Connect with us

Мақала

«Халық батыры»: А. Имановтың туғанына 150 жыл

Published

on

Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай іс-шаралар еліміз бойынша кеңінен аталып өтілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде 1916 жылғы Торғай уезінде өткен «ұлт-азаттық» көтерілістің бас сардары, теңдік жолындағы күрескер батыр – Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халық батыры Амангелді Иманов» атты әдеби-сазды іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің бойында отансүйгіштік пен қазақ халқының тарихына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, қазақ халқының 1916 жылғы ұлттық-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы батыр Амангелді Имановтың өмірімен, қайраткерлігімен таныстыру.
Бұл іс-шарада тарих факультетінің деканы, тарих ғыл. докторы Д. Байқонақов бұл шараға сәттілік тілеп, батыр ұрпақтары туралы баяндап берді.
Іс-шара жүргізушісі қазақ халқының батыр ұлы Амангелді Имановтың өмірі мен ерлік істерінің қарапайым жұмыскер халықтың тағдырымен тығыз байланысты болғаны туралы әңгімеледі. А.Иманов Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан, қазақ қоғамының сол замандағы қиындықтарын басынан кешкен патриот тұлға болғаны жайлы ақпарат берілді. Халық батырын есте сақтап, ұрпаққа үлгі ету үшін көптеген көркем шығармалар, мақалалар, картиналар жазылды, фильмдер түсіріліп, Қазақстан қалаларындағы көшелерге Амангелді Имановтың есімі берілгені туралы мәлім етілді. Іс-шара барысында студенттер мен магистранттар А.Иманов туралы архивтен алынған тың деректермен таныстырылды. Ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшыларына, соның ішінде А. Имановтың өмірі мен тарихи тұлғасына қатысты ойларын, пайымдарын ортаға салып, пікір алмасты.
Тарих факультетінің магистранттары мен студенттері аталған іс- шараның өтуіне ат салысып, 1916 жылғы көтеріліске арналған «Июнь жарлығы» күйін орындап, өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетіп, белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары Е.Ноянов тәрбиелік іс- шараны ұйымдастырып жоғары деңгейде өткізгені үшін каыедра профессорлары т.ғ.к. У.М. Джолдыбаева мен Г.Б. Қозғамбаеваға, магистранттар мен студенттерге алғыс білдірді.

Джолдыбаева У. М.
т.ғ.к., профессор м. а.

Өзенбек Е.Р.
Тарих мамандығының 1-курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Advertisement


Мақала

Шетелдік студенттер Мұхтар Әуезов мұражай-үйін аралады

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттерімен бірге куратор-эдвайзерлері ғылыми-танымдық ашық кураторлық іс-шарасын жүзеге асырды.
Өткенді болашақпен байланыстыра отырып, қаламгер мен шетелдік азаматтар арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және шетелдік студенттерге М. Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау мақсатында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Канада елдерінен келген шетелдік студенттерімен бірге кураторлар А. Саденова, Р. Туребекова, К. Якубаевалар көрнекті қазақ жазушы-ғалымы, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі М.О. Әуезовтің мұражай-үйінде болып, өміріне қатысты деректермен танысып қайтты.
Бұл ашық кураторлық іс-шарасын жүзеге асырудағы мақсат: бүкіл әлемге танымал қазақтың атақты ұлы жазушысы М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, Мұхтар Әуезов шығармаларын насихаттау, Мұхтар Әуезовтың мұражай- үйі туралы толық малғұмат бере отырып, «Абай жолы» шығармасының шығу тарихын шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыра отырып, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу.
Мұражай – еліміздің бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. Мұражай қызметкері мұражай екі кешеннен: М. Әуезовтің өз сызбасы салынған мұражай-үйі мен құнды жәдігерлер қойылған экспонат-залдан тұратынын, залға суреткер-ғалым пайдаланған жәдігерлер мен қазақ руханиятына қатысты құнды экспонаттар қойылғанын, “Әуезов үйінің” жүрегі – жазушының жұмыс бөлмесі туралы айта отырып, ол бұл жерді өте қатты жақсы көргенін, мұнда жазушы әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясының соңғы нүктесін қойғанын, сонымен бірге, мұнда көптеген пьесалар, очерктер, әдебиеттану саласындағы бірқатар ірі еңбектер өмірге жолдама алғанын, жазушының соңғы романы «Өскен өркен» жазылғанын сөз етті. Студенттерді екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізгені туралы (1951-1961), Мұхтар Әуезовтың отбасына және замандас достарына қатысты құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмесі және тұрмыс тіршілігі мен шығармашылығына байланысты экспонаттары арқылы көрсетілгені жайлы мәліметтермен таныстырды. Шетелдік студенттер мұражай аясындағы тарихи тұлғаның көзі тірісінде қолы тиіп, кәдесіне жаратқан бұйымдарды көзбен көріп, ерекше әсер алып, қызықтырған сұрақтарын да қойды.
Мұражайда шетелдік студенттер ғұлама жазушының үйіндегі жұмыс бөлмесімен, қолжазбаларымен, жеке заттарымен, үлкен кітапханасымен танысып, көріп тамашалап, өз таңданыстарын да білдірді.
Шетелдік студенттерге ерекше әсер қалдырған жазушының жұмыс кабинеті мен бай кітапханасы және жұмыс бөлмесіндегі Мұхтар атамыздың “Абай жолы” романын жазған үстелі, сонымен бірге М. Әуезовтың өз қолымен отырғызған бағы, ондағы жеміс ағаштары болды.
Шетелдік студенттерге ашық кураторлық іс-шарасын өткізуде заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

