Кітаптан үзінді...
Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді
Published
2 years agoon
09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi.
Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн шыққaн кiтaпты дaйындaп, түрiк тiлiне aудaрғaн – Aшур Өздемир.
Кiтaпқa Моңғолиядa туып өскен отыз үш қaзaқ жaзушысының отыз үш әңгiмесi енген.
Топтaмaғa енген жaзушылaр мынaлaр: Мaқфуз Құлыбек, Бaят Жaнaтұлы, Соян Қaжыбaйұлы, Елеусiз Мұқaмaдиұлы, Жәмлиқa Шaлұлы, Aқын Aлaқaнұлы, Сұлтaн Тәукеұлы, Шынaй Рaxметұлы, Кәкей Жaңжұңұлы, Бодaуxaн Тоқaнұлы, Рысбек Зұрғaнбaйұлы, Aбaй Мaуқaрaұлы, Бурaқaн Сaғиденұлы, Бaқытбек Бәмiшұлы, Сұрaғaн Рaxметұлы, Қуaндық Шaмaxaйұлы, Aзaтxaн Мұқaнұлы, Дaғжaн Белдеубaй, Aмaнтaй Тойшыбaйұлы, Ерболaт Бaят, Ербaқыт Нүсiпұлы, Aсылбек бaйтaнұлы, Ербол Бейiлxaн, Жaнaрбек Aқби, Нұрлaн Қaбдaйұлы, Нұрғaйып Xaвсеметұлы, Қолғaнaт Мұрaт, Aлпысбaй Әбдiұлы, Бaқытбек Қaдыр, Мaнaрбек Қaдырбaй, Қaбiлет Бәделxaн, Aуғaнбaй Сaнaқұлы, Нұрислaм Әбдiл.
Aл, кiрiспе сөз ретiнде A. Xaутaйдың Моңғолия қaзaқтaры және Моңғолиядaғы қaзaқ әдебиетi турaлы мaқaлaсы берiлген.
Казньюс агенттігі
Кітаптан үзінді...
Опра Уинфри – “What I Know For Sure” жалғасы…
Published
3 years agoon
January 7, 202207 қаңтар, KAZNEWS. Американдық тележүргізуші, актриса, продюсер О́пра Гэйл Уи́нфри 1954 жылы 29 қаңтарда Миссисипи штатының Косиускода дүниеге келеді.
Аты аңызға айналған ток-шоумен (осы түрдегі ең жоғары рейтингті бағдарлама) тарихқа енді, өзінің жеке теледидар желісін ашты, АҚШ-тағы жалғыз афроамерикалық миллиардері және Гарвард университетінің құрметті дәрежесімен марапаты жәнеде Президенттік Бостандық медалінің иегері. 1986-2011 жылдар аралығында Құрама Штаттарда 25 жылға созылған ең көп қаралған телешоу «Опра Уинфри шоуы» арқылы танымалдылығы аса түсті.
Оның ток-шоуының басты мақсаты – келген қонақтармен шынайы сөйлесе білуі, көп көрерменді тәнті ету және тыңдарманға психология, білім, денсаулық туралы тұрақты ақпарат беріп тұру болған.
Қуаныш – Joy
Tөзімділік – resilience
Қарым қатынас – Connection
Алғыс – Gratitude алдыңғы сандағы мақаладан оқуыңызға болады.
Мүмкіндік – Possibility
Опра бұл бөлімде адамда мүмкіндік үнемі болады. Тек оны біз сезе бермейміз деген ойды жеткізуді көздеген. Расында байқамайда қаламыз,кейде мүмкіндік бар екенін біліп тұрсақ та одан жүрексінеміз. Мысалы “менің қолымнан келмесе қайтем, адамдар мен туралы не деп ойлайды” деген ой бізге маза бермейді. Бұның себебі адамдар өзгерістерден қорқып сақтанады. Бірақ мен сақтық нағыз батыл болу дегенді түсіндім деген екен. Батыл қадам жасау барлық әлем саған ғана арналған дегенді сезініп, түсіне және көре алу тығырықтан шығу жол. Егер сіз алға қадам басудан жүрексінсеңіз қорқыныштық қоршауында қалып, қимыл жасаудан қаласыз. Сондықтан қорқынышқа бой берме деген бұл ол қалай шықты дегенде Опра Балтимор қаласында журналист болып жұмыс жасап жүрген кезінде Чикагодағы филиалына ауысуыды қалағанымен директоры Опраны жібергісі жоқ, тура онда барып жұмыстау сенің қолыңнан келмейді деп бетін қайтарған. Онда барсан үлкен акуланың жемі боласың, оған барып жем болғанша осында қалып жылы орныңды суытпа деген кеңес берген. Бірақ оған Опра құлақ аспай, белін бекем буып, бағын сынап көруді ойлайды. Чикагоға бару жеке карьерасында ең дұрыс шешім болғаны жайлыда осы кітапта баяндаған. Жеке ток шоуын құру жоспарыда жүзеге ақсанын айтады. Бәлкім Опра сол кезде қорқынышқа бой беріп, батыл қадамға бармаған болса бүгінгі сан алуан жетістікке жете алмас еді. Осындай жағдайда тек ғана өзіне сенімді болып алға жүруді үндеген. Армандаудан ешқашанда қорықпа, армандарыңа жетіу үшін тыным таппай еңбектен, Dream big and work hard дейді. Бұл сөзден біздің түсінетініміз. Тағдырың өз қолыңда, алға талпынудан жалықпа, үнемі ізденісте болу.
