Connect with us

Моңғолияда

Алтынгүл Дәлелқызы: Көктемгі кітап мерекесі 20 мамырда өтеді

Published

on

15 мамыр, KAZNEWS. Көктемгі Ұлттық кітап мерекесі 2022 жылғы 20 мамыр күні орталық алаңда өтеді. Бұл туралы Ақтан Бабиұлы атындағы Орталық кітапхана директоры Алтынгүл Дәлелқызы хабарлады.

Моңғолия Парламентінің спикері Г.Занданшатардың бастамасымен 20 мамыр күні Өлгий қаласы “Ікей батыр” атындағы орталық алаңда көктемгі “Ұлттық кітап мерекесі” өтпек.

31-рет өткізелетін кітап мерекесі Өлгий қаласының қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болмақ.

Ұлттық кітап мерекесіне балабақшалар да қамтылады. Олар ең кішкентай оқырмандармен жасөспірімдерге ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны мен парадын көрсетеді.

Көрерменге кітап алмасу акциясы мен ең сирек кездесетін кітаптар көрмесі ұсынылады.

Сондай ақ, кітапханаға жанашырлық танытып жүрген азаматтарға арнайы құрмет көрсетіледі. 

Advertisement


Моңғолияда

Президент Түркияға барған құтқарушыларды марапаттады

Published

on

17 наурыз, KAZNEWS. Мемлекет басшысы Ухнаагийн Хүрэлсүх Түркиядағы Төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, көрсеткен ерлігі үшін құтқарушыларды арнайы медальмен марапаттады, бұл туралы KazNews тілшісі Моңғолия Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет жүктеген міндеттерді абыроймен және жоғары кәсіби деңгейде орындаған құтқару жасағының 35 қызмметкерін «Әділет», «Әскери құрмет» және «Бейбітшілік үшін» медальдарымен марапаттады. 

Continue Reading

Моңғолияда

Үкімет: Ауылға көшсе, осылай қолдаймыз

Published

on

12 наурыз, KAZNEWS. Моңғолия үкіметі жүзеге асырып жатқан «Жаңа жаңғыру саясаты» аясында «Ауылдың жаңғыруы» атты конференция ұйымдастырылды.

Осы орайда ел үкіметі тарапынан қаладан аймаққа, ауылға көшуге ниет білдірген азаматтарды жан-жақты қолдайтынын жеткізді. Мұнда,

– Орталықсыздандыру және аймақ халқын арттыру мақсаты аясында ірі елді мекендердің халқы 20 пайызға, ал аймақ халқы 10 пайызға артады.

– Ауылға келіп жұмыс орындарын ашқан тау-кен саласының компанияларынан өзге компанияларға салықтық жеңілдіктер көрсетіледі.

– Жергілікті жерлерге /ауылға/ көшіп келген азаматтарға 3 пайыздық ипотекалық несие беріледі.

– Жергілікті жерлерге /ауылға/ қоныс аударған кәсіпорындарға бір пайыздық жеңілдікпен несие беріледі.

– Жылу және электр энергиясын өндіретін жобалар табыс тауып бастағаннан кейін алғашқы үш жылда 90 пайыз салықтан босату және келесі үш жылда 50 пайыз салықтан босатылады.

– Шекаралық бекеттерді жаңғырту аясында ауылдық жерлерде 600-ден астам жаңа жұмыс орны, ал энергетиканы жаңғырту аясында 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Continue Reading

Моңғолияда

Сыртқы істер министрі Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Published

on

7 наурыз, KAZNEWS. Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэг 2023 жылдың 8-9 наурыз күні Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэг Өзбекстан Республикасының мемлекет басшысының қабылдауында болып, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиёр Саидовпен екіжақты келіссөздер жүргізеді.

Кездесуде екі жақтық қарым-қатынастармен сауда, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, халықаралық және аймақтық мәселелер талқыланады.

Continue Reading

Моңғолияда

Көз дәрігері Шәмсия Мұратқызы халықаралық сыйлыққа ие болды

Published

on

04  наурыз, KAZNEWS. Медицина ғылымдарының докторанты, Көз дәрігері Шәмсия Мұратқызы халықаралық сыйлыққа ие болды.

Шәмсия Мұратқызы Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өткен Азия-Тынық мұхиты Офтальмология академиясының конференциясында «Салғырттықтың алдын алудағы үздік қызметі үшін» марапатталды.

Шәмсия Мұратқызы 1999 жылы Медицина университетін адам дәрігері, 2001 жылы Көз дәрігері резидентурасын, 2007 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан көз дәрігерінің ординатурасын тәмамдаған.

2001 жылдан Улаанбаатар қаласындағы Ана мен бала денсаулығы ұлттық орталығында көз дәрігері қызметін үздіксіз атқарып келеді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек3 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек4 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек4 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек6 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек6 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек6 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Басты назарда