Connect with us

Мақала

Біз ең жақсыны таңдаймыз

Published

on

Қазір Қазақстанның көптеген университеттерінде шетелдік студенттер көптеп оқиды. Бірақ шетелдік азаматтар алғаш рет 1985 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің (бұрынғы атауы С.М. Киров атындағы ҚазМУ) дайындық факультетінде оқи бастады. 38 жыл бойы әлемнің түрлі елдерінен: Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Жапония, Түркия, Иран, Ауғанстан, АҚШ, Филиппин, Вьетнам және т.б. студенттер жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында білім алуда.
Шетелдік оқушылар неліктен орыс тілін үйренеді және біздің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін таңдайды, олардың оқуы қалай өтіп жатыр, Қазақстан оларды несімен қызықтырады? Осы сынды сұрақтардың жауаптарын біздің кафедраның студенттері өздері айтып берсін.
Ли Синтун (ҚХР): «мен орыс тілін үйренгім келді, өйткені мен ҚазҰУ университетіне түсіп, заң факультетінде оқығым келеді. Менің ойымша, ҚазҰУ –Қазақстандағы ең танымал, жақсы университет. Мұнда оқытушылар керемет, оқу ортасы жақсы және оқу ресурстары бай. Мен қазір орыс тілін аздап түсінемін және сөйлей аламын. Орыс грамматикасы өте күрделі және орыс тіліндегі сөздер ұзақ. Маған әлі де көп оқу керек. Мен сегіз ай бойы орыс тілін үйреніп келемін және осы уақыт ішінде жергілікті мәдениет туралы аздап білдім. Мысалы, «Наурыз» дәстүрлі мерекесі туралы білдім. Мен қазақ тағамдарының дәмін татып көрдім: Палау, наурыз-көже, бауырсақ, қазы. Барлығы өте дәмді болды! Тобыммен бірге театрға барып, «Жизель» балетін тамашаладық. Маған балет қатты ұнады. Досыммен бірге мен университеттің Наурыз мерекесінде болдым. Біз концерт көрдік, өте қызықты болды. Менің ойымша, жергілікті тұрғындар өмірді өте жақсы көреді, барлығы билеп, ән айтқанды ұнатады. Маған жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер ұнайды».
Чен Я (ҚХР): «мен ҚазҰУ-да оқып, жергілікті адамдармен еркін сөйлескім келеді, сондықтан мен орыс тілін үйренуді қаладым. Орыс тілінің грамматикасы күрделі және есте сақтау керек көптеген сөздер бар, сондықтан аздап қиын. Бос уақытымда Алматы қаласында серуендегенді ұнатамын. Алматыда көптеген қызықты орындар бар екенін білемін. Мен Медеуде болдым және сол жерде коньки тептім, театрда, Мега орталықта, саябақтарда және т.б. жерлерге бардым. Алматыда көптеген дәмді тағамдарды жеуге болады. Мұнда көптеген қытай және корей мейрамханалары бар. Маған әдемі ғимараттар, саябақтар және ұлттық тағамдар ұнады».
Джу Хион (Корея Республикасы): «Менің көптеген қазақ достарым бар, олармен доспын және оларды жақсы түсініп, сөйлескім келеді, сондықтан мен орыс тілін үйренуді шештім. Әкем маған ҚазҰУ-ді ұсынды, ол да осында оқып, қазақ тілін үйренді. Орыс тілі өте қиын, өйткені әр сөздің әртүрлі аяқталуы мүмкін. Маған қиын болса да, оқу маған орыс тілін жақсы түсінуге және сөйлеуге көмектеседі. Мен сондай-ақ Қазақстанда түрлі халықтар тұратынын білдім. Көшеде мен әртүрлі адамдарды кездестіремін және бұл маған өте қызықты. Мен Мега орталыққа барғанды ұнатамын, өйткені мен кофе ішкенді, әдемі заттар сатып алғанды, дәмді тағамдар жегенді ұнатамын, барлығы бір жерде!».

Ким Синхо (Корея Республикасы): «Бұрын мен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бойынша саяхаттаған кезде адамдармен сөйлескім келді, бірақ орыс тілін білмегендіктен сөйлесе алмадым, сондықтан орыс тілін үйренемін деп шештім. Мен ҚазҰУ Қазақстандағы ең үздік университет болып саналады деп естідім, сондықтан мен осында оқып жатырмын. Орыс тілі қиын, бірақ біздің мұғалім бәрін жақсы түсіндіреді. Мен оқығанды ұнатамын. Мен Қазақстанның өте қызықты ел екенін білдім және көптеген жерлерге бардым. Мен атқа мініп, Абай атындағы опера және балет театрында болдым. Қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татып, караокеде ән айтып, стадионда теннис ойнап, хайуанаттар бағында болдым. Маған Қазақстан, Алматы, бәрі ұнайды!»
Им Донгбум (Корея Республикасы): «мен Алматыға бір жыл бұрын келіп, Қазақстанда тұруамын деп шешім қабылдадым. Қазақстанда өмір сүру үшін мұндағы халықтың сөйлейтін тілін үйрену керек. Менің ойымша, орыс тілі адамдармен сөйлесуге көмектеседі, сондықтан мен орыс тілін үйренемін деп шешім қабылдадым. Мен университетте оқи бастағанда, тіпті орыс алфавитін де білмедім. Бірақ уақыт өте келе мен орыс тілін түсініп, оқуды, жазуды және сөйлеуді үйрендім. Мен Алматы қаласы және Қазақстанмен танысқым келеді. Рас, мен әлі көптеген жерлерде болмадым: Көктөбеде, театрда, хайуанаттар бағында, Көлсай көлінде және т.б. Мен Шымбұлақ пен Медеуге барғым келеді. Мен Алматыда тұрып, оқығанды ұнатамын, өйткені университет жақсы, оқытушылар жақсы және жаңа жақсы достарым бар!»
Ким Кенгмин (Корея Республикасы): «мен Қазақстанда тұрып, жұмыс істегім келеді, сондықтан орыс тілін үйренемін. Орыс тілінде жақсы сөйлеу үшін маған тәжірибе керек, орыс тілінде көп сөйлесу керек. Қазір Алматыда мен орыс тілінде сөйлейтін жаңа достарым бар, бұл маған оқуға көп көмектеседі. Алматының табиғаты өте әдемі, жақсы адамдар көп. Мен театрда, орталық мемлекеттік мұражайда, Медеудеде, сурет галереясындағы көрмеде, Көкбазарда, саябақтарда болдым. Маған Қазақстанды аралап, саяхаттау ұнайды. Мен Астана, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Түркістанда болдым және Қазақстанның мәдениеті, оның тарихы, салт-дәстүрлері туралы көптеген қызықты нәрселерді білдім. Менің ойымша, Қазақстанның дамуы үшін әлеуеті зор». www.kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының
доценті, п.ғ.к. Якубаева К.С., ф.ғ.к., аға оқытушы Ешимов М.П.