Опраның басты ерекшеліктерінің бірі сұхбаттасып отырған қонағымен шынайы байланыста болып, оның ішкі жан дүниесін еніп, аша алуында болған. Алғашқы жалақысын 15 жасында көршісінің жас баласын қарапберіп сағатына 50 цент алған. Ақшамен қалай қатынасуды білген. Ақшасыз қалуданда қорықпаған. Егерде сіз жақсы көретін жұмысыңызды істегеніңіз үшін ақша алатын болсаңыз жалақыңыз сіз үшін қосымша мадақтау деп санаған.
Ойыңызға қандай бір істі алсаңыз міндетті түрде іске асырыңыз дегенді насиқаттайды. Пауло Коэльонің “Алхимик” кітабында “Егер сен қандай бір нәрсені шын жүрекіңмен қаласаң ғалам сол арманыңды орындау үшін ат салысады” деген екен.
Сенім – Trust
Опраның өмірлік мақсаты: Маған сыйлаған таңғажайыптарды құрметпен қарсы алу, жыл сайын, күн сайын
Бұл бөлімде таңғажайып туралы баяндаған. Опра өз басы таңғажайыпға сенетін адам болған. Мен басым шыны керек таңғажайып деген дүниеге сенбеймін, бәлкім сезінбегендіктен болар. Сіз таңғажайып болады бар дегенге сенсеңіз, күнделікті өміріңізде кездесетін кішкендай жағдай болуы мүмкін деген. Сенімсіздік танытсаңыз жолым болды деп санауға, маған берілген мүмкіндік деугеде болады. Таңғажайып сенің өміріңде бар екенін өзіңде байқамауың мүмкін деген. Ғажайыпқа сеннсеңіз күнделікті болып тұратын біз мән беріп, байқай бермейтін нәрселер болуыда мүмкін деген. Мысалы: Таңертең ерте тұрып тауға шығып келуіңіз, немесе 8км жолды 4 сағат емес 2 сағатта жүгіріп шығуыңыз. Міндетті түрде халыққа көрініп, қошаметіне ие болып емес, бұны кішкентей дүниеден сезінуге тырыс деген екен кітапында. Бір жағынан карағанда бұл өмірге деген көз қарасына байланысты.
Жас қосуды өзіне берілген үлкен мүмкіншілік жақсылық деп қабылдаған. Жас қосқан сайын осыған дейін өмір сүруге мүмкіндігі болмаған жандарды ойлап құлазып өмірдің мәнін, бар жақсылығын әлде қашан түсініп сезінген адамдарды алғысын білдіріп өмірдің көрсетер ғажабына сенген.
Тағыда бір ерекшелігі құпиялыққа жаны құмар Энн Мортифиннің “Құпияларға деген сүйіспеншілік” кітабын ерекше жақсы көрген. Күш қуатты сезін. Қолың көкке жеткендей қуаныштың дәмін тат. Жүрек сырыңды ашып, махаббат, даналық, күш қуатға жүгін. Қуаныш, құрмет, кешірімділікке бөлен” ұнатған. Бұл сөздер Опраға жайлылықты сезіндірген.
Анық болу – Be clear
Алдымен өзіңе нені қалап, кім болғың келетінін айт. Содан барып іске кіріс. Эпиктетус
40 жасға дейін біреуге жоқ деп айтудан қорықған, 40 жастан асқан соң ғана қаталдық танытып жоқ деп сенімді түрде бас тартуға үйренген. Бұның басты себебі токшоуынан басталған. Танымалдылығы арта түскен сайын көмек сұраушылардың саныда күннен күніге молайа берген. Үйінен қашқан жас қыздар, зорлықға ұшыраған, зәбір көрген әйелдер Опраға үміт артып келулерін тоқтатпаған. Көмекке зәру жандарға жоқ айта алмай, чек жазудан аянбаған. Оның басты себебі жасында өзі зәбір көріп өскендіктен., уақыт өте келе адамдарға бұлай көмектесе берудың артықшылығын, кемшілігін біртіндеп түсіне бастаған. Өз өзіне “Шын ниетіммен қаламасам біреу үшін, бірдеңе істемеймін. Жан тәніммен қалап, ішкі түйсіктерім иә деп шуылдаспаса жиындарға қатысып, телефон арқылы сөйлесіп, хат жазып, қандай бір іс шараға қолдау көрсетпеймін. Қандай бір істе өзіме қатаң талап қою тәртібін ұстанамын” деп ескерту салған. Біз біреуге иә демес бұрын “не мақсатта ослай айттым” дегенді өзіңізден сұрауыңыз керек. Бұл сөзді сіздің ақыл түйсікіңіз емес, шын ниетіңізден шығу керек.
Бұрын адамдар мен туралы “мынау өзін кіммін деп ойлайды екен?” деп айтады ау дегеннен қорқатынмын. Ал қәзір болса олардың көзіне тіке қарап “Мен осындаймын” деп айта алатындай батыл болдым деген. Басқаларғада осылай болуды үндеген.
Опраның басты бір ерекше қасиеті дейміз ба қандай бір нәрсеге стресс тіп жүйкесін жұқарта бермейді. (Мен өз басым ертесінде экзамен болса уайымдап мазам қашатыны рас, сізде өзіңізді ойлап көріңіз) Бұған осы күнге дейінгі өмір сүру тәжібесі арқылы қол жеткізген. Расында біз робот емес болғандықтан бізге тынығу керек, демалу керек, өзімізге уақыт шығарып, көңіл бөлуіміз керек.
Әр секунт, минут, сағатын пайдалы өткізу керектігінде айтқан.
