Connect with us

Спорт

Баян-Өлгий аймағында туған Ерғали Шәмейұлы пара жүдодан әлем чемпионы атанды

Published

on

09 қараша, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында туып, Қазақстанға қоныс аударған пара дзюдошы Ерғали Шәмейұлы әлем чемпионы атанды.

Ол Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен пара дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында 73 келі салмақта сәтті өнер көрсетіп, Германия спортшысы Сасс Леннартты жеңді.

Ерғали Шәмейұлы Қазақстан құрамасының қоржынына пара жүдодан әлем чемпионатының екінші “алтынын” қосты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек чемпион атанған болатын. Ол паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсіп, қазақ тарихында алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлаған болатын.

Спорт

Б.Чинзориг бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Published

on

15 мамыр, KAZNEWS. Тәшкентте (Өзбекстан) бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Моңғолиялық Баатарсүх Чинзориг -63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Финалда Чинзориг өзбекстандық қандасымыз Руслан Абдуллаевтан жеңілді.

Бұған дейін Баттөмөр Мишээлт (-67 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.

Continue Reading

Спорт

Зейнеп Әзімбайқызы бокстан ел чемпионы атанды

Published

on

17 сәуір, KAZNEWS. Улаанбаатар қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды.
Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.

Continue Reading

Спорт

М.Лхагвагэрэл 125 келі салмақта Азия чемпионы атанды

Published

on

15 сәуір, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында моңғолиялық палуан М.Лхагвагэрэл 125 келі салмақта Азия чемпионы атанды.

125 келі салмақта өнер көрсеткен М.Лхагвагэрэл финалға дейін Қытай және Иран палуандарынан басым түскен. Финалда қазақстандық Жүсіп Батырмурзаевты жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Моңғолияның ерлер командасы бұл жеңісті 8 жыл күткен. Естеріңізге салсақ соңғы рет 2015 жылы Э.Бэхбаяр 57 келі салмақта чемпион атанған болатын. Ал ауыр салмақта 2001 жылы Г.Өсөхбаяр чемпион болған.

Моңғолия құрамасы 1 алтын (125 келі М.Лхагвагэрэл), 3 күміс (62 келі П.Орхон, 55 келі Ч.Отгонтуяа, 65 келі Т.Тулга) 5 қола (72 келі Э.Даваанасан, 53 келі Б.Болортуяа, 92 келі Г.Ганхуяг, 61 келі Т.Түвшинтулга, 74 келі О.Сүлдхүү) барлығы 9 медаль иеленді. 

Азия чемпионатында медальдар кестесінде бірінші орын Қазақстан құрамасына, екінші орын Моңғолия, үшінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды.

Continue Reading

Спорт

Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті

Published

on

Баян-Өлгий аймағының былғары қолғап шебері Бекнұр Қалиұлы Қырғызстандағы халықаралық турнирде қырғыз боксері Елшороулы Оматбекті ұтып чемпион атанған болатын. 

Чемпионды марапаттау сәтіндегі бейнежазба әлеуметтік желіге жүктелді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек3 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек5 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек6 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек6 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек7 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек8 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек9 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Басты назарда