Advertisement


Мақала

Әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларын қабылдау аяқталды

Published

on

Қымбатты достар! 
Міне, бүгін, яғни 2023 жылы, мамырдың 15-і «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларын қабылдау аяқталды.

«Меценат.кз» әдеби сыйлығының екінші маусымына шығармаларды қабылдау қыркүйекте басталған болатын. Биыл шетелдегі қандастарымызға да қатысуға мүмкіндік берілді. Орыс тілінде тек Қазақстан азаматтары қатысты. Сонымен, «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауының екінші маусымына 103 адам тіркеліп, 58 роман жүктелді.
Біз барлық қатысушылардың зор жауапкершілікпен әдеби байқауға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңізге оқырман тарапынан қызығушылық болатынына сеніміміз зор және осы шығармаларыңыз арқылы отандық әдебиеттің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғандарыңыз сөзсіз. Біздің байқаудың жеңімпазы өмір бойғы ай сайын 500 доллардан сыйақы алып отыратынын естеріңізге саламыз. Жеңімпаз тек оқырманның дауыс беруімен анықталады.
Әдеби байқаудың басты ұстанымдарын тағы да айта кетейік:
● Мемлекеттік бюджеттен толық тәуелсіз болу. Біз мемлекеттік мекемелерден тек ақпараттық қолдау күтеміз;
● Ашық және жасырын мүдделер қайшылығын тудыратын қазылардан бас тарту, оның орнына оқырман дауысы арқылы жеңімпазды анықтау;
Сонымен қатар, бізге қолдау көрсеткен келесі серіктестерімізге алғыс білдіреміз:
● ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
● ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
● “Қазақстан” Респубикалық телерадиокорпорациясы” АҚ
● “Хабар” АҚ
● “Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені” ҮЕАҚ
● “NUR Media” медиахолдингі
● “QazContent” АҚ
● “Amanat” партиясы
● “Қазақ газеттері” ЖШС
● ҚХР қазақтар қауымдастығы https://mp.weixin.qq.com/s/uxbMthnHGSg4i9xgkkOM7A
● Моңғолиядағы “KazNews.mn” ақпарат агенттігі
● Моңғолиядағы “Баян Өлгий” радиосы
● Өзбекстандағы қазақ тілінде жарық көретін “Нұрлы жол” газеті

“Mecenat.kz” жобасының мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті дамыту және кітап оқырмандарының ынтасын арттыру, жазушылардың кәсіби деңгейін көтеру және олардың шығармаларын әлемдік кітап нарығына шығару.

Continue Reading

Мақала

STUDENTS OF MOSCOW STATE UNIVERSITY AT AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY

Published

on

This year, from March 27 to May 10, 2023, students of the Moscow State Linguistic University, who study the Kazakh language, took an internship at the Department of Language and General Education Training of Foreigners at the Al-Farabi Kazakh National University.
Here is what a 3rd-year student studying the Kazakh language at the Institute of International Relations and Socio-Political Sciences, Shamrai Anna, says: “I am a student of the Moscow State Linguistic University and have been studying the Kazakh language for 2 years. Initially, when I first entered the university, we were not told what language we would study. After studying at the university for one semester, we were finally told that we would learn the Kazakh language. At that moment, the emotions were different. On the one hand, it is an interesting, beautiful and rare language to learn, and on the other hand, the fear that I may be an unclaimed specialist after graduation. Two years later, my fear disappeared, I realized that specialists with knowledge of the Kazakh language are quite in demand in various professions, since there are few of us. I was also lucky enough to have an internship directly in the Republic of Kazakhstan, in the city of Almaty. I can say that I really like the city of Almaty for its nature, mountains and climate. Regarding studying at KazNU, the teachers are excellent, they teach the material to us very easily and clearly, I learned a lot about the Kazakh language and am very happy about it. We were very warmly and cordially welcomed by the teaching staff of KazNU and try to help us every day as part of our study of the Kazakh language. It is important to study culture, mentality, language directly in the country itself and we have this opportunity, which we are very happy about.

G.S. Koishybayeva., I.V. Matsko
Department of Language and General Education Training of Foreigners
Faculty of Pre-University Education
Al-Farabi KazNU

Continue Reading

Мақала

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Published

on

Сәбит ШІЛДЕБАЙ,
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры,тарих ғылымдарының кандидаты

