KAZNEWS – Моңғолия азаматшасы МИАТ әуе компаниясының ұшағында егіз баланы дүниеге әкелген.
Белгілі болғандай, 2020 жылдың 9 шілде күні Ыстамбул-Улаанбаатар бағытындағы арнайы чартерлік рейс бойынша отанына жолға шыққан азаматша МИАТ әуе компаниясының ұшағының бортында екі егіз баланы дүниеге әкелген. Анамен балалардың денсаулығы жақсы, және кеше карантиндегі уақыты аяқталып Жұқпалы ауруларды зерттеу ұлттық орталығынан шықты.
Егіз қыздарға ата-анасы Энхцэлмэг, Энхжигүүр деген есім берген.
Қыркүйек айында тууға тиіс болатынмын. Бірақ жеті ай тола қыздарым дүниеге келді. Алғаш 1.4 келі, 1.6 келі салмақта туды. Туғаннан кейін салмақтары азайып, қайта қосылады екен. Қазір қалыпты салмаққа келді.” –деді анасы Д.Болортуяа.
ЖАЗҰОрталығының Шұғыл көмек беру бөлімшесінің басшысы Б.Батсүх: “Арнайы чартерлік ұшағымыз азаматтарды отырғызу барысында жүкті әйелдің келіп отырғанын байқадым. Біз оны босанып қалады деп ойлаған жоқпыз. Медициналық көмек керек деген соң барсам жүкті әйелдің толғағы басталыпты. Бірінші қыз бала Ресейдің Сочи қаласының төбесінде ұшып бара жатқанымызда, екіншісі 10 минуттан кейін аспанда дүниеге келді.
МИАТ әуе компаниясының директоры Д.Баттөр: «Бұрын Моңғолияда ішкі рейс кезінде ұшақта бала дүниеге келген болатын. Ал халықаралық рейсте бала дүниеге келуі алғаш рет кездесіп отыр. Көптеген адамдарды қорқытып және де қуантты. Сондықтан біздің компания егіз қыздарға және анасына МИАТ әуе компаниясының барлық бағыттағы рейстерде өмір бойы тегін ұшу сертификатын табыстап отырмыз.» -деді.