KAZNEWS – Моңғолия Парламентінің 2020 жылғы сайлауына атын ұсынған кандидаттар арасында ең жоғарғы табысы бар кандидатты таныстырып отырмыз. Ол “М Ойл Групп” компаниясының директоры Бадамдоржийн Пунсалмаа.
- Өз кірісі: 85 миллиард төгрөг
- Отбасының жылдық кірісі: 83,9 миллиард төгрөг
- Патер, құрылыс нысаны: Құны 2,4 миллиард төгрөгке бағаланатын 2 хаус, 4 пәтер үй, 1 даяшылық көрсететін құрылыс нысаны, 4 автотұрағы бар.
- Автокөлік: Құны 470 миллион төгрөгке бағаланатын Range Rover, Porsche Boxtor автокөлігі бар.
- Жері: 40 миллион төгрөгке бағаланатын 2 жері бар.
- Жинақ: Жергілікті банктердегі есепшоттарында 258 миллион төгрөг жинақ қоры бар.
- Алымсақ: 100 миллион төгрөг
- Компания: Их Монгол Товер компаниясының 50%, Эм Пи компаниясының 100%, М Ойл Групп компаниясының 50%, Инвестос қаржы ұйымының 85%, Монгол Ойл групп компаниясының 50%, Рандонехорс компаниясының 50%, Сиркл Чейн компаниясының 10%, Смарт Ворк компаниясының 20%, Монгол Артист Пикчерс компаниясының 50%, Нью-Истан компаниясының 50%, Тайшрийн Хүдэр компаниясының 66% үлесін иемденеді.
Бадамдоржийн Пунсалмаа деген кім?
2020 жылғы Парламент сайлауының 27 аумағы яғни Улаанбаатар қаласының Сонгинохайрхан ауданына Демократиялық партиядан атын ұсынып отыр.
Ол «Пунсалмаа» қорының негізін қалаушы. Улаанбаатар қаласының Демократиялық Әйелдер ұйымының төрайымы, «М-Ойл групп» компаниясының атқарушы директоры.
Б.Пунсалмаа 2002 жылы Моңғолия Ұлттық Университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылдан бері «М-Ойл групп» компаниясының атқарушы директоры қызметін атқарып келеді.