20 желтоқсан, KAZNEWS. Астанада бірінші Орталық Азия медиафорумы жұмысын бастады.
Екі күнге созылатын форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптайды.
Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру.
Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысады. Форумның панельдік сессиясында Түркияның он бірінші президенті Абдолла Гүл, Монғолияның үшінші президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады.
Іс-шараның хэдлайнері – америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш, голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс, YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының иегерлері болмақ.
Моңғолияның 3-ші президенті
Намбарын Энхбаяр
Намбарын Энхбаяр – 2000-2004 жылдары Моңғолияның Премьер-министрі, 2004- 2005 жылдары Парламент төрағасы, 2005-2009 жылдары Моңғолияның президенті қызметін атқарды. Ол – Моңғолиядағы ең жоғары үш лауазымда істеген алғашқы саясаткер. 1997-2005 жылдары Моңғолия Халықтық-революциялық партиясының (бұдан әрі – МХРП) және 2010-2021 жылдар аралығында Моңғол Халықтық- революциялық партиясының төрағасы қызметін атқарған. Үлкен ұлы Батшугар Энхбаяр – Моңғолия ұлттық партиясының атынан Мемлекеттік Ұлы Хуралдың депутаты.
2010 жылы Энхбаяр «Моңғол Халықтық революциялық партиясы» атты жаңа партияны құрды. 2011 жылдың 26 маусымында бұл партия Моңғолияның Жоғарғы сотынан Моңғол халық партиясының бұрынғы атауын қолдануға рұқсат алды. Энхбаяр осы құрылған партияның төрағасы қызметін атқарды.