KAZNEWS – Еліміздің 21 аймақтарының әл-ауқат әлеуеті және бәсекеге қабілеттігі туралы баяндама жарық көрді. 2019 жылғы көрсеткіштер бойынша Баян-Өлгий аймағы Моңғолияда бәсекеге қабілеттілік индексінде 13-ші орынға сырғыған. Батыс Моңғолияда Увс 9, Говь-Алтай 19, Ховд 14, Завхан 16 орындарды иеленген.
Аймақтардың бәсекеге қабілеттігі туралы баяндаманы жыл сайын «ЭЗБӨЧСТөв» – тәуелсіз зерттеу орталығы 2012 жылдан бері шығарып келеді. Бұл рейтинг аймақтардың әл-ауқат әлеуетіне баға беру саласындағы ең беделді сараптама болып табылады.
Атап айтқанда, зерттеу қорытындысында адам капиталын дамытып, экономиканы әртараптандыру, инновацияны өндіріске еңгізудің және әкімшілік кедергілерді азайту, биліктегі ашықтықты қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болатынын көрсетті.