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Кіріспе. Жалпы, Т.Рысқұловтың Қазақстандағы қызметі деген сұраққа жауап беру тек бір ғана тарихшының қолынан келе қоймайтын шаруа. Өйткені, Т.Рысқұловтың бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды. Оның тағдыры – қазақ халқының тарихымен еншілес. Сондықтан, Т.Рысқұловтың сан-салалы қызметі мен қажырлы қайтпас күресі, ұлтқа сіңген еңбегі көптеген тарихшылардың зерттеу еңбегіне жүк болып келеді. Біз осы мақаламызда басқа тарихшылардың назарынан тыс қалып келе жатқан кейбір мәселелерге және нақты алғанда оның 1926 жылдың сәуір-маусым айларындағы екі айлық қызметіне тоқтала кетуді жөн көрдік.
Талқылау. Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы осы уақытқа дейін аз зерттелген жоқ. Т.Рысқұловтың қоғамды-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеуге алған ғалымдар мен журналистердің арасынан О.М.Қоңыратбаевтың, В.М.Устиновтың, М.Қ.Қозыбаевтың, Қ.С.Алдажұмановтың, О.Сәбден мен М.С.Жәпектің, М.Әбілтайұлы мен Н.Әбілдаевтың, К.Адырбекұлының еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады [1]. Барлық зерттеушілер Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне аса жоғары баға беріп, оның өте дарынды тұлға болғанын бірауыздан мақұлдайды. Мысалы, оның замандасы И.В. Сталин 1922 жылы 14 мамырда Г.К.Орджоникидзеге жолдаған хатында: «…Түркістандық коммунистерді еркелете берудің қажеті жоқ, олар ондай құрметке лайық емес, соңғы екі жыл олардың барлығы жиылып жалғыз Рысқұловқа татымайтындығын айқын көрсетті, мен оның (Түркістанға) қайта оралуына қарсы емеспін», [2, 252-б.] – деп, Т.Рысқұловтың қайраткерлік тұлғасына ерекше баға берсе, академик М.Қ.Қозыбаев осыдан 25 жыл бұрын: «…оның тек советтік шығыс емес, әлемдік ұлт қозғалысының көсемдерінің бірі екендігі сөзсіз. Т.Рысқұловтың әлем тарихындағы тұғыры биік, жұлдызы жарық, ол Сун-Ят-Сен, Д.Неру, Мұстафа Кемал-паша (Ататүрік) қатарындағы қайраткер екені күмән тудырмайды» [3, 239-б.], – деп объективті баға берген болатын.
Деректері және әдістері. Т.Рысқұловтың Қазақстандағы қызметі туралы осы мақаланы жазуға Қазақстан Республикасы Президентінің архивінен алынған тың құжаттар мен алдыңғы зерттеу жұмыстарының материалдары негіз болды. Жұмысты жазуда объективтілік, тарихилық, жүйелілік және салысырмалы талдау принциптері басшылыққа алынды.
Нәтижесі. Т.Рысқұлов Түркістан АКСР-інде қызмет істеп жүріп біртұтас кеңестік қазақ автономиясының ұйымдастырылуын жақтады. Қазақстанда азамат соғысы аяқталып келе жатқан тұста болашақ Қазақ АКСР-інің астанасы Ташкент қаласы болуы тиіс деген пікірді ұстанды. Ол 1919 жылы күз айларында ұлттық республикалар құрамына өз халықтарын біріктіру мәселесін көтереді. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші Орынбор сиезі күн тәртібіне қойған қазақ жерлерін біріктіру мәселесін ары қарай жылжытқан Т.Рысқұлов біріккен қазақ жерлерінің астанасы ретінде Ташкент қаласын белгілеуді үзілді-кесілді талап етеді [4]. Біз бұл жерден Т.Рысқұловтың алдымен ұлтшыл, содан кейін түрікшіл болғандығын көреміз.
Сол кездегі ірі саяси, экономикалық, әрі мәдени-рухани орталықтардың бірі болған Ташкент қаласын Қазақстанның астанасына айналдыра отырып, шашылып жатқан қазақ жерлерін біріктіру идеясы сол тарихи кезенде ең ұтымды идея болатын. Себебі, қазақ халқының жартысынан астамы Түркістан өлкесін мекендейтін, сондай-ақ көшпелі қазақ аймақтарына қарағанда халқы тығыз орналасқан, шаруашылықтың сан түрі дамыған Түркістанға қарасты қазақ жерлері арқылы өзге қазақ жерлерін әкімшілік жағынан басқару, шаруашылығы мен тұрмысын ұйымдастырып, мәдени өміріне ықпал ету анағұрлым оңай әрі тиімді болар еді.
Екіншіден, Ташкент қаласын Қазақстанның астанасына айналдыра отырып, қазақ жерінің астанасын тұтас түрік конфедерациясының да орталығы болуын қамтамасыз ету арқылы қазақ ұлтының алдыңғы қатарлы жетекші ұлт болуын қалыптастыру болатын. Саны жағынан түрік халықтары арасында Түркия түріктерінен кейінгі екінші орынды иеленетін және Ә.Бөкейхан айтқаңдай «мәдениет жолында бізден де төмен» өзге Түркістандық түріктердің арасыңдағы ең сауатты, көзі ашық халық ретінде қазақтардың бұл орынды иеленуі әбден дұрыс болар еді. Қазақстанның астанасы ретіңде Түркістан өлкесінің орталығында орналасқан Ташкент қаласының ұсынылуы Т.Рысқұлов тарапынан жасалынған, нақты мақсатқа бағындырылған, әрі өзге түрік халықтары тарапынан дәл сол кезеңде қолдауға ие болған әрекет болатын.
Тұрар Рысқұловтың аштықпен күрес сияқты және басқа да ірі тарихи қызметтерін айтпағанның өзінде, оның Түркістан АКСР-іне қарасты қазақ жерлері үшін жасаған нақты іс-шаралары бір төбе. Мысалы, ауылдық жерлерде кедейлер комитетінің құрылуы жөніндегі 1918 жылғы 11 маусымдағы декрет Жетісуда 1920 жылдан соң ғана жүзеге асырыла бастаған еді. Себебі, оған дейін кеңестік Түркістан Республикасына қарасты Жетісу облысының шын мәніндегі қожасы – байыған орыс кулактары мен қарулы казактар еді. Кеңес өкіметінің қаулы-қарарлары жергілікті тұрғындарға – қазақтарға дер кезінде жете бермейтін. 1920 жылы 21 қаңтарда Тұрар Рысқұловтың Түрікатком төрағасы болып сайлануынан кейін ғана бұл істің беті бері қарай бастады. Жетісудағы жағдайды реттеуде 1920 жылы 16 наурызда Т.Рысқұловтың күш салуымен жарияланған «Жетісу облысының тұрғындарына» үндеуі шешуші рөл атқарды. Бұл үндеуде ұлттық белгілеріне қарай қуғындауға қатаң тыйым салынатыны, бұған жол бергендердің ату жазасына кесілетіні, өз аумағында жергілікті халықты тонаған немесе өтірген болыс, станица, селолар мен деревнялар тұрғындарына ауыр салықтар салынатыны ерекше атап көрсетіліп, егер аумақтардың атқару комитеттері ұлтаралық қақтығыстарға жол берген жағдайда, толық құрамымен Революциялық-әскери трибуналдың сотына тартылатыны ескертілді [5, 168-169-б.].