Күш қуат – Power
Опра өмірге келген жылдары қара нәсілділер үшін ауыр кезең болған. Құқығын қорғап қол көтеріп сөйлеу былай тұрсын әр басқан қадамдары қадағалуды болған. Жоғарғы соттан 1954 жылы қара нәсілділердің ақ нәсілділермен тең құқықға ие болып білім алуға қол жеткізген. Бұл заң тармағы Америмканың түкбір түкбірінде өмір сүріп жатқан қара нәсілділерге үлкен еркіншілік пен жарқын болашақға деген үлкен үміт әкелген. Осыған ұқсас өз құқықығы үшін күрескен алғашқы қара нәсілді әйел Харриет Тубман туралы фильм “Harriet” атпен 2019 жылы жарық көрген. 1997 жылы “Beloved” атты 19 ғасырда өмір сүрген қара нәсілді құл мен күңдердің азапқа толы өмірін бейнелеген фильмінде Сет деген қайсар әйелдің ролін сомдаған. Осы фильм жайлы бір интервьюнде еркіндік дегеніміз балаларымыздың еш қорқынышсыз күлгенін көру, таңғы ұйқыдан оянып өз қалауыңыз бойынша осы күніңізді жаспарлау деген. Біздің бүгінге күніміз үшін күрескен, қанын төккен ата бабаларымызға алғыс айту керектігін біріміз білгенімізбен енде біреуіміз сезе бермейміз. Бұл жағдай тек Опраның ғана емес біздіңде басымыздан өткен. Сөз соңында менің анық білетінім барлығымыз тағдырымызға алғыс айтып, әр бір нәрсенің құндылығын түсініп, ризашылығымызды білдіріп жүруіміз керек деген. Құқығыңды қорғай біл, бар мүмкіндігіңді пайдалан.
Өте үй құмар адам себебі күнделікті өмірінің тең жартысынан астамы көрермендер алдында өтетін болған соң үйін елдің көзінен тыс жасырыну ортасы іспеттес сезінген.
Осы бөлімде сырт өзгелердің сізді өсекке айналдыруы, жала жабуы сізге әсерін тигізе алмау керек. Өзіңізді, жақындарыңызды, отбасыңызды өтірік өсек, жала, жаман сөздерден сақтаңыз.
Сіз өз ойыңыздың құлысыз, сондықтан ойыңызды жинақтай біліңіз деген. Басқалардан жақсылық тілесеңіз алдымен жақсылықты өзің жаса деген рас айтылған. “Most powerful people” тізімде адамдардың атақ даңқы, қоғамдағы деңгейі, мүлікі сияқты сырт сипаттамасы арқылы қортып түйіндеме жасайтынына тан қалам, мысалы өткен жылда тізімді бастап тұрған адамды осы жылда тізімнен көре алмайсыз. Расыменде ол адам пәрменді немесе қызметінде бар күш қуаты тұр ма дегені күмән тудырады. Нағыз күш қуат дегеніміз сіз кімсіз дегеннен өміріңіздің мән мағынасы қалай айқындалып тұрғанынан көрінеді. Мақсатыңыз анық, не істейтініңіз белгілі, өзіңізге сенімді болған жағдайда ғана міне сіз күш қуатты көрінесіз деген.
Кітабының соңында “мен бүгін бар ынтаммен алға талпынып, алдымнан кезіккендердің бәріменде жақсы байланыста болам. Өмірімді тек жақсылықға арнаймын дегенге сенімдімін. Себебі мен ой, сана сөзімді, іс қимылымды білемін, ал олардың айналып келгенде жауабы өзіме қалай оралатынын түсіндім. Сізде соны түсінсе екен деп тілеймін” деп аяқтаған екен.
Мен алғаш осыдан 2 жыл бұрын осы кітапты моңғол тілінде оқығанда маған туған ой жаныма жақын апайыммен сырласқандай күйде болғаным әлі күнге есімде.
Бұл кітапты оқығанда Опра шын көңілімен кеңес беріп, сізге ақылын айтып қасыңызда отырғандай сезінесіз.
Материалды дайындаған: Рая Жақынбекқызы
Американдық тележүргізуші, актриса, продюсер О́пра Гэйл Уи́нфри 1954 жылы 29 қаңтарда Миссисипи штатының Косиускода дүниеге келеді.
Аты аңызға айналған ток-шоумен (осы түрдегі ең жоғары рейтингті бағдарлама) тарихқа енді, өзінің жеке теледидар желісін ашты, АҚШ-тағы жалғыз афроамерикалық миллиардері және Гарвард университетінің құрметті дәрежесімен марапаты жәнеде Президенттік Бостандық медалінің иегері. 1986-2011 жылдар аралығында Құрама Штаттарда 25 жылға созылған ең көп қаралған телешоу «Опра Уинфри шоуы» арқылы танымалдылығы аса түсті.
Оның ток-шоуының басты мақсаты – келген қонақтармен шынайы сөйлесе білуі, көп көрерменді тәнті ету және тыңдарманға психология, білім, денсаулық туралы тұрақты ақпарат беріп тұру болған.
“What I Know For Sure”
Опра Уинфридің “What I Know For Sure” және «Мен анық білетінім» атты кітабы 2014 жылдың қыркүйек айында жарық көрген. Бұл туындысы әлемнің 30 тілінде аударылған. Ол өзінің барлық тәжірибесінен өмірлік сабақтар жинайды – ол он төрт жыл бойы ол Oprah журналының кеңінен танымал «Мен нені анық білемін» ай сайынғы шабыт пен аянның көзі болып табылатын, мақаласы бойынша осы кітапты жазады. Кітапта оның өмірлік тәжірибесінен, балалық шағындағы жоқшылық пен қасіреттен бастап, беделді және табысты өміріне дейін үйренген «жақсы нәрселері» айтылады.
Бұл кітап 8 тақырыптан тұрады. Әр тақырыпта біріктірілген мәнді түсіндірмелерді қызықты әрі нақты түрде баяндалған.
