Connect with us

Published

on

9 мамыр, KAZNEWS. Моңғолиялық жас әнші С.Нинжин қазақ халқының “Ақтамақ” әнін әнші Ш.Ердоспен бірге орындап, халықты тәнті етті.

Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері С.Нинжин халық әндерін орындаумен танымал болған.

Ол бұған дейін Урианхай халқының “Хоёр нутгийн эрх” әнін, Үзэмчин халқының “Алаг хоргой дээл” қатарлы халық әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген.

Advertisement


Мәдениет

Аймөлдір Пәнейқызы “Еуразия Аруы – 2022” сайысында II орын иеленді

Published

on

12 мамыр, KAZNEWS. Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған “Еуразия Аруы-2022” сайысына Аймөлдір Пәнейқызы қатысып, ІІ-орын иеленді.



Аймөлдір Баян-Өлгий аймағының ІІІ орта мектебін бітірген. Қазіргі таңда ЕҰУ-де “Филология: қазақ тілі” мамандығы бойынша 3-курс студенті.

Continue Reading

Мәдениет

Сәйгүлік Жәнімханқызы: Баян-Өлгий мен Баянхонгор аймағының театры тығыз ынтымақтастықта болады

Published

on

12 мамыр, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры мен Баянхонгор аймағының Музыкалы драма театры тығыз ынтымақтастықта болады.

Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры мен Баянхонгор аймағының Музыкалы драма театрының бірлескен шығармашылық кеші 17 мамырда Өлгий қаласында, 19 мамырда Баянхонгор қаласында алғаш рет өтеді. Оркестерлеріміз, бишіліміз, әншілеріміз бірге өнер көрсетіп, актерлеріміз бірге монолог оқиды.

Біздің театрымыздың қазақ ұлт аспаптар оркестері моңғол шығармаларын, Баянхонгор аймағының театрының оркестері қазақ шығармаларын көрермен назарына ұсынатын болады.

Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының директоры Сәйгүлік Жәнімханқызының айтуынша бұл жолғы іс-шара екі аймақтың мәдени қарым-қатынасын насихаттауға, дәріптеуге үлес қосады дейді.

Continue Reading

Мәдениет

AUKA мен Мұратбек, Бердібектің концертінде өнер көрсетпек

Published

on

27 сәуір, KAZNEWS. Белгілі әнші, сазгер Бердібек Дәулетбекұлы 6 мамыр күні Улаанбаатар қаласында алғашқы шығармашылық концертін өткізгелі жатыр. Ал концерттің арнайы қонақтары Қазақстан Республикасынан белгілі әншілері AUKA мен “Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда болмақ.

Естеріңізге салсақ, Бердібек Дәулетбекұлы 23 сәуір күні “Чин зүрх” яғни “Шынайы жүрек” деп аталатын альбомының тұсауын кескен болатын.

Әнші, сазгерді шын жүректен құттықтап, шығармашылығына тек қана сәттілік тілейміз!

Continue Reading

Мәдениет

Бердібек Дәулетбекұлының жеке концерті өтеді

Published

on

KAZNEWS. Сазгер, әнші Бердібек Дәулетбекұлының алғашқы жеке концерті мамырдың 5-күні өтеді.

“Чин зүрх” деп аталатын концертке Қазақстан дауысының жеңімпазы Мұратбек Қайроллаұлы, танымал әнші AUKA яғни Ауғантай Исаұлы арнайы шақырумен келіп қатысады.

Концертте төменгі өнерпаздар өнер көрсетеді.

Еңбек сіңірген қайраткер С.Жавхлан
Еңбек сіңірген қайраткер Ж.Одмаа
МСОҚ актриса Ж.Баясгалан, Э.Мөнхтуяа
МСОҚ Э.Чулуунчимэг
МСОҚ Х.Айгүл
МСОҚ Э.Төрмандах
МСОҚ П.Баярцэнгэл
МСОҚ Я.Гэрэлчулуун
МСОҚ Б.Чанцалдулам
МСОҚ А.Түмэн-Өлзий
МСОҚ Т.Эрдэнэбаяр
МСОҚ А.Гүлмайра
МСОҚ Б.Гүрбадам
МСОҚ Х.Ган-Эрдэнэ
МСОҚ Б.Сагым
МСОҚ Э.Очирсайхан
Әнші Б.Уранзаяа
С.Бахат
Б.Айгүл
Ж.Хишигбат
Б.Билгүүн
Т.Цогсогмаа
Б.Анхтуяа
Т.Басхүү
Э.Номинчимэг
М.Янжиндарь
К.Гаукартас
“Бүсгүй ертөнц” тобы
“Нұр” тобы
“Монгол донж” би тобы қатысады.

Билетті 1900-1950 тегін жеткізіп береді.

Continue Reading

Басты назарда