Жетісудағы жергілікті халықтардың жағдайын жақсарта түсуде 1920 жылы 31 наурызда жарияланған Тұрар Рысқұловтың Жетісу облысы бойынша тезистері де аса маңызды болды. Осы тезистерді талқылаған ТК(б)П комитетінің 1920 жылғы 31 наурыздағы пленарлы мәжілісінде Т.Рысқұлов Жетісудағы кулактар мен казактарды қарусыздандыруды жүзеге асыруға, Жетісудың босқын қазақ және қырғыз халықтарын орналастыру үшін 100 000 000 сом қаржы бөлдіртуге қол жеткізді [5, 170-175-б.]. Яғни, қазақ халқының ата жауы – орыс-казактарының қазақ халқының басында ойнаған әңгір-таяғына тоқтау салып, оларға тұңғыш рет соққы берген Тұрар Рысқұлов болатын.
Тұрар Рысқұловтың осындай нақты іс-шараларының нәтижесінде, Жетісу облысының уездерінде алғаш рет кедейлер комитеттері құрыла бастады. Кедейлер мен жалшы-батырақтардың осы алғашқы комитеттері Кеңес өкіметі қабылдаған декреттер мен қаулыларды іске асырып, Түрікатком мен облатком, уездік атком тарапынан күн сайын келіп түсіп жататын түрлі нұсқаулар мен қаулыларды қалың бұқараға жеткізіп, оларды насихаттап отыруда үлкен еңбек сіңірді. Біз бұл жерден өзі шыққан әлеуметтік ортаның жай-күйіне жаны ашитын, үлкен жүректі азаматтың адами бейнесін көреміз.
Тұрар Рысқұлов Түркістан АКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған жылдары кеңес өкіметінің оқу-ағарту саласындағы оң саясатының қазақ жерінде тиімді жүзеге асуына ерекше көңіл бөлді. Осы саясат нәтижесінде қазақ кедейлерінің ертеңгі күнге деген үміті арта түсті. Бұл туралы Т.Рысқұловтың 1923 жылы 24-28 қаңтар аралығында өткен ТКП Жетісу облыстық ІІІ партия конференциясына қатысып кеткен [6] Жетісу сапарының қорытындысы ретінде жазған «Жетісу мәселелері» атты кітабында жан-жақты баяндайды. «Жетісуда халық ағарту істерінің халі өте нашар, – дейді Т.Рысқұлов, – Облыста қанша мектептер бар екенін ағарту бөлімдері білмейді. Мектептердің дұрыс санын білу мүмкін болмаса керек… Мектептердің үйлері бар да, кітаптары, үй аспаптары жоқ. Балалары киімсіз һәм аш. Балалардың көбі кедейлер балалары. Әке-шешесі балаларға үйлерінен жалғасып тұратын болса керек. Білім алу, балалардың талаптары өте зор көрінеді… Сонда да қырғыз-қазақ арасында шығындарынан қашпай, мектеп ашуға талабы барлар көп. Халық арасында жастардың да саяси мәселелерге түсінгісі келіп, ұмтылулары мықты көрінеді. Қырғыз-қазақ өмірінде мұндай әлеуметтікті туғызған ұлы өзгеріс һәм кеңес үкіметі себеп болды…» [7, 15-16-б.]. Осылайша, Т.Рысқұлов қазақ ауылдарындағы білімге деген күшті ұмтылыстың бар екендігін айта отырып, қазақ ауылдарында жаппай мектеп ашуды ұйымдастыру үшін нақты іс-шаралар жүйесін іске асыруды ұсынды. «…Кедейлердің мектеп ашуға күші жетпейді, – дейді Т.Рысқұлов, – Өкімет оларға жәрдем етпеген. Үкімет бөлімдері кіріссе орыс, мұсылман қыстақтарында кеңестер мектептерін ашуға болатын. Ұзынағашта исполкомға бір мектеп ашыңдар деген соң халық қозғалып, мектеп ашуға кірісті. Қыстақтарда партия ошақтары болмағандықтан һәм газет алынбайтындықтан саяси ағарту істерінің аты да жоқ. Халық арасында мектеп ашу жұмыстарын жүргізуге болады. Мұғалімдер, кітаптар табылып, халық ағарту бөлімдері мектептер ашып берсе, халық мектеп шығындарын өз мойнына алатыны анық.» Т.Рысқұлов, мемлекет мектепке кететін шығындардың үштен бірін берсе де болады дей отырып, ең алдымен қырғыз-қазақтар үшін аудан орталықтарында мектеп-интернаттар ашылуы тиіс деп атап көрсетті. [7, 16-17-б.].
1923 жылы өткен ТКП Жетісу облыстық ІІІ партия конференциясынан кейін, Жетісу облыстық әскери революциялық комитетінің төрағасы қызметін атқарып отырған Қабылбек Сарымолдаев (ол 1922 жылдың 14 қазаны мен 1923 жылдың 18 шілдесі аралығындағы облревком төрағасы болып жұмыс істеді – С.Ш.) Т.Рысқұловтың тапсырмасын орындай отырып, барлық аудан орталықтарында кедей балаларына арналған мектеп-интернаттар ұйымдастыруды қолға алады. Осы саясат аясында уездік революциялық комитеттер мен Қосшы одағынан жергілікті кеңестік орындарға Жетісу облыстық мектеп-интернаттарға жетім, жалшы және кедей балаларынан оқуға адам жіберу туралы арнайы нұсқаулар жіберілді. Міне, осы саясат аясында көптеген қазақ балалары білім алып, 30 жылдары қазақ халқына қызмет етті. Олардың қатарында Нұрбапа Өмірзақов, Ақай Нүсіпбеков және т.б. көптеген қазақ қайраткерлері болды [8].
Тұрар Рысқұлов Түркістаннан кеткеннен кейін, 9 ай көлемінде Коминтерннің өкілетті өкілі ретінде Моңғолияда жұмыс істегені белгілі. Ол 1925 жылғы шілде айының басында Мәскеуге қайтып келген соң өзінің Моңғолиядағы қызметіне есеп береді. Оған дейін-ақ, 1925 жылы 10 шілдеде өткен МХРП ОК-нің мәжілісінде Т.Рысқұловтың Моңғолиядағы қызметін тұтастай мақұлдап, оған оң баға берілген болатын. Көп ұзамай, КСРО Сыртқы істер халкомы Г.В.Чичерин де осындай баға берді және оған қолдау көрсету қажет деген пікір білдірді [9]. Осыдан соң, БК(б)П ОК-і Т.Рысқұловтың Моңғолиядағы қызметіне жоғары баға бере отырып, әбден ысылған партия және шаруашылық қайраткерін одан ары жұмысқа пайдалану мәселесін ойластыра бастады. Т.Рысқұлов бұл кезде Түркістан халкомкеңесінің төрағасы болған қызметі арқылы-ақ өзін шебер шаруашылық қожайыны, ТКП Мұсылман бюросындағы жұмысы арқылы дарынды партиялық ұйымдастырушы ретінде мойындатқан, Моңғолиядағы қызметі арқылы халықаралық дәрежедегі сұңғыла саясаткер, шебер мәмілегер екенін көрсеткен тұлға болғандықтан да оған қай саладан болса да қызмет ұсынуға болатын еді.
