13 мамыр, KAZNEWS. Еркінбек Бөденұлы аймақтық Журналистер одағының төрағасына тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы “Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі” күніне орай 11 мамырда конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияға аймақтағы барлық БАҚ өкілдері, белсенді тілшілер қатысты.
Одақ төрағасының қызметін атқарушы Еркінбек Бөденұлы одақтың тарихын таныстырып, бұған дейінгі атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Одақтың бұрыңғы төрағалары Сәбет Насырұлы мен Өмірбек Биқұмарұлы БАҚ саласындағы заңнамалар, жаңа медиалар туралы, Ховда университетінің аймақтағы филиалының ғылыми жетекшісі Хиналған Жылқыайдарқызы журналистика саласы және журналистердің қостілді білімі туралы баяндама жасады.
Конференцияға жиналған БАҚ өкілдері Моңғол Заман газетінің редакторы Асылбек Рахатұлн, ақын Жанат Боқашұлын, журналист Вася Бұлшыпұлын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялады.
Өмірбек Биқұмарұлы одақ төрағасын рәсімдеуге байланысты ұсыныс білдіріп, БАҚ өкілдері бірауыздан Еркінбек Бөденұлын Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы төрағасына тағайындады.
Аймақтық Бұқаралық радиосының тілшісі Маржан Кәкейқызы мен Дербес телеарнасының журналисті Жұлдыз Жұмағұлқызы “Баспасөз саласының озат қызметкері” төсбелгісімен марапатталды.
Аймақ әкімінің “Құрмет громатасы” Алтайньюс газетінің редакторы Жексенбай Қайыпұлы, Моңғол заман газетінің тілшісі Айгүл Ұстапқызы, Алтай сұмындық белсенді тілші Мерғалым Жәнімханұлы, Саян ТВ тілшісі Б.Энх-Уянга -ға, Аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының “Құрмет громатасы” Озат Ешмайұлы мен Тілектес Ақынбекұлына табыс етілді.

Шұғыла журналының арнайы марапаты журналист Нұрболат Өнерханұлы мен Айбота Әлиханқызына, Радионың арнайы сыйлығына Хобда аймағының зейнеткер ұстаз, аға журналист Шілдебай Қыранбайұлы, Көкмайнақ ауыл Қизатхан, Мағауия Сұлтанияұлы атындағы сыйлыққа журналист Аманбек Қанайұлы, Қажекбер атындағы сыйлыққа С.Әнсар, Қуатай атындағы сыйлыққа Муратбай Қажыбайұлы, Өлгий сұмыны “Құрмет медалы” -мен Баяннуур сұмындық З.Қонай, Ногооннуур сұмындық З.Қатпа ағамызға берілді.
Казньюс ақпарат агенттігі де бұл конференцияда аға журналист Тілеухан Ақбайұлы мен Қабдыраш Жекейұлына арнайы дайындаған марапатын құрылтайшысы Өмірбек Қабайұлы табыс етті.
