Connect with us

Моңғолияда

Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстан Республикасына тұрақты рейс ашады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада “Шекара ашылып, ұшуға мүмкіндіктер жасалған кезде біз Улаанбаатар – Алматы – Улаанбаатар бағытына тікелей жолаушы тасымалдауды бастаймыз. Сондықтан қазірден бастап дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз.” -делінген.


Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен шетелдік тамымалдаушының тіркеу туралы куәлігін алған.

Моңғолияда

Қазақстан мен Моңғолия дипломатиялық қарым-қатынасына 29 жыл

Published

on

22 қаңтар, KAZNEWS. 1992 ж. 22 қаңтарда Қазақстан мен Моңғолия дипломатиялық қатынастар орнатқанына биыл 29 жыл толып отыр. Бұл сәтте Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев мырзаның сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Құрметті Елші мырза, 2021 ж. 22 қаңтарда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 29 жыл толып отыр. Қазіргі кезде екіжақты қатынастар қандай деңгейге жеткенін айтып берсеңіз. Екі мемлекеттің арасындағы қатынастардың дамуының қазіргі ахуалы мен перспективаларына қандай баға бересіз?

– 1992 ж. 22 қаңтарда Қазақстан мен Моңғолия дипломатиялық қатынастар орнатқанына биыл 29 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда екіжақты қатынастар бірқалыпты дамытылуда. Мемлекетаралық қатынастарда біршама позитивті белсенділік байқалуда. 2019 ж. 10-12 қазанда Моңғолияның Премьер-министрі У.Хурэлсухтің Қазақстанға ресми сапары Моңғолия үкіметінің бұрынғы басшысы П.Жасрайдың ресми сапарынан (1994 ж. желтоқсан) және Моңғолияның бұрынғы Президенті Ц.Элбэгдорждың Шаңхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті мен «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу рәсімиетіне қатысу үшін елімізге жұмыс сапарынан (2017 ж. маусым) кейін тұңғыш рет жасалған көлемі жағынан зор, мәні жағынан терең де мағыналы сапар болды. Осы сапардың барысында Моңғолия Премьер-министрінің ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевпен кездесуі және ҚР Премьер-министрі А.Маминмен өткізген келіссөздерінде көп жылдардан бері қордаланып келген екіжақты қатынастардағы өзекті мәселелер шешіліп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтыған көптеген салаларды бірлесіп алға жылжыту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Құдай қаласа, биыл ҚР Премьер-министрі А.Маминнің Моңғолияға қайтарма ресми сапарын өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондықтан екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастардың даму перспективалары кең деп есептеймін. Екі елдің жоғарғы және жоғары деңгейлердегі саяси байланыстар, парламентаралық қатынастар, мәдени-гуманитарлық барыс-келістер, қалалар арасындағы бауырластық қатынастар, тараптардың әртүрлі мемлекеттік органдарының өзара байланыстарында бірлесіп алға қадам басу, иыққа-иық тіреп алға ілгерілеудің үлкен әлеуеті бар деп санаймын.

Жалғас Жұмаұлы, қазақстандық-моңғол қатынастарының келешегін Сіз қалай болжамдайсыз? Қойылған мақсаттарға жету үшін екі тарап не істеуі керек?

– Қазақстан мен Моңғолияның болашақтағы қарым-қатынастарын негізінен саяси тұрғыдан ең жоғарғы және жоғары деңгейлердегі кездесулердің жиілігі, тараптардың парламентаралық (соның ішінде экономика, қауіпсіздік, инвестиция мәселелеріне жауапты тұрақты комитеттерінің) және әртүрлі құзыретті мемлекеттік органдарының тұрақты өзара байланысуы және сауда-экономикалық операциялардың көбеюі секілді факторлар анықтайды. Менің ойымша, алдағы уақытта Қазақстан мен Моңғолияның мемлекетаралық қатынастары жаңа даму сатысына көтерілуі қажет. Ол үшін тараптар ең жоғарғы деңгейдегі қатынастарды жандандыруы қажет. Мысалы, Моңғолияның Президенті Х.Баттулганың елімізге сапарын Қазақстанда осы уақытқа дейін күтуде (Моңғолия Президентінің Қазақстанға соңғы мемлекеттік сапары 2007 ж. ғана өткізілген еді, ал ҚР Президенті Моңғолияға 2008 ж. тамызда мемлекеттік сапармен келген). Бұдан басқа, екі мемлекеттің парламенттерінің өзара достық топтары делегацияларының сапарларын есептемегенде, екі елдің ең жоғарғы заң шығару органдары басшыларының өзара сапарларының болмағанына 10 жылдан астам уақыт өтті.
Бұдан бөлек, биылғы жоспарда Қазақстан және Моңғолияның сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультацияларды ұйымдастыру мәселесі тұр. Бұған 2020 ж. 14 қазанда табысты өткізілген екі тараптың сыртқы саяси ведомстволарының жауапты департаменттерінің директорлары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия және Тынық мұхиты өңірі департаментінің директоры Н.Арыстанов пен Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Азия және Тынық мұхиты елдері департаментінің директоры Э.Сарантогостың деңгейіндегі онлайн кездесу салмақты негіз жасады.