А.Е. Саденова., Р.С. Туребекова., К.С. Якубаева
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары

Continue Reading

Мақала

Факльтет тыңдаушылары ID картасымен қамтамасыз етілді

Published

on

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ қазақ диаспорасы (қандас) өкілдеріне және шетелдік тыңдаушыларына тыңдаушыларына ресми түрде Университеттің символдық “Студенттік билеті” саналатын ID картасы табысталды. Айта кетсек, Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 9-шы түрі— Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу болып табылатыны белгілі. Осы орайда университетіміздегі цифрлық қауіпсіздік жоғары деңгейге қойылғаны мәлім. ҚазҰУ жастары университеттің ішкі тәртібіне бағынады. Білім алушылардың қарым-қатынасы мен қауіпсіздігі үшін ID картасы белгіленген. Сондықтан ең бірінші білім алушылардың қауіпсіздіктері үшін жайында толық ақпарат беріліді.
Университет қабырғасында жүрген барлық қызметкерлер, оқытушылар құрамы және студент жастарына ID карта беріледі. Енді тыңдаушылар аталмыш құжат арқылы кітапханаларға тіркеліп, барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларға кіріп-шыға алады. Сонымен қатар ТМД-4 бағыты аясында да https://farabi.universitety/ университеттің электрондық кітапханасына ID карта арқылы тіркеліп өзіне керек кітаптарын оқуға мүмкіндіктері бары екенін айтылып өтті. Сондай-ақ цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды, болашақта цифрлық экономикасын құруға көшуге жағдай жасауды көздейді. Оқу және жатақхана тәртібін қатаң сақтауды,жауапкершілікті ұстану керектігін ескертті. Тыңдаушылар университет құжатын мақтанышпен әрі үлкен жауапкершілікпен қабыл алды. Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
Г.Е. Сапаева, Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова

Continue Reading

Мақала

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Спорттық – сауықтыру кешені”

Published

on

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
«Спорт денсаулық кепілі!» қағидасын берік ұстанған сондай-ақ, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 3) «Жақсы денсаулық пен амандық» тақырыбы аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 4-5, 8, 20, 25-26 топ тыңдаушыларын спортқа бейімдеу мақсатында əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz «Спорттық – сауықтыру кешені» Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне әр елден келген тыңдаушыларға танымдық-тәрбиелік саяхат ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Тыңдаушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу.


