Connect with us

Мәдениет

AUKA мен Мұратбек, Бердібектің концертінде өнер көрсетпек

Published

on

27 сәуір, KAZNEWS. Белгілі әнші, сазгер Бердібек Дәулетбекұлы 6 мамыр күні Улаанбаатар қаласында алғашқы шығармашылық концертін өткізгелі жатыр. Ал концерттің арнайы қонақтары Қазақстан Республикасынан белгілі әншілері AUKA мен “Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда болмақ.

Естеріңізге салсақ, Бердібек Дәулетбекұлы 23 сәуір күні “Чин зүрх” яғни “Шынайы жүрек” деп аталатын альбомының тұсауын кескен болатын.

Әнші, сазгерді шын жүректен құттықтап, шығармашылығына тек қана сәттілік тілейміз!

Мәдениет

Дара Дастан

Published

on

Мамыр айының басында Қазақ елінен көпшілікке белгілі Орда тобының әншісі, актёр, әйгілі “Қазақстан дауысы” шоуының тәлімгері Дастан Оразбеков жеке шығармашылық концертін өткізбекші.

Көптен күткен кеш Өлгий қаласында мамыр айының 3, 4-күндері Құрманхан атындағы музыкалық драма театрында екі рет, ал мамыр айының 6-күні астанамыз Улаанбаатар қаласында Зайсан Хилл сарайында бір-ақ рет өтетінін жариялады.

Дастан Оразбеков гастрөлдік сапарында өзінің тыңдармандарын әнімен баурап қана қоймай ерекше сый дайындап жатқанын жеткізді. Атап айтсақ; Баян-Өлгий Аймағында өтетін концертінде жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырмақ. Өзінің шынайы фанаттарының лебізін тыңдау, сырласу әрі бірге өлең орындау әрбір өнер иесінің қалауы емес пе?

Ал Улаанбаатар қаласында өтетін концерттен кейін “Қазақ Жастар Кештігі” өтетінін ұйымдастыру алқасы мәлімдеді. Бұрын соңды болмаған концерт көп ұзай өз аймағымызда, өз астанамызда өтпек.

Дастан Оразбековтың концерттік жұмысы аясында қоғамдық жұмыстар жасалынады. Қазірдің өзінде ұйымдастыру алқасы белсене дайындықтың үстінде екенін хабарлады. Баян-Өлгий аймақтық бірқатар ұйымдармен бірлесіп зерттеу жасап көмек қолы ауадай қажет отбасыға қаржылай көмек беріледі. Статистикаға сүйене отыра Өлгий қаласында отбасын асырап ана орнына ана, әке орнына әке болып жүрген жалғызбасты ӘКЕ-лерге мән беретін уақыт келді. Жалпы мемлекеттік статистика бойынша ер адамдардың ортақ жасы 55-60 жас аралығы. Бұл дегенің болашаққа төніп тұрған қауіп. Әзірден өскелең ұрпақ бұған назар аудару керек. Ендеше біз осы концертпен халыққа үндеу жариялаймыз. Әрбір өткен билеттің 10 пайызы қоғамдағы жалғызбасты әкелердің отбасына жұмсалады.

Көпшілікті тек концерт көру үшін емес қоғамдық жұмысқа белсенді болуға шақырамыз!

Бас демеуші:

Technozone

Демеуші:

Премиум проект ХХК /Premium project/ Барилгын зураг төсөл

Princess Aesthetic surgery clinic

Hunnu Air

Рысжан ХХК

UKI LLC

“NDP” construction

Continue Reading

Мәдениет

Улаанбаатарда Айгүл Қалидолдақызының “My way” атты ән кеші өтеді

Published

on

21 cәуір, KAZNEWS. Улаанбаатарда Айгүл Қалидолдақызының “My way” атты ән кеші өтеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

Ал ағайын көптен күткен ән кешінің куәсі болуға асығыңыздар! ❤️ Рамазан айы берекесімен болып, Алла тағала баршаңызға рыздық несібесін еселеп бере берсін!

