Connect with us

Моңғолияда

Антони Миллер: Монғолия үнемі кеңшілік жасаумен келеді

Published

on

«Комментатор» бағдарламасының қонағы Антони Миллер. Доктор, профессор Миллер халықаралық сарапшы академик. Англия Мамандандырылған колледжінің тұрақты зерттеуші мүшесі. Әлемнің 16 елінде экономика, саясат бойынша кеңесшілік қызмет атқарған тәжірибесі бар. Соның ішінде екеуінде жоғары оқу орнының басшысы болып жұмыс атқарған. Сарапшы ғалыммен журналист Ц.Энхбаттың сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

– Монғолияда жайлы қыстап жатырсыз ба?

– Рахмет, жаман емес.

– Жұмыс-шаруаңыз ойдағыдай болып жатыр ма?

– Ең әуелі бағдарламаңызға шақырғаныңызға рахмет айтамын. Ұлы Хурал сайлауы кезінде сізбен алғаш ойда жоқта танысқаннан бері де біраз уақыт өткен екен. Зерттеу жұмыстарымды жалғастырудамын. Және бір баяндама да жазып тастадым.

– Алғаш кездескенде сіз Монғолияның даму жолына, әсіресе экономикасына біршама сыни көзбен қарайтыныңызды білдірген едіңіз. Соны аңғарғандықтан да Монғолияның экономикасын шетел адамының, көлденең көздің таразысы арқылы бағамдау үшін өзіңізді шақырып отырған жағдайымыз бар.

– Жалпы, мемлекет тұрақты және табысты болуы тиіс. Мемлекеттің бақуаттылық жағдайын дұрыс жолға қойылған салық саясаты қамтамасыз етеді. Монғолия мемлекетінің қазіргі экономикалық ахуалын бағалап, пікір білдіруден бұрын бір нәрсені айқындап алайық.

Монғолия мемлекеті өзгеге кеңшілік танытумен келеді. Осының салдарынан Монғолия Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Халықаралық валюта қоры қатарлы халықаралық қаржы ұйымдарына тікелей тәуелді бола түсуде. Бұл тәуелділікті тек құрдымға кетумен ғана сипаттауға болады. Монғолия – тәуелді мемлекет жағдайына ұшырады.

– Ең үлкен қауіп-қасіретті тап басып көре білген екенсіз.

– Өкініштісі, бұл – Монғолия экономикасының қазіргі шынайы бет-бейнесі.

– Сіз зерттеуші ғалым ретінде Монғолияның экономикасын Қазақстан мемлекетімен салыстыра отырып талдау жасап жүргендігіңізден хабардармыз. Осы зерттеуіңіздің нәтижесі біз үшін қызықты.

– Мен 2017 жылдан бері Монғолияда жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Алғаш Монғолияға аяқ басқан кезімде бұл елдің жерасты байлығы, ол байлықты игеру барысы гүлдену сатысында екендігі туралы әркім-ақ мақтанышпен айтып жүретін еді. Әрине оның ар жағында үлкен пайда, тау-төбе қаржылай табыс туралы әңгімелер жататын. Алайда бір жағдай менің таңданысымды тудырған еді. Бұл – молынан игеріп, сатып жатқан байлықтың мөлшері мен елдің даму деңгейі мүлде сәйкеспейтіндігі болатын. Бұл сәйкессіздік мені еріксіз осы елдің жерасты байлығы, оны өндіру мен сыртқа шығарып сату көлемін есептеуге жетеледі. Бұдан шыққан сан-цифрлар да өзара мүлде сәйкеспейтін. Сондықтан да мұны назар сала, тереңірек зерттеу қажет екен деген тоқтамға келген едім. Алғашқы салыстырмалы зерттеуді Нұр-Сұлтан қаласының статистикасы мен Монғолия Ұлттық статистика агенттігі шығарған ресми қуаттандырылған дереккөздер, сан-фактілерге сүйене отырып, жеті ай бойы жасадым. Мәліметтер өзара үйлесімсіз, сәйкеспейтін себепті зерттеуді бұрынғыдан да тереңдете түсу керек деген ойға бекінген едім.

