25 наурыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының былғары қолғап шебері Бекнұр Қалиұлы Қырғызстандағы халықаралық турнирде финалға жолдама алды. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Бокс Федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
24 наурыз күні Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Наурыз айның 20-25 аралығында өтіп жатқан Кеңес Одағының Батыры Дуйшенкул Шопоковты еске алуға арналған 45-ші бокстан халықаралық турнирдің жартылай финалы өтіп, Монғолия ұлттық құрама командасы боксшылары Хархүү Энхмандах (54 келі) пен Доржсамбуу Ганболд (57 келі) қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, Хархүү Энх-Амар (60 келі) Өзбекстан боксшысы Бахтиров Айыпхонды 5:0 есебімен ұтып финалға шықса, ринг иесі Сайпов Сарбатбекті 3:2 есебімен ұтқан Бекнұр Қалиұлы да (+92 келі) финалға жолдама алды.
Бұл жарыстан қола жүлде иелері 500 долларға ие болса, күміске 700, жеңімпазға 1400 доллардан беріледі.
Бүгін 25 наурыз күні финалда өнер көрсететін Хархүү Энх-Амар мен Бекнұр Қалиұлына сәттілік тілейміз!
Айта кетсек, ұлттық құрама командасы бұл жарыстан кейін Өзбекстан елінде оқу жаттығу жиынына қатысып, аталмыш елдің Ташкент қаласында 01-14 мамыр аралыңында өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.
17 сәуір, KAZNEWS. Улаанбаатар қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды. Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.
15 сәуір, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында моңғолиялық палуан М.Лхагвагэрэл 125 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
125 келі салмақта өнер көрсеткен М.Лхагвагэрэл финалға дейін Қытай және Иран палуандарынан басым түскен. Финалда қазақстандық Жүсіп Батырмурзаевты жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Моңғолияның ерлер командасы бұл жеңісті 8 жыл күткен. Естеріңізге салсақ соңғы рет 2015 жылы Э.Бэхбаяр 57 келі салмақта чемпион атанған болатын. Ал ауыр салмақта 2001 жылы Г.Өсөхбаяр чемпион болған.
Моңғолия құрамасы 1 алтын (125 келі М.Лхагвагэрэл), 3 күміс (62 келі П.Орхон, 55 келі Ч.Отгонтуяа, 65 келі Т.Тулга) 5 қола (72 келі Э.Даваанасан, 53 келі Б.Болортуяа, 92 келі Г.Ганхуяг, 61 келі Т.Түвшинтулга, 74 келі О.Сүлдхүү) барлығы 9 медаль иеленді.
Азия чемпионатында медальдар кестесінде бірінші орын Қазақстан құрамасына, екінші орын Моңғолия, үшінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды.
Баян-Өлгий аймағының былғары қолғап шебері Бекнұр Қалиұлы Қырғызстандағы халықаралық турнирде қырғыз боксері Елшороулы Оматбекті ұтып чемпион атанған болатын.
Чемпионды марапаттау сәтіндегі бейнежазба әлеуметтік желіге жүктелді.