2019 ж. 10-12 қазанда екі мемлекеттің премьер-министрлері қол жеткізген ҚР өндірушілері тауарларының көрмесін Ұлан-Батырда ұйымдастыру әлі де приоритетті орын алуда. Биыл коронавирус пандемиясы саябырлаған жағдайда және жалпы эпидемиологиялық ахуал мүмкіндік берсе, Ұлан-Батырда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының жетекшілігімен кезекті сауда-экономикалық миссияны өткізуге дайынбыз.

Қазақстан қазіргі кезде Азиядағы өзара іс-қимылдар және сенім шаралары кеңесіне төрағалық етуде. Осы Ұйымның шеңберінде шөлейттену, құмды борандар және жердің тозуына қарсы күресу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету Қазақстан мен Моңғолияның өз аумақтарындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға үлкен үлес қосатынына сенімдіміз. Сондықтан моңғол тарапын осы халықаралық құрылымның аясындағы басқа да бағыттарға белсенді қатысуға шақырамыз.

Елшілік тұрақты түрде ҚР азаматтарына консулдық қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде. Дегенмен, қазақ жұртшылығы шоғырланған Баян-Өлгий мен Ховд аймақтары Ұлан-Батыр қаласынан шалғайда орналасқандықтан, бұл жерде ҚР Консулдығын немесе Қазақстанның Құрметті консулы мекемесін ашудың қажеттігі әлдеқашан туылған. Мысалы, Қазақстанның астанасында Моңғолияның Елшілігі және Алматы қаласында Моңғолияның Консулдық бекеті әрекет етеді.

Мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестік саласында 2021-2022 жж. Қазақстанның Моңғолиядағы мәдениет күндерін және Моңғолияның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізу жөніндегі екі елдің премьер-министрлерінің қол жеткізген уағдаластығын іске асыруға күш салуымыз керек.

Жақында ҚР Президенті Қ.Тоқаев 7-кезекті ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарының алдында сөз сөйледі. Қазақстанның басшысы қандай бастамаларды алға қойды?

– Өзіңізге мәлім, ү.ж. 15 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаев 7-шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамының алдында сөз сөйлеп, бірқатар жаңа бастамаларды айтып, еліміздің саяси жаңғыру мен одан әрі демократияландыру саясатына қосымша саяси реформалардың үшінші президенттік пакетін жариялады.
ҚР Президенті басты басымдықтар ішінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруды алға қойып, жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтетінін мәлімдеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін еместігі айтылды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде төмендегідей бастамаларды ұсынды:

1) Құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек.
2) Өнімді әлеуметтік саясат қуатты да инклюзивті қоғамды құрудың шешуші құралы болып табылады.
3) Ұлттық экономиканың қарқынды өсуінсіз азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мүмкін емес. Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс.
4) Аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуын қамтамасыз ету керек. Бұл ретте барлық өңірлерді біртұтас экономикалық кеңістік арқылы байланыстыратын аса маңызды салаларды дамытуға баса назар аудару қажет. Атап айтқанда, көліктік, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымдар.
5) Қазақстандағы реформалардың басты бағытының бірі – саяси жаңғыру. Саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне өту шегін 7%-дан 5% деңгейіне төмендету керек. ҚР Президенті осындай шешімді қабылдайтын уақыттың келгенін айта келе, аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандыратынын, сондай-ақ елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізетінін алға тартты. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болатыны айтылды. Осы мақсатта электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланудың абзалдығы атап өтілді.
6) Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау.
7) Басты мақсаттардың бірі – адам құқықтарын толық қорғау. Бұл ретте, азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қатынастардың сауда-экономикалық және инвестициялық құраушысының даму істері қандай?