БК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы Т.Рысқұловты партиялық жұмысқа пайдалану орынды болады деген тоқтам жасайды. Сол кезеңде БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитеті аса қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан еді. 1925 жылдың қыркүйек айында Қазөлкекомының бірінші хатшысы қызметіне кіріскен Ф.Голощекин Қазақстанда асқынып тұрған қазақ топшылдығымен күрес бастады. Әрине, бұл күрес өте тәжірибелі саясаткер, кәнігі басқарушы Ф.Голощекин үшін де оңайға соқпады. Бұл күрестің аса ауыр, әрі ұзаққа созылатынын БК(б)П ОК-і де, Ф.Голощекин де анық түсінді. 1925 жылғы желтоқсан айында өткен V Бүкілқазақстандық партия конференциясы мұны анық көрсетіп берді. Оның үстіне, бұл кезеңде республика шаруашылығы да 1913 жылғы деңгейге көптеген салалар бойынша жете алмай, ақсап жатқан болатын. Сондықтан, БК(б)П ОК-і Т.Рысқұловты Қазақ өлкелік партия комитетіне қызметке жіберуді ойластыра бастады. Көп уақыт Қазақстанда болмаған Т.Рысқұлов та осыған мүдделі еді.
Осы арада, «рысқұловшылдық» туралы мәселеге тоқтала кету қажет. Өйткені, 1925 жылғы кейбір тарихи құжаттарда «қожановшылдар» немесе, «рысқұловшылдар» деген сипаттаулар кездеседі. Мұның барлығы да Орталық пен оның Қазақстандағы жандайшаптарының негізсіз айыптаулары болатын. Шын мәнінде, Т.Рысқұловтың Қазақстандағы топшылдыққа ешқандай қатысы болған жоқ. Біріншіден, ол Қазақ АКСР-інде бұған дейін қызмет атқарған жоқ. Екіншіден, Түркістан АКСР-індегі оның тобы – Орталықтың эмиссарлық органы Түріккомиссияға қарсы жергілікті түрік халықтарының мүддесін қарсы қоя білген Мұсбюро болатын. Түріккомиссияның Т.Рысқұлов тобын талқандауы – Түрік Кеңес Республикасы мен Түрік халықтарының Компартиясын құру туралы идеяға берілген соққы болатын. Ал осының негізінде ұлттық мүдде жолындағы әрекеттерді «рысқұловшылдықпен» айыптауға жол берілді. Сондықтан, Т.Рысқұловты топшылдықпен айыптау ешбір қисынға келе қоймайды. Бірақ, Қазақ АКСР-індегі асқынған топшылдық одан әлдеқайда жоғары тұрған түрікшіл тұлға Т.Рысқұловқа да салқынын тигізбей қоймады. Ол 1926 жылы Қазақстанға қызметке келген кезде осы мәселемен бетпе-бет кездесті.
Т.Рысқұловты Қазақстанға жұмысқа жібермес бұрын БК(б)П ОК-і Ф.Голощекиннің және Қазөлкеком бюросының өзге де мүшелерінің көңіл-күй ауанын байқау мақсатымен Т.Рысқұловты Қазақстанға жұмысқа жіберсек қалай қарайсыңдар деген мазмұнда жеделхат жолдады. Өйткені, БК(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы 1919 жылы Түріккомиссияның мүшесі болған Ф.Голощекин мен Т.Рысқұлов арасының жақсы емес екенін анық білетін. Оның үстіне, оған дейін өте жоғарғы деңгейдегі партиялық және мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып, халықтың құрметіне бөленген Т.Рысқұловтың қатардағы қызметке келмейтіні әу бастан-ақ белгілі. Яғни, бұл дегеніңіз, біреудің жылы орнынан жылжуы деген сөз. Бір қызығы, 1926 жылы 10 ақпанда өткен БК(б)П Қазөлкекомы бюросының Ф.Голощекин, И.Киселев, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, Ж.Мыңбаев, А.Серғазиев, С.Сәдуақасов, О.Исаев, М.Тәтімов, И.Игеновтардың қатысуымен өткен мәжілісінде «Жолдас Рысқұловты Қазақстанда жұмысқа пайдалану туралы ОК-тің жеделхаты» қаралып, «жолдас Рысқұловтың жұмыс істеу үшін Қазақстанға келуіне қарсылық жоқ» деген қаулы қабылданды [10]. Осы жерде, барлық жағынан тығырыққа тіреліп, одан шығар жол іздеп отырған Ф.Голощекиннің бұдан басқа амалы жоқ болған шығар деген ойдамыз. Себебі, Т.Рысқұловтың керемет ұйымдастырушылық дарыны Қазақ АКСР-і үшін ауадай қажет болатын.
Қазақ өлкелік партия комитетінің ресми келісімін алған БК(б)П ОК Ұйымдасыру бюросы 1926 ж. 3 наурызда БК(б)П ОК Хатшылығының келісімімен Т.Рысқұловты БК(б)П Қазөлкекомының қарауына жіберу туралы шешім шығарды.
Біздің қолымызға Т.Рысқұловтың Қазақстанға дәл қай күні келгенін айғақтайтын құжат әзірге түсе қойған жоқ. Тек белгілісі – 1926 ж. 10 сәуірде өткен Қазөлкекомы бюросының мәжілісі оның қатысуынсыз-ақ «жолдас Рысқұловтың жұмысы туралы» мәселені қарап, оны БК(б)П Қазөлкекомының Баспасөз бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады. Ал 19 сәуір күні өткен аталмыш бюро мәжілісі Т.Рысқұловтың қатысуымен өтеді. Осы мәжілісте Ф.Голощекин «Еңбекші қазақ» газетінің редакциялық алқасы туралы» хабарлама жасап, ол бойынша «Рысқұлов, Сәдуақасов және Жандосов жолдастар «Еңбекші қазақ» редакциялық алқасына мүше болсын, Т.Рысқұлов газеттің жауапты редакторы болып тағайындалсын» деген шешім қабылданды [11]. Яғни, Т.Рысқұлов Қазақстанға осы екі аралықта келсе керек.
Т.Рысқұлов Қазақстанға келе салысымен-ақ әдеттегіше жұмысқа қызу кірісіп кетеді. Ол кезде Қазақстанда 29 мерзімді басылым шығып тұратын еді. Оның 16-сы орыс тілінде болса, 12-сі қазақ тілінде, 1-уі ұйғыр тілінде шығатын. Т.Рысқұлов өлкелік баспасөз бөлімінің меңгерушісі ретінде ауыл кеңестерінің жұмысын жандандыру бағытында орасан жұмыс атқарды. Үнемі қазақ ауылдардарындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, қазақ кедейлерінің кеңестердегі рөлін арттыруға баспасөзді жұмылдыруға күш салды. Сонымен қатар, республикалық баспасөзге жұмсалатын қаржыны көбейтуге, губерниялық баспасөз бөлімдерінің жұмысын жетілдіруге баса назар аударды. Біз Т.Рысқұловтың аз уақытта Қазақстанда атқарған жұмыстарын кеңірек көрсету үшін нақтылы деректермен бере кетуді жөн санап отырмыз.
Мысалы, Т.Рысқұлов 1926 ж. 21 сәуір күні өткен Қазөлкомы хатшылығының мәжілісіне қатысады. Т.Рысқұловтың мәжілістегі рөлі мен ықпалы, оның энергиясы хатшылықтың хаттамасынан-ақ айқын сезіліп тұр. Осы мәжілісте Т.Рысқұлов қаржының жетіспеушілігі салдарынан шығуы тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұрған «Қызыл Қазақстан» журналына қаржы іздестіру туралы мәселені көтере отырып, журналды шығаруды тоқтатпау және оған бөлінген 3000 сом субсидияны жеткіліксіз деп есептей отырып, керекті қаржыны тез арада табуды Қазақ ХКК комфракциясына жүктеу, журналдың редакциясына журналды тарату мен насихаттау бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұсыну, 5 мамыр күні өтетін «Баспасөз күні» мерекесіне орай Қазақстанның партиялық ұйымдарына журналдың беделін көтеру мен оны тарату мәселесіне көңіл аударуды сұрау жөнінде шешімдердің қабылдануына ұйытқы болды. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов Сырдария губкомының Сырдария облысының «Ақжол» және «Смычка» газеттерін өлкелік «Еңбекші қазақ» және «Советская степь» газеттерімен біріктіру туралы 1926 ж. 27 наурыздағы қаулысы туралы айта келіп, губкомның шешімін мақұлдау және осы шешімді аяғына дейін жеткізу үшін Ә.Байділдинді Шымкент қаласына іссапарға жіберу жөнінде шешім қабылдатты [12].
