Бұл реткі сайлау қайтадан ренжісіп, бір-бірімізге сынап-мінеп, мазақ қылып, келеке етпеуіміз үшін міндетті түрде қоғамдық өзгерістің бастамасы болу керек. Әрбір азамат, әсіресе жастар сол үшін сайлауға қатысып, конcтитуциялық құқығымызды иеленіп, дауыс беруге тиістіміз. «Келесі жолы» деп кейінге ысыра беретін уақыттың барлығы сенің жастық шағың мен арманыңды ұрлап жатқанын болдырмау шарт. Ең жоқ дегенде, өзің ұнататын жұмысыңды істеп, тапқан табысыңның өміріңе жетіп, алаңсыз өмір сүруің үшін ТАҢДАУЫҢДЫ ДҰРЫС ЖАСАУҒА міндеттісің. Ал бұл таңдаудан менің күтетінім не дейсің ғой?!
1. Саяси партиялардың бүлігінен пайда болған ауылдық жерлер мен Ұланбатыр қаласының ауылжайлары дамудан артта қалуын жойып, оларға өздері дамитын мүмкіндік беру қажет.
2. Саясатқа араласу нәтижесінде қол жеткізген мүмкіндікті пайдаланып, заңсыз байлыққа ие болатын мемлекеттік бизнестік құрылымды түбірімен өзгерту керек.
3. Кез келген қаржыландырудан «делдалдық» деген сылтаумен 10 пайыздық үлес жымқыратын билік басындағылардың «жан қалталары» мен «жоғарыдан тағайындалған» ымыраласқан топтардың көзін жойған дұрыс.
4. Заңи ұйымдар мен құқықтық органдарды бір-бірінен өш алаты, қысым көрсетіп қорқытатын «қару» етіп қолдануға нүкте қоюуымыз шарт.
5. Теріс әрекеті әшекереленіп қалғанда жазаланбау үшін әртүрлі айла-шарғы қолданып «жалтару», сонысына мәртебе санап айбарлануды қойған жөн.
6. Тек қана жеке мүдделерін алға қойып ымыраласып, азаматтар мен балалардың тыныш әрі қауіпсіз ортада өмір сүру құқығын аяққа таптаған жолдастарды қайта сайламасақ.
7. Барлық зат өз орнында тұрғанын, яғни халыққа жаны ашитын саясаткерлер билікте, алаяқтар түрмеде, дарындылар өз-өз саласында, қоғамға зияны тиетіндер үйінде болғанын өте-мөте қалаймыз.
Азғантай ғана моңғолдар, біздер өзіміздің келешегіміз үшін дұрыс таңдау жасайтын уақыт келді. 2020 жылғы сайлауда саналы түрде таңдау жасап, асыл мұратымызды арқалап, қоғамдық жаңартуды бастауымыз керек.
Алайда:
– Басқалардың таңдау құқығына қол сұғып, өз таңдауымды тықпалағым келмейді
– Біреудің тапсырысымен басқаларға жала жауып, мазақ қылып, қарғап сілегенді қаламаймын
– Қайткенде де партия соңынан көз жұмып ілеспей-ақ қоғамға игі ықпалын тигізетін жақсы жастарды сайласақ деймін
– Мүмкіндігінше жақ-жақ болып, бет жыртысып дауласып, қырқыспасақ
– Жеке адамның сайлау және сайлану құқығы бар болғандықтан оларға да құрметпен қарап үйренейік. Біз қандай қоғамда өмір сүруді қаласақ, сондай қоғамды өзіміз құратын боламыз. Ешкім де бізге ондай қоғам орнатып бермейді. Сондықтан бұл жолғы сайлаудағы біздің қатысу белсенділігіміз өте маңызды.
ТАҢДАУЫМЫЗ ТАЛҒАМДЫ БОЛСЫН!
Харнууд Гомбосүрэнгийн Галбадрах