Бұдан соң Қазақстан мен Монғолияның тау-кен байлықтарынан түскен салық мөлшерін салыстырып, зерттеу аясын кеңейте түстім. Себебі, Қазақстан мен Монғолия мемлекеттері географиялық және геологиялық тұрғыдан алғанда өте ұқсас. Ресей мемлекеті үшін Монғолия емес, керісінше Қазақстан басым сенімділікке ие.

Трансұлттық корпорациялар Монғолияда да, Қазақстанда да шикізат байлық көздерін өндіріп, шетелдік нарыққа шығарып жатыр. Монғолия сыртқы саудасының 80 пайызын тау-кен өнімдері иеленуде. Мен осындағы алтын, күміс, мыс, платина, темір рудасы, цинк, молибден, көмір қатарлы 12 түрлі тау-кен өніміне тоқталып зерттеу жүргіздім. Сыртқы сауданың 80 пайызын иеленуші бұл тау-кен өнімдері өз кезегінде Монғолия бюджетінің тек 20 пайызын ғана толықтырып отыр екен. Бұл – ешқандай ақылға сыймайтын, тым аз мөлшер. Басқаша айтқанда, «Рио-Тинто» компаниясы мен «Туркойлз» компаниялары Қазақстанда да кен өндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар Қазақстанның заңы бойынша 35, 40, 45, 50 пайыздық салықтарын төлеп отыр.

Негізінде Қазақстан мен Монғолияның жағдайы дәлме-дәл ұқсас. Монғолияда «Оюутолгойды» игеріп пайдасын көріп отырған «Рио Тинто» мен «Туркойлз» компаниялары дәл осы бағыт бойынша Қазақстанда өндіру жұмыстарын жүргізу барысында артық-ауыс әңгімесіз-ақ 35, 40, 45, 50 пайыздық салықтарын төлеп отыр. Олар Қазақстанды қорқытып, бопсалап отырған жоқ, жалынып-жалпайып жұмыс жасауда. Қарапайым ғана бір мысал келтірейікші: «Рио-Тинто» сізбен кездесіп, өтініш жасайды: «Сіздің қыстауыңыздың астында алтын, күміс, мыс бар. Осыны қазайық, Кен өндірейік. Барлық шығынды біз өзіміз шығарамыз. Инвестицияны өз мойнымызға аламыз. Адам күшін де жалдайық. Сөйтіп өндірген кенді әлемдік нарыққа шығарайық. Осыдан түскен табыстың 60 пайызын біз алып, қалған 40 пайызын ақы иесі Сіз алу жағдайын рұқсаттаңызшы», – деп «Рио Тинто» сізге жалынып отыр деп елестетіңіз. Қазақстанның жер астынан өндірген байлықты әлемдік нарыққа шығарушы кім болса да 40 пайыз, ең аз дегенде 35 пайыз салық төлейтін заң бар. Оны «Рио Тинто», «Туркойлз» компаниялары сөзсіз мойындап отыр. Мінеки, айырмасы осында, Қазақстан тиісті пайдасын көріп, Монғолия көре алмай отыр.

– Олай болса Монғолия тау-кен өнімі салығын Қазақстанмен бірдей болдырса, біз не ұтар едік?

– Осы стандартпен Монғолия жүре берсе қалай болады деген есепті 2018 жылы жасап көргенмін. Барлығы 27 өнімнің ішінде алтын, күміс, мыс, цинк, платина, молибден, көмір, темір рудасы, мұнай т.б. 12 өнімге ғана Қазақстанның салық стандартын қойып есептеп көрдім. Сөйткенде Монғолияның бюджетіне жылына 1,4 млрд. АҚШ доллары қосымша үстелетін есептеу шықты. Тек бір жылда ғана ғой.

