30 желтоқсан, KAZNEWS. Моңғолияның Ұлттық статистика басқармасы Дүниежүзілік банктің техникалық көмегімен 2002 жылдан бері кедейшілік көрсеткіштерін жариялап келеді. Бұл көрсеткіш екі жыл сайын ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық статистика басқармасының директоры Б.Батдаваа хабарлады.
Оның айтуынша 2018 жылы кедейшілік деңгейі 28,4 пайызды құрап тұрса, 2020 жылы 27,8 пайызды құрағаны кедейшілік деңгейінің 0,6 пайызға төмендегенін көрсетеді.
Қалалық жерлерде кедейшілік деңгейі тұрғындардың 26,5 пайызын, ауылдық жерде 30,5 пайызды құрап тұр.
Моңғолиядағы 3,3 миллион азаматтың 903,4 мыңы кедейшілік шегінде өмір сүреді.
Күнкөріс деңгейі төмен деп танылған халықтың 43,5 пайызы Улаанбаатарда, 20,4 пайызы аймақ орталықтарында, 36,1 пайызы сұмын орталықтары мен ауылдық жерлерде тұрады. Моңғолиядағы 3,3 миллион азаматтың 903,4 мыңы кедейшілік шегінде өмір сүреді.
Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда бір айда тұрақты тұтынатын тауарлары 184747 төгрөгтен кем болса кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдарға жатады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2020 жылы 184747 төгрөгті құраған.
Пандемия кедейшіліктің 3,5 пайызға өсуіне әкеліп соқты.
Пандемияға байланысты үй шаруашылығының табысы өзгермегенде, кедейлік деңгейі 24,3 пайызға дейін төмендейтін еді. Пандемия кедейшіліктің 3,5 пайызға өсуіне әкеліп соқты.
Отбасының табысындағы зейнетақы мен жәрдемақының үлесін 2018 жылмен салыстырғанда 35 пайызға өсуі өмір сүру деңгейін тұратандыруға оң әсерін тигізген.