– 2020 ж. 25 қарашада екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 8-мәжілісі онлайн түрінде өткізілді. Осы мәжілісте тараптар өзара сауданың қазіргі ахуалы мен көлемін қарастырып, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, нығайту және әртараптандырудың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтті. Қазақстандық деректерге сәйкес, 2020 ж. қаңтар-қарашада екіжақты тауар айналымы 47,6 млн. долл., оның ішінде экспорт 46,5 млн. долл., импорт 1,04 млн. долл. құрады. Әрине, бұл көрсеткіштер екі мемлекеттің өзара сауданы алға жылжытудағы әлеуеттеріне сәйкес келмейді. Тараптар екіжақты сауда айналымының көлемін ұлғайту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға одан әрі күш-жігерін жұмсауға келісті. Пандемия аяқталғаннан кейін екі елдің іскерлік топтары арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюы үшін Қазақстан мен Моңғолияда өткізілетін инвестициялық іс-шараларға, көрме-жәрмеңкелерге өзара қатысуды қолдау бойынша уағдаластық бар.

Ал екі елдің арасындағы инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты әзірше жан-жақты дамыған деп айта алмаймын. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде және хаттамаларда осы салада ынтымақтастық туралы уағдаластықтар көп айтылғанмен, іс жүзінде инвестициялау бойынша өзара әрекеттестіктің қарқыны айрықша баяу. Мысалы, Моңғолияда аффинажды зауытты салу ісжобасының шеңберінде қазақстандық тарап моңғол тарапына әлемдік сарапшылар мен алтын өндірушілер мойындаған күрделі аффинаждау технологиясын беруге дайын болған. Осы мақсатта, 2019 ж. 11 қазанда Нұр-Сұлтанда екі мемлекеттің премьер-министрлерінің алдында «Symbat Engineering» жауапкершілігі шектеулі компания және «Эрдэнэс алт ресурс» компаниясы арасындағы Моңғолияда алтын мен күмісті қайта өңдейтін аффинажды зауытты салу және оны іске қосу туралы шартқа қол қойылған еді. Өкінішке орай, бұл құжат қағаз бетінде қалғанына 1,3 жылдан асты. Іс жүзінде бұл зауыт салынған жағдайда қазақстандық тарап аффинажды зауыттың өзіндік құны мен салуға жұмсалған шығындардың орнын 5 жылда толтыратын осы технологиялық инвестицияны Моңғолияға береді.
Бұдан басқа, екі мемлекеттің бизнес топтары арасындағы байланыстарды нығайту және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының инвестициялар тарту тәжірибесі, еліміздің инвестициялық әлеуеті мен инвестициялық ісжобалар бойынша өзекті ақпараттарды алмасу жағынан ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынамыз.

Қазақстан моңғол инвесторлары үшін әлеуетті бірлескен ісжобаларды іске асыру бойынша өзара әрекеттесуге дайын. Осы тұрғыда, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы мен Моңғолияның тұрақты қаржыландыру қауымдастығы арасындағы «жасыл» қаржыландыруды дамыту іс-қимылдарын атап өтуге болады.

Біздің елдер арасындағы көптеген салаларда қарым-қатынастар, мысалы ауыл шаруашылығы, білім және басқа да салаларда өнімді дамып келеді. Сіз екіжақты ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде қазақстандық тараптан қандай салаларды табысты және бұдан кейін басымдық салаларды ерекше айта аласыз?

– Әрине, екіжақты қатынастарды, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқынды алға жылжыту үшін екі мемлекет ең алдымен көліктік-логистикалық қатынастарды шешуі керек. Осы тұрғыда, «Хунну эйр» әуе компаниясына 2020 ж. 5 маусымда «Ұлан-Батыр – Алматы» бағытындағы әуе қатынасының халықаралық тасымалдаушы сертификаты беріліп, былтыр қыркүйектен бастап осы әуе қатынасы іске қосылып, бір-екі рейспен Алматыдағы Моңғолия азаматтарының эвакуациясы жүзеге асырылды. Пандемия аяқталғаннан кейін Ұлан-Батырдан Нұр-Сұлтанға және Алматыға ұшатын әуе рейстерін толыққанды пайдалану саяси, сыртқы экономика мен сауда-саттық, мәдени байланыстарды үздіксіз дамытуға негіз болады деп сенемін.

