4 маусым, KAZNEWS. «Арын» мемлекеттік емес ұйымы 2022 жылдың наурыз айында Моңғолиядағы аз ұлт өкілдерінің ана тілі мен мәдени мұрасын қорғау, олардың білімі мен әлеуметтік дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылған.
Осы жұмыс аясында «Арын» мемлекеттік емес ұйымы 2022 жылдың 5 маусымында сағат 13:00-де «Leading Minority Talk» тақырыбымен алғашқы іс-шарасын өткізетінін хабарлайды.
Әр саладағы көшбасшылармен іскерлік сұхбат өткізіп, заманауи тақырыптарда еркін пікір алмасу арқылы демалыс күндеріңізді өнімді өткізуге шақырады.
Уақыты: 2022 жылдың 5 маусымы, сағат 13.00.
Мекенжайы: Басқару академиясының «Б» залы
Төмендегі QR кодты оқыту арқылы іс-шараға тіркеліңіз!