27 наурыз, KAZNEWS. Еліміздің 13 аймағы коронавирустың таралу қарқынына байланысты 2021 жылдың 28 наурызынан бастап «қызыл» аймаққа кіреді.
Бұл туралы шешімді Мемлекеттік төтенше комиссияның кезекті отырысында Моңғолияның вице Премьер-министрі С.Амарсайхан хабарлады.
Өмнөговь, Дорноговь, Архангай, Баянхонгор, Дархан-Уул, Дорноговь, Завхан, Орхон, Төв, Хөвсгөл, Хэнтий, Өвөрхангай, Увс аймақтары 2021 жылдың 11 сәуіріне дейін «қызыл» аймақ санатында болады.
Ал, қалған өңірлері «жасыл» аймақта тұр.