Көріп отырғанымыздай, Т.Рысқұловтың бір күндік жұмысының нәтижесінің өзі осыншалықты ауқымды. Бірақ, Т.Рысқұловтың басы үнемі кеңестік ноқта мен партиялық жүгенге сия бермейтін. Сондықтан да, Ф.Голощекин одан үнемі тартынып, аяғын аңдап басатын. Ф.Голощекин БК(б)П ОК-нің ресми өкілі әрі Қазөлкекомының бірінші хатшысы ретінде Орталықпен ым-жымы бір болғанымен, көп жағдайда Т.Рысқұловтың беделі, қайраткерлік қарымы мен тұлғалық мысы Ф.Голощекиннен басым түсетін. Сондықтан да, Т.Рысқұловтың Қазақстанда одан ары жұмыс істей беруі деген сөз – Ф.Голощекиннің көп ұзамай қызметтен кетуі болып шығар еді. Ал Т.Рысқұловтың Орталық үшін тиімсіз тұстары көп болатын. Өйткені, қазақ қайраткерлерін бір-біріне бөліп соғу тәсілімен Орталықтың отарлық жымысқы саясатын жүзеге асыратын әккі Ф.Голощекин кеткен жағдайда, Т.Рысқұлов қазақ қайраткерлерін тұтас бір арнаға біріктіріп, орталық пен ұлт аймағы арасындағы қарым-қатынаста республика мүддесін қарыса қорғауы сөзсіз еді. Бұл жағдай, кейіннен, 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу науқанына байланысты Т.Рысқұлов позициясынан анық көрінді. Осы жағынан келгенде, Т.Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстыру Орталық үшін де Ф.Голощекин үшін де тиімді болатын. Екіншіден, Т.Рысқұловтың РКФСР-дің орталық мемлекеттік басқару органында қызмет атқаруы Қазақстан үшін де, өзі үшін де тиімді боларын Ф.Голощекин де анық бағамдаса керек. Осылайша, Қазақстанға келгеніне екі апта уақыт өтер-өтпес Т.Рысқұловтың басқа жұмысқа ауысуы туралы мәселе көтеріле бастады.
1926 ж. 25 сәуір күні Қазақ, Татар және Башқұр автономиялық республикалары қызметкерлерінің (Н.Нұрмақов – ҚАКСР ХКК төрағасы, Ж.Мыңбаев – ҚАКСР ОАК төрағасы, Ахсан Мұхаметқұлов – БАКСР ХКК төрағасы, Хафиз Кушаев – БАКСР ОАК төрағасы, Шайгардан Шаймарданов – ТАКСР ОАК төрағасы) қатысуымен өткен кеңесте «РКФСР орталық мекемелерінің жауапты орындарына ұлт қызметкерлерін ұсыну туралы» мәселе қаралып, Т.Рысқұлов – РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметіне, Саитгалиев – РКФСР Кіші Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметіне, Биишев – РКФСР Қаржы халкомының орынбасары қызметіне ұсынылды. Ж.Мыңбаев осы кеңес шешімін бекітуді сұрап БК(б)П ОК-нің бас хатшысы И.Сталиннің, хатшысы В.Молотовтың, Орталық Бақылау комиссиясының төрағасы В.Куйбышевтың атына жазған хатында олардың тағайындалуын сұрай отырып, бұл шараның Орталық пен шет ұлт аймақтарының арасындағы шаруашылық және саяси байланыстарға жағымды дәнекер болатынын атап көрсетті [13].
Т.Рысқұловтың РКФСР ХКК төрағасы қызметіне бекітілуі туралы мәселе Орталықта қаралып жатқан тұста, ол өзінің қарымды қызметін жалғастырып жатқан болатын. Ол 1926 ж. 26 сәуір күні өткен Қазөлкеком хатшылығының мәжілісінде «комсомол баспасөзі туралы» айта келіп, комсомол газетінің қайта шығарылу қажеттігін, комсомол газетіне қатысты Қазөлкеком шешімінің қайта қаралуы туралы мәселені Бюро мәжілісіне қою керектігін, Қазөлкекомның баспасөз бөлімі мен БЛКЖО Қазөлкекомына бірлесе отырып бюроның келесі мәжілісінде шығатын газеттің сипаты мен оған керекті қаржы туралы мәселені баяндау тапсырылды. Т.Рысқұловтың осы еңбегінің нәтижесінде 1924 жылдың 8 ақпанынан бері «Еңбекші қазақ» газетінің 4-бетінде қосымша ретінде «Лениншіл жас» атауымен, 1925 жылғы 3 ақпаннан (С.Сәдуақасовтың редактор болуынан кейін – С.Ш.) бері «Жас қайрат» атауымен қосымша ретінде шығып келген комсомол газетін жеке шығару мәселесі орынды шешім тауып, 1927 жылдың басынан бастап «Лениншіл жас» газеті қайта шыға бастады [14].
Сондай-ақ, Т.Рысқұлов хатшылықтың осы мәжілісінде «Семей мембаспасы туралы» хабарлама жасап, Семей мембаспасының мүмкіндіктерін республика үшін пайдалану жөнінде шешім шығарып, Семей мембаспасының жұмысы мен Қазмембаспасының жұмысын ұштастыруды және оның орындалуы мен жүзеге асуын бақылауды өзі басқаратын бөлімнің қарамағына алуды ұсынды. Ұсыныс толық қабылданып, Семей мембаспасы республикалық маңызы бар баспаға айналды.
Мәжілісте қаралған келесі бір мәселе – «Қазақстандағы шаруалар көтерілісінің 10 жылдығын өткізу туралы» мәселе болды. Бұл мәселе бойынша да оң шешім қабылданып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 10 жылдығын атап өтудің жоспарын жасау үшін Ж.Мыңбаев, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, Брудный, Рязанов және Хангереевтерден тұратын комиссия құрылды. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліске алғаш рет орынды тарихи баға берілгені белгілі.
Т.Рысқұлов Қазақстанға келгеннен кейін көп ұзамай, 1926 жылдың 30 сәуірі – 3 мамыры аралығында өткен 5-сайланған Қазөлкекомның ІІ пленумында жергілікті кеңестердегі байлардың ықпалына соққы беру қажеттігін көрсетті. Байлар рулық және туысқандық қатынастарға сүйенгендіктен емес, қолына биліктің экономикалық тұтқасын ұстағандықтан да кеңестерде жеңіске жетеді деді Т.Рысқұлов. Ал өз кезегінде осы жағдай қазақ ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі деді. Сондықтан, байларға салынатын салық көлемін өсіріп, қазақ шаруалары мен жұмысшылар одағының нығаюына жәрдемдесу керек деген пікір білдірді.