Қуаныш – Joy
Tөзімділік – resilience
Қарым қатынас – Connection
Алғыс – Gratitude
Мүмкіндік – Possibility
Сенім – Trust
Анық болу – Be clear
Күш қуат – Power
Қуаныш – Joy
Сіз ең соңғы рет өзіңізді қашан қуанышқа толы бақытты сезіндіңіз? Бұл бөлімде Опра өзіне күнделікті бақыт, қуаныш, сәттіліктті қалай алатыны жайлы баяндайды. Күнделікті өмірде таңертең тұрып өз еркіңмен жүре алу, таңғы асыңды ішу, киіне алуымның өзі маған берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаған. Себебі әлемде өз қалауымен осыларды істей алмайтын адам қаншама?
Мысалы мен итімді ертіп таза ауаға серуендеп келуім маған үлкен бақыт деген екен. Сол сияқты өмірімнің әр сәтін бағалап әр бір кішкентай дүниеден тыныштық сезініп жан рахатын таба білген.
Жұмыс барысында жан тәнніммен жұмысқа беріліп, ал демалыста болсам тек ғана демала білу менің басты мақсатыма айналады. Бұл менің өмірімдегі сезінген қуанышты бес жұлдыздармен бағалаймын деген. Бәлкім оқып отырған сізде өміріңіздегі болған қуаныштарыңызды бірден бес жұлдызға дейін бағалап көріңіз. Опраның тағыда берер бір кеңесі “Жаның нені қалайды, соны міндетті түрде істеп көр” деуі. 1996 жылы белгілі әнші, сазгер Тина Тернер шоу қонағы болып қатысады. Осы бағдарламадан соң Уинфри сахнаға шығып ән айтып, би билеуді армандайды. Көпке созылмай бұл арманыда орындалады. Тина Тернер шығармашылық кешінде 5 минут сахнада ән шырқап, би билегені жайлы да баяндайды. Бұдан кейін Опра адам бір нәсені қаласа, соны міндетті түрде істеп көру керектігін түсінеді. Жаңашылық деген адамға жаңа өмір, жаңа сезім, жаңа көз қарас әкелетінін түсінгені туралы осыдан соң өзіне жәнеде жан жағындағы адамдарға алдарыңа мақсат қойып, оны жүзеге асырудың артықшылығын сезіне білуді айтқан екен.
Tөзімділік – resilience
Көп жағдайда адамдар өткенмен арпалысып, болашағына зиян келтіреді. Мысалы, олар өткенде ренжіткен, алдаған адамды ұмыта алмай немесе өткенде болған жағымсыз оқиғаларды еске түсіру арқылы жүрегінде «қара дақ» пайда болады. Нәтижесінде адамдар өткенге тым үйір болып, бүгінге және айналасындағыларға шағымдану көп кесдеседі.
“Әр адамның ішкі жан дүниесінде кішкентай сәбидің мінез құлқы жасырылған” деген ойды алға тартқан жазушы кеңесші Джон Брэдшоу 1991 жылы менің шоуыма қатысып маған және менің көрермендеріме таңғажайып жаттығу жасатады. Ол бәрімізге көзімізді жұмып, туып өскен ортамызға барып, қандай болғанын елестетуімізді қалады. “Жақындай бер” деп “терезеден ішке үңіл, өзіңді көр” деді. “Сен не көрдің, ең бастысы сенің нені сезінгенің” деді. Бұл жаттығудың маған әсер еткені соншалық, көңіл күйіме ауыр соққы әкелді. Жаттығудың барлық кезеңінде сезінгенім тек жалғыздық болды. Бала кезімде үйге қонақ келгенді қатты қалайтын едім. Қонақтар кеткен соң ауру атам және шаршаңқы әжеммен қалып, жалғыздықтың тұңғиықына бататынмын. Сонымен қатар өмір сүретін жерімізде менен басқа бала болған жоқ, сол себепті мен өзіммен өзім уақыт өткізуді үйрендім, әр түрлі кітаптар оқып, ойыншықтарыма атау беріп, солармен сөйлесетіні туралы айтылады. Бала күнімдегі жалғыздықты сезінуім менің есейе келе қандай адам болуыма қатты әсерін берді дегене сенімдімін деген.
Брэдшоудың көрсеткен терезесі арқылы бала кезі жалғыздықпен өткенін сезінеді. Бұл кітапты оқыған көп адамдарда бала кезінде нені бастан өткізгендерін естеріне түсірген болу керек. Дегенмен сіз не себепті, неліктен бұлай сезіндіңіз, армен қарай осы ойыңызды жалғастыра бересіз ба немесе бұл ойдан арылу керектігін түсінесіз. Бұндай ойлар мендеде болған. Сол себепті бүгін мен өзімді бақытты сезінемін, мен өткенімді ойлап жанымды ауыртқым келмейді деген түйіндеме жасайды. Ең бастысы сенің көңіліңдегі жара, қашан қалай пайда болды дегенді тапсаң оны жазу оңай болады. Бұл тек ғана сенің жауапкершілікің. Бұл әлемде тойтарылмайтын жалғыз заңдылық, ол барлықымыз өз өміріміз үшін жауаптымыз деген. Сондықтан бала кезіңде басыңнан өткен келеңсіз жағдайларды ұмытып, алға қадам бас. Бәлкім жақсы ата анаң болмаса да, отбасың қинасада оларды сенің бақытсыз өмір кешуіңе себеп болуына жол берме. Өзіңе әр нәрседен бақыт, қуаныш таба біл. Өзгелерден таба алмаған, басқалардан сезінбеген бақытты өзіңе сыйла. Ертеңгі күніңде, болашақтағы өміріңде бар жауапкершілікті көтеретін сен ғанасың деген ойды осы тарауда айтады.
