазуының халықаралық стандарттық код жүйесін қалыптастыру және Моңғол тілінің ұлттық бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар туралы таныстырды.

Кездесу барысында ел Президенті алдағы уақыттарда Моңғолияның ұмытылған және өзгертілген географиялық атауларын қалпына келтіру мен қорғау туралы жарлық шығарып, ұлттық деректер қорын құру тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар криллица мен моңғол жазуын қатар қолданатын компаниялар мен ұйымдарға белгілі мөлшерде салық жеңілдігін көрсететін мүмкіндік туғызатынын айтты.

Қос тілде білім алуды заңдастыру, Моңғолияның Мемлекеттік ұстаздар университетінде моңғол-қазақ және моңғол-тыва тілінде бастауыш сынып ұстаздарын даярлайтын факултет ашуға, шетелдегі моңғол балаларының моңғол тіл үйренуіне назар аудару, Моңғол тілінің үлкен сөздігін құрастыруға байланысты қаражаттарды шешу керек деді.

Continue Reading

Моңғолияда

Амантай Ғафуұлы аймақтық Білім басқармасының басшысына тағайындалды

Published

on

24 тамыз, KAZNEWS. Амантай Ғафуұлы Баян-Өлгий аймағының Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.  

Амантай Ғафуұлы аймақ әкімінің 2021 жылы 23 тамыз күнгі  Б/32 үкімі бойынша аймақтық Білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. 

Амантай Ғафуұлы 1972 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Мамандығы математик, информатика пәнінің мұғалімі. 2012 жылдан бастап Өлгий қалалық жалпы білім беретін 5 – мектеп директоры қызметін атқарған.

Continue Reading

Моңғолияда

Биыл өз астығымыз өзімізге жетеді

Published

on

21 тамыз, KAZNEWS. Астық жинау маусымын 15 тамыздан бастауды жоспарлағанбыз және 470 мың тоннаға жуық бидай жинауға ниеттіміз, деп хабарлайды Азық түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің департмент басшысы В.Үнэнбат.

Министрліктің деректеріне сенсек, биыл Моңғолия 385 мың гектардан 470 мың тонна бидай өнімін алады. Бұл орташа шығым әзірге бір гектардан 12 центнер болып тұрғанын көрсетеді.

Моңғолияның бидайға ішкі сұранысы 300 мың тонна шамасында болғандықтан биыл бұл сұранысты 100 пайыз қамтамасыз етуге жеткілікті.

Continue Reading

Моңғолияда

Үкімет басшысының орынбасары іссапармен Баян-Өлгий аймағында болды

Published

on

20 тамыз, KAZNEWS. Моңғолияның Үкімет басшысының орынбасары, мемлекеттік Төтенше комиссияның басшысы С.Амарсайхан іссапармен Баян-Өлгий аймағында болды.

Үкімет басшысының орынбасары ең алдымен аймақтық Төтенше комиссия мүшелерімен кездесу өткізіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы Үкімет басшысының орынбасары С.Амарсайханға 10 тамызда ғана Мемлекеттік төтенше комиссияның шешімі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қуаттылығы тәулігіне 20 баллонды оттегімен толтыратын қондырғының іске қосылуы науқастарға оттегінің жетіспеушілік мәселесі шешілгені туралы баяндады.

Сонымен қатар, аймақтық Біріккен ауруханада пандемияға қарсы қолданылуға арналған дәрі-дәрмектің 10 күндік қоры қалғанын мәлімдеп, рентген аппараты мен арнайы жабдықталған автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесін қойып Үкімет басшысының орынбасары тарапынан қолдау тапты.

Баян-Өлгий аймағында коронавирус індетінің өршуіне байланысты 15 тамыздан бастап 24 тамызға дейін 10 күндік карантин режимі жарияланған болатын. Бүгінге дейін аймақта аталмыш індетті жұқтырғандардың саны 5934 ке жетіп, 344 адам ем қабылдап, 1778 адам үйлерінде оқшаулануда. Халыққа жаппай таралу қауіпі жоғары болғандықтан Жұқпалу ауруларды зерттеу ұлттық орталығынан арнайы дәрігерлер мен мамандар тобы аймақта жұмыстап жатыр.

Іссапар аясында үкімет басшысының орынбасары аймақта іске асырылып жатқан бірқатар инвестициялық және әлеуметтік жобалармен танысты.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек4 weeks ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек4 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек4 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек4 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек4 months ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек4 months ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Дерек5 months ago

Баян-Өлгийлік балалар Сорабан сампин бойынша онлайн сайыста жүлделі болды

Елімізде 10 сәуірде балалар арасында сорабан сампин бойынша онлайн сайыс өтті, – деп хабарлайды KAZNEWS ақпарат агенттігі Тояа балалар академиясының...

Басты назарда