15 сәуір, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында моңғолиялық палуан М.Лхагвагэрэл 125 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
125 келі салмақта өнер көрсеткен М.Лхагвагэрэл финалға дейін Қытай және Иран палуандарынан басым түскен. Финалда қазақстандық Жүсіп Батырмурзаевты жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Моңғолияның ерлер командасы бұл жеңісті 8 жыл күткен. Естеріңізге салсақ соңғы рет 2015 жылы Э.Бэхбаяр 57 келі салмақта чемпион атанған болатын. Ал ауыр салмақта 2001 жылы Г.Өсөхбаяр чемпион болған.
Моңғолия құрамасы 1 алтын (125 келі М.Лхагвагэрэл), 3 күміс (62 келі П.Орхон, 55 келі Ч.Отгонтуяа, 65 келі Т.Тулга) 5 қола (72 келі Э.Даваанасан, 53 келі Б.Болортуяа, 92 келі Г.Ганхуяг, 61 келі Т.Түвшинтулга, 74 келі О.Сүлдхүү) барлығы 9 медаль иеленді.
Азия чемпионатында медальдар кестесінде бірінші орын Қазақстан құрамасына, екінші орын Моңғолия, үшінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды.