7 наурыз, KAZNEWS. Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэг 2023 жылдың 8-9 наурыз күні Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэг Өзбекстан Республикасының мемлекет басшысының қабылдауында болып, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиёр Саидовпен екіжақты келіссөздер жүргізеді.
Кездесуде екі жақтық қарым-қатынастармен сауда, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, халықаралық және аймақтық мәселелер талқыланады.