– Демек, сіздің жасаған осы есептеу зерттеуіңіз бойынша Монғолия салықтан 5 триллион төгрөгтен қағылып отырғаны анық екен. Монғолия билігі «Оюутолгойдағы» байлығын пайдалануға беріп, салығын жеңілдетіп, қосымша құн табысын да ала алмай отырғаны ғой, сонда. Осылайша шетелдік экономика жендеттерімен ымыраласты десек болады екен де.

– Бюджетке жоғарыдағы мөлшердегі ақшаны енгізе алған жағдайда Монғолия үлкен экономикалық жаңғыру жасай алады. Мемлекеттің дамуы тек алға басып емес, гүлденіп дамитын болады.

– Сіздің көзіңізбен қарағанда Монғолия қалай дамып келе жатыр?

– Дамып жатыр деп айту қиын болар. Амалдап, жан бағып отыр деп айтсақ көбірек сәйкесетін шығар. Менің ұнатпайтын бір сөзім бар. Ол – кеңшілік жасау. Монғолия тым көп кеңшілік жасауда.

Негізі Монғолия жер иесі ретінде «Рио Тинто» компаниясымен тең дәреже қарым-қатынас жасауы керек қой. Олармен жасасқан келісімдерді жақсарта түсуі тиіс. Ортақ келісім – өзара пайдалы түрде болуы тиіс. Салық түсімін ала алмауда. Бірлескен іс-әрекеттер, өзара пайда деген сөздермен қатар, монғолдар үстеме қайтарым дегенді қазбалайтын уақыт жетті.

– Салықтан жалтарушылық мәселесін қалай шешкен жөн деп білесіз?

– Тек Монғолияда ғана емес, туған жерінің қойнауын игеруге ұсынғаны, астындағы байлықты қазып алғаны үшін салық ала алмай отырған мемлекеттер көп. Бұл мемелкеттер кедейленіп, қарызға батқан үстіне бата түсуде. Әлемге әйгілі трансұлттық тау-кен өндіріс компаниялары жылына 800 млрд. АҚШ долларына тең мөлшердегі салықтан жалтарады деген зерттеу қорытындысы бар. Салығын толықтай ала алмай отырған мемлекеттің бірі – Монғолия.

Олай болса алдыңғы билік иелерінің шетелдіктермен шексіз ымыраласқан келісімдерін жаңарту, әділетсіз заңдарды жаңадан бекіту, қайтадан қарау құқығы монғолдардың өз қолында тұрған жоқ па? Осы әдіс-тәсілдермен ғана қателікті қалпына келтіруге болады. Салық дегеніміз – Монғолияның мемлекеттік аппаратын қозғалысқа енгізуші басты қаржыландыру көзі емес пе.

– Монғолиямен дәл бірдей деңгейде болған Қазақстан даму жолына түсті. Қазақстан дамуының кейбір кілтін атап өтсеңіз?

– Иә, Қазақстанның сыртқы қарызы бар. Бірақ өте жақсы дамып жатыр. Үкіметін күш-жігерлі жас адамдармен жасақтап алды. Салықтың өте тиімді құрылымына ие. Бақылау жақсы. Кеңшіліктер жасай беруге емес, нақты жағдайға сүйене алады.

– Сіз Монғолияның Қаржы министріне, билеуші партияның басшысына қандай кеңес берген болар едіңіз?

– Ең алдымен «Оюутолгой» келісімінің бағалауын жасап, өзара пайдалы болуы туралы бапты келісімге жаңадан енгізу керек. Салықты ең кем дегенде 35 пайыз болғызыңыз. Қазақстанда «Рио Тинто», «Турк ойлз» компаниялары дәл осындай салық төлеп отыр. Олар бұл салық мөлшеріне дауласпауға тиіс деген болар едім.

– Сіз Монғолия билігі басындағылардың жіберген қателіктерін түзетуге тиіс деп көресіз ғой. Бұдан өзге шетелдік экономикалық ұйымдарына тәуелді болмау керектігі туралы әлденеше рет айтып өттіңіз.