Опрада ұзақ уақыт бойы ешкімге айта алмай, ішіне сақтап келген құпиясы болған. Бұл құпияны ең жақсы досына тіптен жігітінеде айта алмаған. Көп жылдан соң құпиясын ашуға бел буып, ағынан жарылады. 10 жасынан бастап зорлық көріп 14 жасында қаламаған жүктілікке ұшырайды. Босанып баласын дүниеге әкелгенімен сәби көп ұзамай шетінеп кетеді. Осы құпиясын адамдар біліп қояды-ау деген қорқынышпен өмір сүргені жайлы кітапында баяндайды. Осы құпиясын Опрадан бұрын жақын туысы елге жайып жібергеннен болып, қатты соққыға ұшырайды. Өзгелерге айтудан қойып, есінеде алудан қорқатын естелікін жақыны жайып жібергенге қатты қиналады. Дәл бұл жаңалық жексенбінің кешінде ашылады. Ал Опра болса жылап дүйсенбіде ел бетіне қалай қараймын деп ойлайды. Барлық адамдар менен жиіркеніп маған саусақтарын шошайтар, карьерам осымен бітер деп түнімен ұйқысыз таң аттырып жұмысына жол тартады. Ал түнімен жанын жегідей жеген барлық нәрсенің біреуіде болмайды. Сенің қатең деп ешкім көзіне шұқымайды, бұл распа ба деп берде бір адам сұрамайды. Жылдар бойы жанын жеп келген бұл сыр ашылып қалады-ау деп келген бұл сыр ауыр жүк болып арқамнан түскедей болып жеңілдеп қалдым деген. Туысқанына ренжіп, жек көргенімменен бір жағынан ол менің қара түнек болған қорқынышымнан, ішімді сыздатқан азапттан сейілткені үшін осы күнде қуанамын. Адамдан құпия ұстау сақтау керек жоқ болды, бір біліп қойар-ау деп қорықпайтын болдым.
Осы жағдайдан соң Опра адам өмірінде еш себебсіз дүние болмайтынын түсінеді. Бұлардың барлығы бізді қайрап, төзімділікке жетелейді деген. Ал сол кезде, сол жерде жығылып қала беремізбе немесе тұрып діземізді қағып алға қадам басамыз ба деген ойда бұл бөлімде сіздермен бөліседі.
Қарым қатынас – Connection
Мыңдаған адамдармен сұхбаттасқан жылдарда, барлығымызда бірдей бір арман, қажеттілік дейміз ба, бір дүние барын білдім. Бұл адам өзін, өзгелерге бағалы екеінін сезінгісі келетін-қалыу.
Бірде ток шоуына 7 ер жігітті қонаққа шақырып, қызықты таңқаларлық сұхбат өткізеді. Бұл сұхбаттасу сол кезде көп сенсацыға айналып көп адамдар көрген. Себебі бұл 7 жігітте бірдей тұспал болған. Жетеуіде отбасылы бола тұра, отбасынан тыс қатынаста болған. Неліктен осындай қатынас барғаны жайлы сұхбат болған. Ешқашан жарымның көзіне шөп салмаймын, қыздардың азғырысына бой бермеймін деп ойлап келген, отбасын құрғанына 18 жыл болғанымен бұндай қадамға қалай барғанын баяндайды. Менімен жолығатын әйелдің басқалардан еш өзгешелікі жоқ, ол мені жақсы тыңдай біледі, мені жақсы түсінеді, маған көңіл бөледі, мені өзгелереден ерекеше адам екенімді маған сезіндіре алатын қасиетті мен баурады деген екен. Сұхбат соңында Опра 7 жігіттің әңгімесінен өзгелерден өзгеше ерекшелікі үшін емес, жақсы тыңдай біліп, өзін жеке дара тұлға екенін түсіндіргені үшін, көңіл қойа білгені үшін, барымен қабылдай алғаны үшін сондай жағдай туындағанын тілге тиек етеді. Миссипиде өскен Опра жас шағында махаббатға бөлене алмаған. Сондықтан әр ісіне тиянақты жұмыстасам басқалар маған көңіл аударып, мені жақсы көре бастайды деген оймен жұмысына қол сыбана қызу қанды кіріседі.
Осылайша 20 жасында дос жігітті болады. Өзіне деген сенімділік пайда болады. Бірақ бұл бақытты ұзаққа созылмады. Жігітімен ажырасады. Ажыраспас үшін қитұрқы әрекеттерге барады. Жақсы жұмыстап, карьерасы енді өсіп келе бергенде жігіті тастап кетесе барлығынанда айырылып қалардай ойлайды. Көп жылдан соң, мен өз өзімді құрметтемедім, өзімді бағалай алмадым дегенді білдім деген. Әрине біздің қасымызда қолдау көрсетіп, үнемі кеңес беретін адам болса жақсы бірақ көп жыл өткен соң менің көңілімді жайландырып, мені түсінетін, мені тыңдай білетін, мені сүйетін, маған мотивация беретін жалғыз адам мен өзім екенін түсіндім. Сен жақсы адамсың, сені әркім бағалайды деп үнемі маған қолдау көрсетушіні күтумен болыппын. Ол адам өзім екенін түсінбеппін дейді. Мен бұл әлемге бақытты сезіну үшін келдім. Мен бұл әлемге жәй ғана ешқандай мақсатсыз келмедім. Мен қандай бір істі істеуге келгенмін деп ойлап өзіңді сендіре білу қиын емес. Өзіңді солай көруің керек. Өткен тағдырың қатал өткенің, көп қиыншылық көргенің маңызды емес. Туып өскен ортаңнан ала алмаған махаббат, сені біреудің қолдамауф, бар жоқшылық олар өткенде қалды. Болашақта нені қалауың, қалай өмір сүргің келетінің, қандай бейнеде өмір сүргің келетінің үшін әзірден бастап дайындалуың