Көліктік-транзиттік әлеуетті кеңінен пайдалану үшін ең ықшамды да қысқа логистикалық бағыттарды бірлесіп іздестіру, соның ішінде «Цагааннуур-Ташанта-Риддер-Өскемен» бағытындағы тас жолын игеру мен пайдалану келешекте ресейлік, моңғол және қазақстандық тараптарға өзара тиімді болады деп ойлаймыз. Бұны 2020 ж. 16 қарашадан бері әр айдың екінші және төртінші апталарында Ресейден осы бағытта Моңғолияға жанармай жеткізетін ірі көлемді жүк көліктерінің тасымалы айрықша дәлелдеп отыр.

2020 ж. пандемияның кері ықпалына қарамастан, Қазақстан мен Моңғолия екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды алға жылжыту саласында үлкен жұмыс жүргізді. Мысалы, 2020 ж. 30 маусымда және 21 желтоқсанда ҚР және Моңғолия арасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасын талқылау жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының онлайн түріндегі 5- және 6-мәжілістері өткізіліп, аталған құжат жобасының басым бөлігі қарастырылды. «Kazakh Export» акционерлік қоғамы Моңғолияның темір жол мекемелерімен ҚР темір жол өнімдерін сатып алуды қаржыландырудың алдын-ала шарт-жағдайларын талқылау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолияның арасындағы еркін сауда туралы келісімді жасаудың қисындылығы жөніндегі мәселені зерттеу бойынша бірлескен зерттеу тобын құру туралы шешімнің қабылдануын қолдады. Біздің елдер Моңғолияның ЕАЭО-мен ынтымақтастығы шеңберінде одан әрі тығыз өзара әрекеттестікті жалғастыруға ниетті. 1993 ж. қол қойылған ҚР Үкiметi және Монғолия Үкiметi арасындағы жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау туралы келiсiмді орындау шеңберінде пандемияға дейін «Өлгий-Қарағанды» және «Өлгий-Алматы» бағыттарында халықаралық жолаушылардың автобус қатынасы өнімді жұмыс істеп келді. Осы автобус қатынасы коронавируспен байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғаннан кейін қайта жалғасады деп сенемін. Қазақстан мен Моңғолия ауыл шаруашылығы саласында, әсіресе егін шаруашылығы мен көкөніс егу, мал шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың кең перспективасы бар.

Былтыр жыл бойы екі елдің тиісті мемлекеттік органдары мен мекемелері келешекте ең жоғарғы және жоғары деңгейлердегі өзара сапарлар барысында қол қойылатын бірқатар үкіметаралық келісімдер мен басқа да мекемеаралық құжаттарды әзірлеп талқылады.

Қазақстандық тарап Моңғолияның малдың жүні мен терісін қайта өндіру тәжірибесіне қызығушылық білдіруде. Қой терісі мен жүнін өңдеу тәжірибесімен танысу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі секілді бірқатар мемлекеттік органдар және бірнеше облыстардың әкімдіктері мен бизнес топтарының өкілдері делегациясының Моңғолияға іссапарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Келешекте Қазақстанның Қызылорда қаласында жүн мен тері өңдейтін кәсіпорынды моңғол тарапының бай тәжірибесіне негізделіп және моңғол кәсіпорындарымен бірлесіп саламыз деген үміт бар.

Қазақстандық тарап Моңғолия Үкіметінің Атқарушы агенттігі – Ветеринарлық бас басқармасымен жасаған өзара түсінушілік туралы меморандумның (2019 ж. 10 қазанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған) шеңберіндегі ынтымақтастықты алға жылжыту үшін моңғол тарапының Халықаралық эпизоотикалық бюроның аусыл және басқа мал ауруларынан азат екенін дәлелдейтін сертификаттары мен мәртебесін алуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда Талдықорған қаласы мен Налаих ауданының арасындағы бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумды әзірлеуін қарсы аламыз.

Құрметті Елші мырза, екі мемлекеттің арсында дипломатиялық қатынастардың 29-жылдығына орай моңғол азаматтарына не тілегіңіз келеді?