1926 жылы 5 мамырда қызылорда қаласындағы Іскерлер клубында Баспасөз күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді. Осы жиында баяндама жасаған Т.Рысқұлов қайта құру жағдайындағы Қазақстанның даму барысына тигізетін баспасөздің рөлі мен маңызын ғана айтып қоймай, ол республикалық баспасөздің алдына нақтылы міндеттер қоя білді. 1926 ж. 13 мамыр күні өткен Қазөлкомы бюросының мәжілісінде қабылданған «қазақ баспасөзін жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың» (Қазөлкеком Баспасөз бөлімінің жоспары – С.Ш.) осы баяндама тезистері негізінде қабылданғаны айдан-анық. «Реализовать права Отдела Печати Крайкома, как самостоятельного Отдела» [15] деп басталатын аталмыш құжаттан Т.Рысқұловтың ноқтаға басы сыймайтын қолтаңбасы мен «төртінші билік – төрге шық!» деген ұран мүлтіксіз көрініп тұрғандай әсер қалдырады. Бюро мәжілісі Т.Рысқұлов басқаратын бөлімнің жұмыс жоспарын бекітіп қана қоймай, баспасөзге бөлінетін жаңа қаржы көздерін іздестіру мен тарту бойынша да Т.Рысқұлов ұсынған шараларды бекітті.
1926 ж. 19 мамыр күні өткен Қазөлкомы хатшылығының мәжілісіне қатысқан Т.Рысқұлов «Еңбекші қазақ» газетінің жазылу ақысын 8 миллион сомға дейін көбейту туралы шешімнің шығуына ықпал жасады. Мұның барлығы оның беделі мен іскерлігін көрсететін еді [16].
Көп ұзамай, БК(б)П Қазөлкекомына БК(б)П ОК хатшысы В.Молотовтан 1926 ж. 31 мамырдағы БОАК Төралқасының қаулысымен Т.Рысқұловтың РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілгені туралы хабарлама келіп жетті. «Еңбекші қазақ» газеті бұл жөнінде 8 маусым күнгі санында ресми хабар берді. Дәл осы күні өткен БК(б)П Қазөлкомы хатшылығының мәжілісінде, Т.Рысқұлов 5 мәселе бойынша хабарлама жасап, өз ұсыныстарын толық өткізіп кетті. Олар:
– Қазақ тілінде өлкелік шаруалардың жаңа газетін шығару шешілді;
– Өлкелік шаруалар газетінің редакторы болып Ж.Мыңбаевты, орынбасары етіп Ә.Байдильдинді бекітті;
– БК(б)П Қазөлкекомы Баспасөз бөлімін басқару уақытша Ә.Байдильдин мен А.В.Шверге жүктелді;
– «Еңбекші қазақ» газетінің уақытша редакторы болып О.Жандосов бекітілді;
– Қазақ тілінде ғылыми терминологияны тексеріп, оны Қазөлкекомға баяндау Баспасөз бөліміне тапсырылды [17].
Т.Рысқұлов 14 маусым күні өткен Қазөлкомы хатшылығының және 16 маусым күні өткен Қазөлкомы бюросының мәжілістеріне қатысады. 16 маусымдағы бюро мәжілісі Т.Рысқұловтың жаңа қызметке тағайындалуына орай, оны Орталыққа жіберу туралы шешім шығарды [18].
Қорытынды. Т.Рысқұловтың Қазақстандағы қызметі небәрі 2 айға ғана созылды. Осы қысқа ғана уақыттың ішінде Т.Рысқұлов Қазақстан тарихына өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырды.
Тұрар Рысқұловтың есімі – Тұтас Түркістан идеясының баламасы іспеттес. Тұрар Рысқұловтың есімін еске алғанда оның 1918-1919 жылдардағы Түркістандағы аштықпен күресті басқарып, миллионнан астам адамды ажал аузынан арашалап алғаны; 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде И.Сталинге хат жазып, Қазақстанда аштан қырылып жатқан халқын арашалап алуды ұйымдастыруға өлшеусіз үлес қосқаны; «Түрік халықтарының Коммунистік партиясы» мен «Түрік Кеңес республикасын» құру жолындағы тарихи күресі; 1926 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске дұрыс тарихи баға бергізудегі тарихи рөлі; Түріксібтің салынуын басқаруы және т.б. тарихи еңбектері көз алдымыздан тізбектеліп өтіп жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Адырбекұлы К. Алты алаштың ардақтысы: тарихи-танымдық кітап. – Алматы: «Тоғанай Т», 2018. – 240 б.; Алдажұманов Қ. Тұрар Рысқұлов: өмірі мен қызметі // Рысқұлов Т.Р. Шығармаларының толық жинағы. Полное собрание сочинений. Т.1. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2007. – 392 б. (5-27-б.); Әбілтайұлы М., Әбілдаев Н. Тұрар Рысқұлов Монғолияда. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 84 б.; Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 448 б.; Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің күндерегі. – Тараз: Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы, тарМПИ баспасы, 2014. – 1-том (1894-1919 ж.ж.) – 2014. – 2016 б.; Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметінің қысқаша очеркі // Түркістан жинағы = Туркестанский сборник. Ғылыми мақалалар мен очерктер жинағы. 2 том. / Жалпы ред. басқ.: т.ғ.д., проф. Д.П.Қожасжарова; Ғылыми ред.: т.ғ.к. О.М.Қоңыратбаев. – Тараз: Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы, ТарМПИ баспасы, 2015. – 235 б. (30-64-б.).; Қоңыратбаев О.М., Жүнісбаев А.Ә. Мұсылман Бюросы – егемендік идеясының жаршысы (1919-1920 жылдар). – Алматы: ИП «Уатханов» баспасы, 2011. – 246 б. (84-б.).; Сәбден О., Жәпек М.С. Тұрар Рысқұлов публицистикасындағы экономикалық көзқарастары / О.Сәбденнің ғылыми редакциялауымен. – Алматы: Экономика институты ҒКБҒМ, 2014. – 356 б.; Устинов В.М. Турар Рыскулов: (Очерки политической биографии). – Алматы: Казахстан, 1996. – 464 б.
2 Большевистское руководство. Переписка. 1912-1927. Сборник документов / Составители: А.В.Квашонкин, О.В.Хлевнюк, Л.П.Кошелева, Л.А.Роговая. – М.: РОССПЭН, 1996. – 423 с.
3. Қозыбаев М.Қ. Ғасыр тауқыметін арқалаған арыстар // Тұлғалар тұғыры / Құраст. І. Қозыбаев. – Алматы: ҚазАқпарат, 2009. – 540-б. (229-244-б.).
4 Рыскулов Т. К открытию Всекиргизского съезда // Известия (Ташкент). 1919, 25-декабря.
5 Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 448 б.
6 Третья областная партконференция Джетысу. Стенографический отчет. – Алматы, 1923. – 88 с.
7 Т.Рысқұлов. Шығармаларының толық жинағы. Полное собрание сочинений. Т. 3. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2007. – 360 б.
8 Айдаралиев Қ. Нұрбапа Өмірзақов. – Алматы: «Қазақстан», 1993. – 72 б. (22-24-б.).
9 Устинов В.М. Турар Рыскулов: (Очерки политической биографии). – Алматы: Казахстан, 1996. – 464 б. (С. 284.).
10 ҚРПА, 141-қ.,1-т., 486-іс, 29-29-а.п.; 1039-іс, 50-50-а.п.
11 ҚРПА, 141-қ.,1-т., 486-іс, 111-п.; 1039-іс, 174-п.
12 ҚРПА, 141-қ., 1-т., 492-іс, 97-п.
13 РӘСТМА, 17-қ., 67-т., 327-іс, 145-146-п.
14 ҚРПА, 141-қ., 1-т., 492-іс, 106-а.п.
15 Сонда, 486-іс, 147-п.
16 Сонда, 492-іс, 118-п.
17 Сонда, 175-177-п.
18 ҚРПА, 141-қ., 1-т., 487-іс, 1-3-п.