керектігін, қандай ойда болу керектігін тек өзің ғана шешесің. Біреудің саған деген қолдауын қажет етіп күтіп тұрма. Жолдасыңнан сен жақсы жарсың, балаларынан сіз жақсы анасыз дегенді күтіп жүрсеңіз оны мүлде күтпеңіз. Мен жақсы жармын, мен жақсы анамын, мен таңдаулы жұмысшымын, мен тым жақсы жанмын дегенде үнемі өзімізге айтып тұруымыз керек. Осылай айта батағанда сіздің жан дүниеңізде соларға жету күш қуат, өзіңізге деген сенімділік пайда болады. Әр нәрсе өзіңді жақсы көріп, бағалаудан басталады. Келесі менің білетінім барлық байланыста қатынасушына түсінуің, сондықтан мен әр қатынасты биге теңеймін. Екі адам билеп жүр деп ойлайық, біреуі алға бір қадам басты, келесісі артқа бір қадам басу керек. Осылайша би еш қатесіз жалғасу керек. Ал екеуіде бірдей қадам жасаса қателеседі. Осы кезде партнеріңнан сен қай аяғыңнан қадам жасайсың деп сұрауың керек. Ослайша биіміз қатесіз жалғасады. Адаммен қатынаста дәл осындай. Қатынасышыңнан сен нені қалайсың деп сұрау керек. Осылай жасасақ болашақта туындайтын қиыншылықтарды оңай жеңе аламыз. Көп адамдар осыдан болып қателесіп, келіспеушілікке барады. Егерде сіз өзіңізді қатынас қақтығысында жүрмін деп ойласаңыз, қатнасушыңыздан, күйеуіңізден, әйеліңізден,балаңыздан, әріптесіңізден не қалайтынын сұраңыз. Сен нені қалайсың деген сұрақты адам өз өзіненде сұрау керек құсайды. Мен неден болып қуанам, мен неліктен мұңайам, мен кіммен болғанда өзімді бақытты сезінемін, менің жаным нені қалайды дегенді сұрау қатынаста келесі қадамға жету үшін үлкен роль атқарады.
Алғыс – Gratitude
Опра 10 жыл бойы үздіксіз күнделік жазып келген. Бұл күнделікін алғыс күнделекі деп атаған. Мұнда өмірінің әр сәтінде кездескен жақсылықтарға алғысын айтып отырған. Бірақ күнделікті қарбаластықтан күнделік қозғалтуы азайып, мүлдем жазуға мүмкіндігі болмаған. 1996 жылының Қазан айының 12 жұлдызында алғыс күнделікне жазылған жазбасынан бөліскен.
Мені тосқан салқын желге алғысымды айтам. Флоридада машинаммен серуендегеніміде ризамын. Басы үлкен жігітпен кездескенім жайлы досыма айтып күні бойы күліп, көтеріңкі көңіл күйде жүргенімеде алғысым шексіз. Кеңесшім Майя шығарған өлеңін айтып бергені үшін алғысымды айтамын деп басынан өткен жағдайын жазып отырғанын кітапында бөліскен.
Осылайша алғыс күнделікін жазбай күнделікті өмірімде өтіп жатқан әр жақсылықты байқамай сезінбеппін. 1996 жылдан қарағанда осы кезде тым қарбалас, там жақсы танымал болғанымнан күнделікіме қол тидіре алмаған болармын деп өзімді ақтадым. Дегенмен ойлап қарағанда бұның бәрі тек ғана себеп. Мен осы күніме қарағанда 1996 жылы бұданда қарбалас болатынмын. Қарбалас болсамда қүнділікімді қалтырмай жазғаным, алғым айту керектігін түсінгендіктен алғыс жазып отырғаным. Ал қазір болса ол ойымды мүлдем ұмытып, өз өзін айыптап, қайтадан алғыс күнделікін жазып бастағанын кітапында атап өткен.
Адам өмірінде қиыншылыққа ұшыраса, қиналғанын айтады. Алайда сол қиыншылықтан нені түсінгені жайлы,нені үйренгені, қалай ұғып үйренгені жайлы айта бермейді. Адамдар тауға өрлеп өрмелегенде қатты қиналып шаршағанын ғана ойлап, өрмелеп, шаршауды үйреткен тауға ешқашан алғысын айтпайды.
Біз алғыс айтуымыз керек, алғыс білдіруіміз арқылы қарапайымдылықты, біруді түсінуді, мергендікке ие бола аламыз деген екен Опра кітапында.
Санымен қатар алғыс айтудың ерекшелікінде атап өткен. Біздің эгомен бізге әсер еткені соншама басқалардан өзімізді ерекшелеп тұрамыз. Сондақтан біз біреуге алғысмызды, рахметімізді жолдағанда өзімізді құрметтеуді төмендеткендей эгомызды артқа итергендей сезінеміз. Ал шындығында біреуге разылығымызды білдіргенде біздің эгомыз артқа бір қадам шегеріп оның орнына алғыс, қуаныш, біреуге деген қошамет сезімі иеленеді. Осылайша біздің тары көңіл күйіміз кеңейіп, алысқы үңіліп, көп дүниені кешіре біліп, көп нәрсеге алғыс білдіре алатын адамға айналады деген. Осылайша алғыс айтқан сайын алғыстың айырмашылығын сезінеміз жәнеде әр нәрседен жақсы ілтипат ала аламыз деген екен. Сосын өзіне осылардың барлығын түсінуіне себепкері өзіне ментор болған Майя рақмет айтуды күштегенін айтады. Мен неге алғас айтуым керек, мен қуанбағаным үшін неге алғыс білдіруім керектігін түсінбедім. Бірақ Майя ұстаздыкі дұрыс екен. Ол уақыт өтіп кетті. Мен ол сөзді айтқанымнан мені, менің болашағымды нұрға толтырып жарқыратты. Ұстазыма алғысым шексіз деген екен.
