Kaznews Agency – Баян-Өлгий аймағының 2020 жылғы шілде айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпіні қандай?
Халық саны
2020 жылғы шілде айындағы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халық саны 105016 адамға жеткен.
Жұмыссыздық деңгейі
Сұмын әкімшілігі мен аймақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тіркеулі жұмыссыз азаматтардың саны 2020 жылғы қаңтарда 719 болса, сәуір айында 1177 ге жеткен болатын. Ал шілде айында 769 болуы өткен жылғы шілде айымен салыстырғанда 147 адаммен яғни 16 пайызға азайған. Жұмыссыз азаматтардың 43,7 пайызын әйелдер, 50,3 пайызын 15-34 жас аралығындағы азаматтар иеленсе, олардың 19,1 пайызында жоғарғы білімі бар. Жаңадан 257 жұмыс орны пайда болғанының 27,2 пайызы құрылыс саласына, 24,1 пайызы толайым және бөлшектеп сату саласына тиесілі.
Өнеркәсіп
2020 жылғы сәуір айында өнеркәсіп саласының кірісі 12037,3 млн төгрөг болғаны, 2019 жылғы шілде айымен салыстырғанда 14,6 пайызға, сату көлемі 13,6 пайызға азайған. Өсімнің азаюына төтенше жағдай орын алғанына байланысты кейбір өндірістердің кірісі азайып, тоқтап қалуы әсер еткен.
Банк, жинақ, кредит
Аймақтық Моңғол банк филиалының мәліметі бойынша алғашқы 7 айда несие көлемі 156,6 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы шілде айынмен салыстырғанда 11,8 пайызбен азайған. Мерзімі өткен несие 6,3 миллиард, нашар несие 2.7 миллиард төгрөгті көрсетуде.
Азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 2020 жылғы сәуір айында 107.1 миллиард төгрөг болса, шілде айында 120,0 миллиард төгрөгке жеткен. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы шілде айымен салыстырғанда 17,7%-бен артылған.
Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлар
Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 2020 жылғы шілдені 2019 жылғы шілде айымен салыстырғанда 2,2% -бен, 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 1.2% -бен, өткен мамыр айымен салыстырғанда 0,5 пайызбен өскен. Азық түлік өнімдері мен алкоголь емес сусындар 0,8%-дан, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне 5,2%-дан, киім және аяқкиімге 2,5%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға 2.6%-дан, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау қызметтеріне 3,1%-дан, қонақ үй, қоғамдық тамақтардыру қызметтеріне 1,5%-дан, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер саласына тарифтерге 1,0%-дан, білім беру қызметіне 18.6%-дан, демалыс, мәдени қызметтер 2,9 пайызбен қосылған.
Баға өзгерістері апта сайынғы жинақталған мәліметтерге сүйеніп зерттеледі. Ұнның бағасы 4,9%-бен, сүт өнімдері 23.3%-бен, түбіттің бағасы 36,5%-бен, құмтәтті 1,2%-бен, АИ80 бензин 18,6%-бен, АИ92 бензин 18,1%-бен, дизель отыны 17,5%-бен, престелген шөптің бағасы 24,1%-бен арзандап, сиырдың сүйекті етінің бағасы 5,7%-бен, қой еті 4,3%-бен, ешкі еті 3,8%-бен, күріштің бағасы 1,8%-бен өскен.