Kaznews.mn – Мемлекеттік Ұлы Хуралдың (Парламент) 2020 жылғы кезекті сайлауына депутатқа түсуге партия, партиялық коалициялардан және дербес атын ұсынушы үміткердердің есімі белгілі болды. Кандидаттардың құжаттарын қарауға жауапты жұмыс тобы үміткерлердің құжаттарын 2020 жылдың 21 мамырға дейін қабылдайды. Бес күннің ішінде құжаттарды тексеріп, нәтижесін Сайлау комиссиясының отырысына таныстырады.
Баян-Өлгий аймағынан Парламент сайлауына түсуге 2 партия, 3 коалициядан 13 кандидат және 1 дербес атын ұсынушының есімі өткен сенбіде белгілі болды. Олар Парламенттегі 3 депутаттық мандатқа таласады.
Моңғол Халық партиясынан
Бәделхан Қабдісіләмұлы
Ғылымхан Әйіпұлы
Аубәкір Телуханұлы
Демократиялық партиясынан
Мұрат Дәкейұлы
Бейсен Бұланұлы
Ғажайып Рахметұлы
Та бидний эвсэл яғни «Сіз бен біздің одағымыз» коалициясынан
Айбек Болатұлы
Әуез Таштуанұлы
Батырбек Зулпайұлы
«Дұрыс адам электорат» коалициясынан
Б.Одхүү
«Шинэ эвсэл» яғни Жаңа коалициясынан
Ғанибат Қаратышханұлы
Төлеген Мәулетұлы
Палдайн Нямхүү
Дербес атын ұсынушы
Қанағат Каснайұлы
Естеріңізге салсақ, Моңғолияның кезекті Парламент сайлауына жалпы 15 партия, 4 коалиция түсетіні белгілі болған. Олар Моңғолия Парламентіндегі 76 орынға таласады.
Kaznews.mn сізге “Сайлау 2020” парақшасы арқылы кандидаттардың ақпараттарын ұсынатын болады.