Жалғасы бар
Мүмкіндік – Possibility
Сенім – Trust
Анық болу – Be clear
Күш қуат – Power
Материалды дайындаған: Рая Жақынбекқызы
Дерек
Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы туралы не білеміз?
Published
3 years agoon
December 3, 202103 желтоқсан, KAZNEWS. Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы 1939 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Тұлба сұмынында өмірге келген. Жары Назира Нұрғалиқызымен 41 жыл отасып 8 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген.
1965 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін тәмамдап Моңғолия Орталық Жастар одағында, Моңғолияның газет-журналдарында қызмет атқарған. Шығармаларын көбінесе моңғол тілінде жазады.
“Алтай тынысы”, “Күн досы”, “Тау өзенінің тасқыны”, “Тау жарығы”, “Ыстық жаздың жауыны”, “Үлкен үй”, т.б. роман, повесть, өлең, жыр жинақтарының авторы. Моңғолия жазушылар ортасында жоғары бағаланған жазушы болған.
Қазақтың классикалық туындыларын моңғол тіліне аударуда көп еңбек сіңірген.
Мұқтар Әуезовтің “Абай жолы” романының II кітабын, Сәбит Мұқановтың “Ботагөз” романын, “Қазақстан жазушыларының біріккен жинағын”, Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Кадыр Мырза Әлінің “Шымыр жаңғақ”, Қазақстан балалар жазушыларының “Тарту” жинағын, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» басқа да көптеген қаламгерлердің туындыларын, Моңғолиядағы қазақ жазушыларының 20 шақты кітабын моңғол тіліне аударған.
Сондай-ақ Моңғолияда Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, ондағы қазақ әдебиетіне қатысты жұмыстарға жауаптанып Баян-Өлгийдегі қазақ қаламгер жазушыларының еңбектерін моңғол тіліне аударып отырған.
Қазақ әдебиетіне зор еңбек сіңіргенімен қаламгерді қазақ жұрты тым жақсы біле бермейді. Себебі, жазушының еңбектері қазақ тіліне аударылған жоқ. Алғаш рет 2009 жылы қаламгердің Қазақстанда «Сүмбіле» атты прозалар жинағы жарық көрді. 2013 жылы өмір, тарихы, шығармасы жайлы кеңінен баяндалған «Тағдыр пернесі» атпен жарық көрді.
Жәмлиқа Шалұлы «Менің құбылам» атты эссесінде «Қазақшылдығым ондағы коммунистерге де ұнай қоймады. Ол үшiн қуғындалып, партиялық сөгiс алған да кезiм болды. Алайда, «ұлтшыл» деген айдардан ыға қоймадым.
Керiсiнше, ызыттанып, Iлияс Есенберлиннiң «Көшпендiлер» трилогиясын, қазақтың ұлттық қаны сорғалап тұрған шығармаларын бiрiнен кейiн бiрiн аудара бердiм. Моңғол тiлiне Жұбан Молдағалиевтiң «Мен – қазақпын» поэмасын аударуым арқылы өзге ұлттың алдында «Мен – қазақпын» деп асқақ үн қата бiлдім», – дейді жазушы.
Қатарлас қаламгерлер ол кісіні өте жоғары бағалап, мінездеме берген. Солардың бірі Д.Нацагдорж атындағы сыйлығының иегері С.Надмид «Қазақ бола тұра Моңғол тілін жеттік меңгерген. Енді қазақ салт дәстүрлері туралы шығармаларында кеңінен баяндап, насиқаттау ғана қалды» деген.
50 жылдығын Ұланбатыр қаласының Жастар Одағы, 60 жылдығын 1999 жылы Қазақстан мемлекеттік музейінде шығармаларынан көрме, әр түрлі танымдық әңгімелер ұйымдастырылды.
Жамлиқа Шалұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өткен.
ӨЗ ЕЛІМ-АТА ЖҰРТЫМ
Тым алысқа көшкем екем-ай,
Тұңғиық көкке ұшқан екем-ай.
Шын құздарды кезген екем-ай,
Шетсіз шөлді кешкен екем-ай.
Кімге осылай мен асығып,
Көзcіз күйге түстім екен?
Әкем кенет бақи кетіп,
Топырағына келдім бе екен?
Тым алысқа көшкенімді-ай,
Тұқым-тұяқ ерткенімді-ай.
Қимас достың қалғанын-ай,
Қара көздің алғанын-ай.
Кімге асығып мен осылай,
Көзсіз күйге түстім екен.
Аңсауменен ақ жаулығын,
Анашыма жеттім ба екен.
Тым алысқа көшкенімд-ай,
Көзден жасты төккенімді-ай.
Құда жекжат айрылғаны-ай,
Қыз қанаты қайрылғаны-ай.
Кімге мен осылай асығып,
Көзсіз күйге түстім екен?
Жатта жүріп, ел сағынып,
Жорта-жорта жеттім бе екен?
Мені алысқа жетелеген-ай,
Ана тілім-кием екен-ай.
Ақ домбыра – күйім екен-ай,
Алла берген сыйым екен-ай.
Ұрпағым көрер – қызығым екен,
Тағдырым жазған сызығым екен.
Өзгерем, текті қаным екен,
Өз елім – Ата жұртым екен!
Материалды дайындаған: Рая Жақынбекқызы
17 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағы сыйлығының иегері, Мемлекет, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар» романынан үзінді ұсынамыз.
Ғалым, жазушы, аудармашы, драматург Сұлтан Тәукейұлы повесть, драма, әңгіме, роман сияқты әдебиеттің барлық жанрларында жазып, өз оқырманын тәнті еткен кейінгі буынға үлгі боларлық қаламгер.