Моңғолиядағы ат төбеліндей азғантай қазақ ұлтының, өнер мәдениеті және ән әлемінде қоғамға өз үлесімді қосып 30 жылды да артқа тастаппын. Осы уақыттағы жасаған әрбір еңбек, жеткен жетістік әрине жаратушының берген күш қуаты мен, жақсы адамдардың қолдауының арқасы.

 “My way” яғни “Менің әлемім” атты ән кешімді сүйікті халқым, тыңдармандарым сіздерге тарту етпекпін.

2023 жылы мамыр айының 5 күні 19:00 сағатта “Соrporate convention” орталығында жолығайық!

Билеттер: 95047777, 88078767, 95013773, 99159413 -номерлерінде сатылуда.

Continue Reading

Мәдениет

Қазақ оқушылары арасында онлайн форматта «ЖАҢА ӘУЕН» халықаралық байқауы өтеді

Published

on

Қазақ әндерін жаңа әуенмен жаңғыртайық! Отандастар қорының «Жазғы лагерь – 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында шетелдерде тұратын *12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «ЖАҢА ӘУЕН» халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқау шарттары:
1. Қатысушылар кез-келген қазақ әннің әуенін қалаған музыкалық аспабында (кавер нұсқада) ойнай алады.
2. Қатысушы өзі жіберген бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.
3. Туынды 1-2 минут аралығында MP4 форматтағы видео болуы шарт.
4. Видеоны түсірер кезде дауыстың анық шығуын, локацияның үйлесімді болуын қадағалауы қажет.
5. Видеоны *oqbilim@gmail.com* эл-почтаға жолдар кезде міндетті түрде аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, телефон номері және таңдаған әні туралы ақпараттарды бейнероликпен бірге жолдауы керек.
6. Жолдайтын өз бейнежазбасын әлеуметтік желіде @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQSummerCamp; #Oqjazgylageri хэштегтерін белгілеп салу қажет.
Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары:
Бейнежазбалар *2023 жылғы 13-28 сәуір* аралығында *oqbilim@gmail.com* электронды почта арқылы қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.
– 3 орын 12-15 жас үшін
– 3 орын 16-17 жас үшін
Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь – 2023» жобасына жолдама электронды почтамен жолданады. Жолдама «Жазғы лагерь» жобасына қатысу, жатын орын, тамақтану және оқытумен қамтамасыз етеді. Лагерьге келіп, кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ: “Отандастар Қоры” КЕАҚ-тың 2019, 2022жылы ұйымдастырған “Жазғы Лагерь” жобасына қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
Сұрақтар үшін: +7 747 178 39 38

Continue Reading

Мәдениет

Үздік домбырашылар “Жазғы Лагерь” жобасына жолдама ұтып алды

Published

on

09 сәуір, KAZNEWS. “Үздік Домбырашы” байқауы да аяқталды! Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы құрамына Қоғам қызметкерлерімен бірге Phd доктор, музыка танушы, күйші Ардаби Маулетұлы да қатысты. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

Моңғолия, 🇲🇳Ресей 🇷🇺 мемлекеттерінен қатысқан 18 жас талантың ішінен оза шауып “Жазғы Лагерь” жобасына ЖОЛДАМА ұтып алған жеңімпаздардың өнерін назарларыңызға ұсынамыз!

🏆Жеңімпаздар:
12-15 жас бойынша:
Жандос Нұрлыхан – Моңғолия, Баян-Өлгий
Ермухамед Өркен – Моңғолия, Баян-Өлгий
Саят Шаханов – Ресей, Омбы

16-17 жас бойынша:
Карина Атымтаева – Ресей, Омбы
Кіняз Иманбек – Моңғолия, Баян-Өлгий
Жанбүбі Есен – Моңғолия, Баян-Өлгий
#Qandastar #Otandastar #qazaqtar

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек3 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек5 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек6 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек6 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек7 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек8 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек9 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Басты назарда