22 мамыр, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің Жарлығымен П.Сэргэлэн Моңғолияның Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Э.Сарантогос Моңғолияның Оңтүстік Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KazNews Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
П.Сэргэлэн – мамандығы ұстаз, экономист. Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Моңғолияның Ат спорты бапкерлері федерациясының бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Ол 2016 жылы Моңғолияның Азық түлік, ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп министрі болған.
Э.Сарантогос – мамандығы халықаралық қатынастар. 1997 жылдан бері Сыртқы істер министрлігіне жұмыстап келеді. Токиодағы Елшілікте мәдениет, білім, гуманитарлық мәселелер жөніндегі III хатшы, 2017 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде Азия-Тынық мұхиты департментінің басшысы қызметін атқарған. Жапон, орыс және ағылшын тілін меңгерген.