– Моңғол азаматтарына 2021 жылы ең алдымен мықты денсаулық, құт-береке, бақ-дәулет пен отбасы мүшелерінің аман-саулығын шын жүректен тілеймін. Биыл 12 ақпанда келетін сиыр жылы коронавирус пандемиясының аяқталғанын тілеймін. Бұл жыл моңғол халқына жаңа жетістіктер, үлкен табыстар және барлық бағыттарда қарқынды өрлеу әкелсін дегім келеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Continue Reading

Моңғолияда

«Mobicom» ұтысынан Баян-Өлгийлік тұрғын «Suzuki Jimnу» автокөлігін ұтып алды

Published

on

14 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолияның ұялы байланыс операторы «Mobicom» корпорациясы өткен жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Сыйлық берейік» акциясы аясында тұтынушыларға әр кұн сайын дата, бірлік, монпэй және партнерлердің баучерлерін беріп келген. Әр апта сайын ұялы телефон, робот шаңсорғыш, ауа тазартушы қатарлы сыйлықтар табыс еткен. Ал, 28 желтоқсан күні соңғы ұтыста iPhone 12 PRO ұялы телефонының 2 жеңіпазы, Suzuki Jimnу автокөлігінің 1 жеңіпазы анықталған болатын.

«Mobicom» ұтысындағы дөңгелегіне шаң жұқпаған, салоннан шыққан судай жаңа «Suzuki Jimnу»  автокөлігін Баян-Өлгий аймағының тұрғыны Сембі Қуанұлы тақымдап қайтты.

Баян-Өлгий аймағының Баяннуур ауылында тұратын Сембі Қуанұлы зейнет демалысына шыққанға дейін автотранспорт саласында үздіксіз қызмет еткен екен.

Ел көлемінде жүрілген ұтыстан жерлесімізге нарықтағы құны 64 миллион төгрөг тұратын автокөлік бұйырып отыр.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияға 30 күннен көп уақытқа келген шетел азаматтары 48 сағат ішінде тіркеледі

Published

on

5 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңға еңгізілген өзгерістер бойынша Моңғолия аумағына 30 күннен көп уақытқа келген шетелдік азаматтар 7 тәулік ішінде құзырлы мекемелерге тіркелуге тиісті реттеулер қуатсыз етілді. Енді ел аумағына 30 күннен көп уақытқа келген шетел азаматтары 48 сағат ішінде Көші қон және шетел азаматтары қызметіне тіркелуге міндетті. Бұл процедурадан онлайн өтуге болады.

Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңның өзгерістері 2021 жылғы 1 маусымда күшіне енеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Сапа, стандартының таңдаулы адамы – Риза Мизанбай

Published

on

30 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының 2020 жылдың «Сапа, стандартының таңдаулы адамы» номинациясы сыйлығына Баян-Медиана компаниясына қарасты “Медиана” мейрамханасының директоры Риза Мизанбайқызы ие болды.

Бұл сыйлық аймақтық Стандарт, метрология басқармасы тарапынан Стандарттау, техникалық реттеу, сертификаттау және аккредитация туралы заң, Метрология туралы заңның орындалуына және тұтынушыларға стандарт талаптарына сай даяшылық қызмет көрсеткені үшін берілді.

Сыйлықты басқарма бастығы Өмір Құрметұлы табыс етті.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

10 дерек1 day ago

Улаанбаатардағы қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлер

22 қаңтар, KAZNEWS.Орда, Бесбармақ, Мармара және Султана: қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлерді таныстырамыз. Орда халал рестораны...

Әлемде3 days ago

Профес­сор Гүлнар Кендірбайдың ғылыми еңбегі жарыққа шықты

20 қаңтар, KAZNEWS. Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың ғылыми кітабының халықаралық тұсаукесері өтті. «Отандастар қоры» КеАҚ, Ақпарат және қоғамдық даму...

10 дерек4 days ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #2

19 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі “Сіз қандай кітап оқисыз?” жобасының екінші санын ұсынады. Бұр ретте танымал журналист, менеджер, табысты...

10 дерек5 days ago

Mongolian Interactive Travel, Транспорт даму банкі және Б Софт компаниялардағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар

Туризм саласының ақпараттық технология инженері Компания: Mongolian Interactive Travel Мекен жайы: Улаанбаатар, Чингэлтэй районы, Хүрээ хотхон 23-29, javka23@gmail.com Міндеттері: Жаңа...

Әлемде1 week ago

Түркі академиясы «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді. Бірқатар бауырлас...

Әлемде2 weeks ago

Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

12 қаңтар, ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол...

10 дерек2 weeks ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #1

11 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі оқырмандар арасынан төменгі сұрақтар бойынша апта сайын жауап алып отыратын болады. Сіз қандай кітап...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстанда Парламент, Қырғызстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

10 қаңтар, KAZNEWS. Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар...

Басты назарда