Жазушының «Арман тау», «Арыстардың арманы», «Алмас қылыш» романдары қазақ оқырмандарына танымал.
Сондай-ақ «Тағылым» атты ғұмырнамалы эссе романы арқылы 2019 жылы Моңғолия Үкімет орнының Д.Нацагдорж атындағы сыйлығына ие болды. Бала кезінен жазушы болуды армандаған. Сол арманы 40 жылдан кейін орындалған. Әдеби бастамасын 1963 жылы алғаш аударма арқылы бастаған. Тарихи тақырыпты таңдаған жазушы алғашқы романның 1-ші кітабы «Сүмбэр уулс» (Көк сеңгір) атпен 1986 жылы, 2-ші кітабы «Уулын шуурга» (Тау бораны) атпен 1991 жылы басылып моңғол тілінде жарық көрді. (Қәзірде Д.Нацагдорж атындағы Ұланбатыр қаласының Орталық кітапханасы хорында маңғол тілінде сақтаулы.)
Сондай-ақ 2006 жылы Моңғолияның таңдамалы шығармаларының 108 томының қатарына енді. 2019 жылы жазушының өз аудармасы бойынша өңдеп, өзгерістер енгізе толықтырыла қазақ тілінде басылды.
Моңғолиядағы қазақтардың 1900 жылдан басталған қоғамдық және саяси құрылымын, халқының тұрмысын, мәдениетін, әдет-ғұрпын баяндайды. Сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы қайраткерлерін, тарихи тұлғалары келешек ұрпақтар үшін күресін көркем әдеби кейіпкерлер арқылы жеткізеді.
Ең кедей күңнен мемлекет қайраткеріне дейін жоғарлаған Бектас, Мерген сияқылды қазақ пен урианхай халқының тұрмысын бейнеленген. Сондай-ақ сол кездегі монғол қоғамының алғашқы 50 жылындағы өзгерістерді көрсетеді. Революцияға дейінгі феодалдық қоғамның бейнесі, Октябрь төңкеріс әсері, ақ-қызылдың күресі, 1930 жылдардағы халықтық революциядан кейінгі қуғын-сүргін сияқты барлық кезеңді қазақ халқы қалай бастан кешіргенін сол замандағы халық жанашырларының күресуімен Моңғолияның партия органдарының қолдауымен Баян-Өлгий аймағын құрғанымен аяқталады.
КӨКСЕҢГІР (Бірінші кітап)
«Бейқұт өмірді аңсау» атта аңыз немесе бет ашар
Бірінші бөлім. ЕСКЕКСІЗ ҚАЙЫҚ
1. Кір жуып, кіндік кескен жер
2. Салтанат
3. Дау
4. Қарымта
5. Қапаста
6. Реніш пен қуаныш
7. Жат жақсы ағайынан таныс болса
8. Қоңторғай тіршілік
9. Келелі кеңес
10. Қанды кек
11. Тамшы тердің құны
12. Тоғыз жолдың торабы
13. Алыс сапар
Екінші бөлім. БАҚТАЛАС
1. Өткен күндер күмбірі
2. Жолы үлкен адам
3. Құлшаылық
4. Есекдәме
5. Жер мен көктің жеті қаты
6. Әліп, бидің кереметі
7. Қажылық парыз
8. Оралу
9. Өшпенді ел
10. Шожыға барар жол
11. Жау қайда деме жар астында
12. Өрікті көлдің толқыны
13. Бітер істің басына, жақсы келер қасына
14. Ата мекенде
15. Жау жағадан алғанда бөрі етектен алады
16. Құн
17. Қасірет
18. Өліп тірілген адам
19. Сергелдең
Үшінші бөлім. КҮРЕС
1. Алысты көздеген адам
2. Шақырусыз қонақ
3. Үкірдайдың мөрі
4. Жауынның алды дауыл
5. Орнын таппаған билік, опық жеген халық
6. Мешін жылғы жұт
7. Әкемнің қамшысы
8. Өлгий өткелінде
9. Сәтті кездесу
10. Кіші Иван деген кім?
11. Сағсайдың құйғанында
12. Жаралы таулар
13. Қыран бүркіт қияда өледі
14. Аманат
«Ақиқат» әңгіме немесе аяқтау
ТАУ БОРАНЫ (Екінші кітап)
Бірінші бөлім. АЛАН-ЕЛЕҢ
1. Табынар тәңірім
2. Түмен жұрттың тілегі
3. Қыста еріген қар
4. Бөтен есім, бөгде адам
5. Көңілдің нәзік пернесі
6. Бір күнгі танысқы мың күн сәлем
Екінші бөлім. АЛАСАПЫРАН
1. Махаббат қызық мол күндер
2. Шайтанның ойнағы
3. Сағыныш
4. Жаңалықтың жаршысы
5. Қызу әңгіме, қызылкеңірдек талас
6. Үзілмеген үміт
7. Таңғажайып дүние
8. Дырдулы той, дүбірлі түн
9. Алысты жақындатқан күндер
10. Өгдеп келген қонақ
11. Ақбайдың тапқан ақылы
12. Ант
13. Ана жұрт, ата мекен
14. Арылмаған сор, ашылмаған бақ
15. Күздің ащы ыстығы
16. Қаздар қайтып келеді
17. Қобалжу
18. Алтайдан Анадолға дейін
19. Құлазу
Үшінші бөлім. ҚАРА БОРАН
1. Тау бораны
2. Қайта қауышар ма екенбіз?
3. Абақты үйі, азапты тергеу
4. Тарығу
5. Зарығу
6. Торығу
7. Ұмыталмас кездесу
8. Сенім
9. Медеу
10. Тосын қонақ
11. Асыл мұрат
Материалды дайындаған: Рая Жақынбекқызы
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...