Connect with us

Моңғолияда

ЕҚҚДБанкі шағын және орта кәсіпті цифрландыруға қолдау көрсетеді

Published

on

26 мамыр, KAZNEWS. Цифрлық даму және коммуникациялар министрлігінің статс-хатшысы Б.Болор-Эрдэнэ мен Еуропа қайта құру және даму банкі Саясат және серіктестік жөніндегі вице-президенті Марк Боуман Моңғолияның электронды экономикаға көшуін нығайту және цифрлық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірлесе қызмет атқараын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Екі жақ инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеп, сауда ложистика, шекаралық инфрақұрылым, электронды кедендік қызметтер және электрондық коммерцияны жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Еуропа қайта құру және даму банкі сонымен қатар Моңғолиядағы жеке бизнесті, соның ішінде шағын және орта кәсіпті цифрландыруды қолдау бойынша жұмыстар атқаратын болады.

Моңғолияда

Моңғолиялық саясаткер Тоқаев жайлы: Шығыстың шебер шахмат ойыншысы туған екен

Published

on

21 маусым, KAZNEWS. Моңғолияның экс Премьер-министрі Санжийн Баяр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Петербор экономикалық форумындағы сөйлеген сөздеріне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы өзінің @sbayar12 твиттер парақшасына жариялаған.

Қазақстан “ДХР” мен “ЛХР”-ды мойындамай ма? -деп тікелей сұрапты. Тығырыққа тіреймін деп ойласа керек. Алайда Президент Тоқаев “Мойындамайтынын” ашық айтыпты. Путиннің жанында отырып, осылайша үн қату батылдық болды. Мен оны, кем бағалаппын. Шығыстың шебер шахмат ойыншысы туған екен. 

Continue Reading

Моңғолияда

Президент Қазақстан елшісінің сенім грамотасын қабылдады

Published

on

13 маусым, KAZNEWS. Бүгін Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаевтан сенім грамотасын қабылдады. Бұл туралы Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі ретінде жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі.

Биыл Моңғолия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық достық қарым-қатынасқа 30 жыл толуда.

Тараптар кездесу барысында сауда, экономика, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты арттыру барысында пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев

– Моңғолия мен Қазақстан Республикасы да мұхитқа шыға алмайтын елдер қатарында. Сондықтан сыртқы сауда нарығын әр-тараптандыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тауарларды жеткізудің жаңа жолдарын іздеуге дайын екенін жеткізді.


Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев 1972 жылы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастаған. Сол жылы Қазақстанның Үрімші қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне ұзақ іссапарға жіберілді.
ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарған. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде жұмыс істеді. Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстанның Қытайдағы Елшісі болды. 

Continue Reading

Моңғолияда

Шілде айында моңғолиялықтар 9 күн демалады

Published

on

7 маусым, KAZNEWS. Моңғолиялықтар алдағы шілде айында мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 9 күн демалатын болады. 

Моңғолияның “Наадам” мейрамы 11-15 шілде аралығында аталып өтеді. Күнтізбе де көрсетілгендей 11 шілде дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Осылайша, 9 шілдеден бастап моңғолиялықтар бірден тоғыз күн – яғни 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17 шілдеде демалады. 

Continue Reading

Моңғолияда

«Арын» пікір алмасуға арналған ашық алаңға шақырады

Published

on

4 маусым, KAZNEWS. «Арын» мемлекеттік емес ұйымы 2022 жылдың наурыз айында Моңғолиядағы аз ұлт өкілдерінің ана тілі мен мәдени мұрасын қорғау, олардың білімі мен әлеуметтік дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылған.

Осы жұмыс аясында «Арын» мемлекеттік емес ұйымы 2022 жылдың 5 маусымында сағат 13:00-де «Leading Minority Talk» тақырыбымен алғашқы іс-шарасын өткізетінін хабарлайды.

Әр саладағы көшбасшылармен іскерлік сұхбат өткізіп, заманауи тақырыптарда еркін пікір алмасу арқылы демалыс күндеріңізді өнімді өткізуге шақырады.

Уақыты: 2022 жылдың 5 маусымы, сағат 13.00.

Мекенжайы: Басқару академиясының «Б» залы

Төмендегі QR кодты оқыту арқылы іс-шараға тіркеліңіз!

 

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 weeks ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек3 weeks ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек3 weeks ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек3 weeks ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Дерек3 weeks ago

Моңғолия қақпасына гол соққан Геррит Хольтман туралы 10 дерек

11 маусым, KAZNEWS. 2023 жылғы AFC Азия кубогының іріктеу турнирі “B” тобындағы ойындар жалғасуда. Бүгін Моңғолия құрамасы өз алаңында Филиппин...

Дерек3 weeks ago

Қожаға қойылған ескерткіш туралы 10 дерек

1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкеріне ескерткіш қойылған. Казньюс ақпарат агенттігі Қожаға қойылған ескерткіш туралы...

Дерек4 weeks ago

Студенттер үйге қайта алмай жүр!

04 маусым, KAZNEWS. Жаһанда коронавирус ауруы азайып, жағдай тұрақтала бастаған соң көршілес елдердің шекарасы ашылып, барыс-келіс жандана бастаған еді. Бірақ...

Басты назарда