«Спорттық – сауықтыру кешені» университет қызметкерлері мен студенттерін денсаулығын жақсартумен айналысуға қаматамсыз етеді. Кешеннің жалпы аумағы 7250 шаршы метр. Жеке база жалпылық спортты көтеруге үлкен әсер етеді. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес. Боксер, волейболист, баскетболист, гимнаст және тағы басқа спорт түрлерінің өкілдерінен спорт шеберлерінің саны арттуда.
3000 орындық трубиналық алаң (жасыл алаңқайлы футбол алаңы; спорттық ядро; жасанды төсенішті жүгіру алаңы);
300 орындық трубиналы футбол-бейсбол алаңы;жасанды төсенішті мини-футболға арналған 3 алаң;
2 спорт зал (әр қайсысының аумағы – 680 шаршы метр).
• 6 ашық теннис корттары;
• жағажай волейболы алаңы;
• атлетикалық гимнастика және аэробикамен айналасуға 2 зал;
• фитнес-зал;
• жалпы күрес, бокс, күрес залы (күрес кілемі, татами);
• ЕДШ үшін дайындық залы;
• шахмат залы;
• арнайы медициналық топтағы студенттер үшін 2 зал;
• емдік шынықтыруға арналған зал;
• 2 оқу аудиториясы.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова, М.Егенберді

Continue Reading

Мақала

ҚАНДАС ТЫҢДАУШЫЛАР «ӘЛ-ФАРАБИ» – МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Published

on

ТМД -17 мақсатты іске асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, https://www.kaznu.kz Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану», «Парасат» клубтарының ұйымдастыруымен шетелден келген тыңдаушылар ҚазҰУ қалашығында орналасқан кітапханадағы әл-Фараби мұражайымен танысты.
Әл-Фараби мұражайы – Қазақ ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидың рухына арналған. Мұражай 2013 жылы 13-сәуір күні университетіміздің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты. Мұражай «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидың жастық шағы», «Ұлы Жібек Жолы бойымен», «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты», «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары», «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан» деген бөлімдерге бөлінді. «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидың жастық шағы» бөлімінде тоғыз жолдың торабында орналасқан, ортағасырлық Отырардың қайталанбас атмосферасы, кітапханасы бейнеленген. Сол уақыттың шынайы бейнесін беру үшін археологиялық қорық мұражайынан алынған Х–ХІІ ғасырға жататын тарихи экспонаттар қойылған. «Ұлы Жібек Жолы» бойымен бөлімінде Әбу Насыр әл-Фарабидің Шығыс пен Батыс мәдениетін ғасырлар бойы жалғастырушы, әлемдік өркениет тарихындағы маңызды жетістігі туралы айтылады. Қазақ жері арқылы өткен Ұлы Жібек жолының керуендері мұражайды лэд экран арқылы айнала жүргенде, бейне сол ғасырда түйенің үстінде отырып кетіп бара жатқандай сезінесің.
«Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты» бөлімінде диарамалар мен ветриналарда Шығыс пен Батыс философиясының бірігуіндегі ойшылдың ерекше орны образды түрде бейнеленеді. Бұл бөлімнің экспозициясында көне грек философиясына қатысты материалдар, әсіресе Аристотельдің көзқарастары үлкен мәнге ие.
«Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары» атты бөлімінде Фарабидың жаратылыстану мен гуманитарлы ғылымдардың әр саласындағы теңдессіз еңбектеріне арналған. Терең білім мен ғұламалық оны «Екінші Ұстаз» атандырды. Ұрпақтарына 200-ге жуық трактаттар қалдырған, осы трактаттары тыңдаушылар ҚазҰУ кітапханасында таныса алады. Әл-Фарабидың рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан қорытындылау бөлімі болып табылады. Мұнда Қазақстандағы фарабитанудың бүгінгі жай-күйі туралы материалдар қойылған. Витриналарда қазақстандық белгілі фарабитанушы ғалымдарының – Ақжан Машани, А.Х.Қасымжанов, Ә.Дербісәлі, т.б. көптеген авторлардың еңбектерімен танысуға болады.
Қорыта келе айтарымыз, Жаңа технологиямен жасалған заманауи мұражай тыңдаушылардың
көңілдерінен шығып, шетелден келген қазақ жастары өздеріне баға жетпес білім алды деген ойдамыз.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова, С.А. Нусупбаева

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 month ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек3 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек5 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек8 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек9 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек11 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек12 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда