Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү мәлімет берді.
Оның айтуынша: «Өткен тәулікте Моңғолия бойынша барлығы 241 адамнан сынама алынған. Оның 238 адамынан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағыты бойынша ұшақпен келген 184 азаматтың үшеуін Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығына оқшаулаған болатын.
Олардан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Ал, қалған 181 азаматтың зерттеу қорытындысынан 3 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 197 ге жетіп, ауруынан айыққандар саны 95 болды. Ем қабылдап жатқандар саны 102.
Ел көлемінде коронавирус анықтайтын алты лаборатория жұмыстап тұр. Батыс өлкеде Хобда қаласында, шығыс өлкеде Дорнодта, Дархан қаласында және Улаанбаатарда үш лаборатория жұмыстап тұр.
Photo: GoGo.mn