 

Continue Reading

Мақала

Түркиялық жастардың қазақша оқуы екі елді жақындата түседі

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жыл сайын шетел азаматтары оқуға келіп жатыр. Студенттер сырттан келетін елдердің географиялық картасының ауқымы толығып келеді. Шетелден келген студенттердің басым бөлігін түрік ағайындар құрайды. Қазақстан Егемендік алғанда алғашқылардың қатарында болып біздің елімізбен халықаралық байланыс орнатуға ниеттенген мемлекет Түркия елі болған. Содан бері бұл үдеріс дамымаса, тоқтаған емес. Университетте биылғы жылы біраз Түркиялық жастар оқуға келді. Олардың арасында оқуға өте ынталы, тәртіпті Саглам Баки мен Алтунбаш Эймен де бар. Түркия елінен келген екі достың болашақ армандары – дәрігер болу. Олар еліміздегі іргелі оқу орны С. Асфендияров атындағы медицина университетінде оқып, дәрігер болғылары келеді.
Бакидің қазақ жеріне келуі бірінші рет емес. Оның әкесі- шешесі Ахмет Иссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің түлектері. Әкесінің ұлты- түрік, ал шешесі – қазақ қызы. Әке-шешесі қазір Түркия елінде тұрып жатыр. Бакидің нағашы әжесі Түркістан қаласында тұрады. Бірақ Баки қазақ тілін біздің университетте бастап оқыды. Оқуға алғыр Баки өз ортасына өте беделді. Факультет тарапынан ұйымдастырып тұратын шаралардың барлығына досы Эймен екеуі белсене қатысады. Биылғы жылы университетте жыл сайын болатын дәстүрлі студент жастар мен ғалымдардың ғылыми конференциясында екі дос баяндама жасады. Саглам Баки баяндамасында қазақ тілі мен түрік тілінің арасындағы ұқсастықтарды анықтап беруге тырысты, ал Эймен болса «Түркия – саяхат Отаны» деген тақырыпта баяндама жасап, көпшілік қауымға Түркия еліне демалуға барғанда қай жерлерді таңдауға болады және оларда қызмет көрсету сапасы, бағасы туралы ақпараттар беріп өтті. Баяндамалары өте қызық болды.
Баки мен Эймен университетте ұйымдастырылған концерттерде өз өнерлерін көрсетіп тұрады. Олар оқу жылының бірінші семестрінің соңында факультетімізде өткен концертте Абайдың «Көзімнің қарасын әнін» топтағы студенттермен қосыла орындады. Бос уақыттарында қазақ елін жақсырақ тануға жандары құштар олар еліміздегі мұражайларға, әртүрлі мәдени шараларға жиі барып тұрады. Соның нәтижесінде олар қазір қазақша өте жақсы сөйлейді.
Олар тілді тек жалаң грамматиканы жаттап оқуға қарағанда өздері тұрып жатқан елдің мәдени өміріне, күнделікті тұрмысына етене араласа жүріп оқудың пайдасы анағұрлым зор екендігін дәлелдеп келеді. Қазір Баки мен Эймен көп қазақ достар тапты, олармен болашақта да достық қарым-қатынастарын дамытуды ойлап жүр.
Түркиялық екі талапты студенттің оқуда көп жетістіктерге жетіп, болашақта мықты дәрігерлер болуларына тілектеспіз. Олардың болашақта Қазақ елі мен Түркия арасында тәжірибе алмасуға, медицина саласында әріптестік орнатуға өз үлестерін қосады деген сеніміміз де бар. Лайым солай болсын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының
аға оқытушылары
Г.Ә. Машинбаева, Р.И. Дүйсенбаева

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек3 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек5 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек5 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек6 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек6 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек8 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек9 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Басты назарда