– Батыс әлемінің Жер шарындағы кедей елдерді өз ықпалына енгізіп қанау тәсілдері бар. Соның бірі – қарызға кіргізіп, несиеге батырып, тәуелді қылу. Осы жағдай Монғолияда өріс алып келе жатыр. Монғолдар бұл мәселенің сайлау кезінде ғана басын шығарып айтқанымен, сайлаудың ертеңінде ұмытып кетеді. Монғолия мемлекеті ірі көлемдегі қарызын төлеуі тиіс. Монғолия несиеден несиеге дейінгі уақытпен ғана өмір сүріп жатыр. Билігі де, халқы да дәл солай.

– Тәуелсіз зерттеуші ретінде бұл мәселе ұлғая келе қандай салдары болуы мүмкін деп болжамдайсыз?

– Өте қауіпті. Бұл жағдай ары қарай жалғаса берсе Монғолияның тәуелсіздігіне қатер төнетін болады. Азия даму банкі, Халықаралық валюта қорының қарызынан құтыла алмаса, Монғолия солардың толық бақылауында өмір сүретін болады. Халықаралық валюта қоры Монголбанкті бақылауына алған. Тұрақты мерзімде келіп, есеп қорытындыларын тексеріп тұру құқығын қолдарына алған. Адам ретінде мысалға алатын болсақ, Монғолия мемлекеті күші басым адамға әлі жетпей, ығысып, шетқақпайланып бара жатыр деп елестетуге болады. Құлап кетсе, қайта тұра алмайды. ХВҚ Монғолияның экономикасын тәп-тәуір ықпалына алған. Сөйтіп Монғолия дербес, тәуелсіздік мәртебесіннен айырылуға жақын деуге болады.

– Сіз көптеген зерттеулер жасадыңыз. Сіздің баяндамаларыңызбен Монғолияның ықпал-билігі бар шешім шығарушылары қаншалықты танысып қаперге алып отыр?

– Менің баяндамаларым – ашық, қолжетімді. Баяндамаларымды Монғолия мемлекеттік университетінің вебсайтына орналастырғанмын. Осы жоғары оқу орнының кітапханасына барып танысуға да болады. Университеттің бизнестік даму мектебі журналында да жарияланған.

– Сіз бен біздің сұхбатымыз да аяқталып келеді. Сізге Монғолия Президенті Х.Баттулгамен кездесу мүмкіндігі туар болса оған қандай кеңес берген болар едіңіз?

– Менің естуімше, Президент Х.Баттулга халық-көпшіліктің арасында бет-беделі жоғары саясаткерлердің бірі. Ол мемлекеттің басшысы ретінде елін осы бір қиын-қыстау жағдайда тастап кетуіне болмайды. Шыңғыс ханның алдынан: «Менің ақшам, табысым қайда деп сұрайтын құқықа ие жалғыс адам. Ол қазіргі уақыттағы жағдайды қандай құнмен болса да жақсартуға міндет жүктеп сайланған саясаткер. Кездесу сәті түсіп қалар болса, айтар маңызды кеңестерім бар.

– Монғолияның экономистері сөз сөйлегенімен, шындықты айналып өтіп жатады. Шындықты айналып өтпей, нақты жағдайға баға беріп сұхбаттасқаныңыз үшін рақмет.

– Оқасы жоқ. Мені тыңдап, зерттеу нәтижелерімнің шет-жағасын монғолдардың назарына ұсынуға мүмкіндік тудырған Control.mn сайт, «Комментатор» бағдарламасы «Ғасыр ақпараты» газеті ұжымына алғыс білдіремін.

Дереккөз: «Ғасыр ақпараты» газетінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №22 (6499) саны,

Монғол тілінен аударған Асылбек Байтанұлы

Advertisement


Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды

Published

on

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Published

on

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды

Published

on

Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.

Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда