KAZNEWS – 2017-2018 оқу жылында Баян-Өлгий аймағы бойынша жалпы білім беретін 43 мектепте 25003 оқушы білім алып, 43 балабақшада 6901 бала білімге үйреніп жүр.
Бұл өткен жылғы көрсеткішке салыстырғанда оқушы 2412-мен, балабақшадағы балалар 200-бен артылған.
Нәтижесінде аймақта оқушы орнына деген тапшылық байқалады. Аталған мәселелерді шешу мақсатында 2018 жылы аймақ көлемінде мемлекеттік бюджеттен 8 нысан жаңадан салуға 7084,0 млн төгрөг бағытталып, 2018 жылы 2 нысаннан өзгесін пайдаға беру жоспарланған.
2018 жылы мемлекеттік бюджеттен Цэнгэл сұмыны Балықты көл мектебіне жатақхана құрылысын салуға 143,0 млн, Сагсай сұмынына балабақша құрылысын салуға 1200,0 млн, жатақхананың ыстық су құрылысы үшін 116,0 млн, Дэлүүн сұмынына жатақхана құрылысын салуға 1025,0 млн, Бугат сұмынына балабақша құрылысын салуға 600,0 млн, Өлгий қаласына бастауыш мектеп және балабақшаның кешенді құрылысына 3500,0 млн, Ногооннуур сұмын орталығына балабақша құрылысын салуға 500,0 млн, Қызылтасқа балабақша салуға 360,0 млн төгрөг бөлінген.
Сонымен қатар, Өлгий қаласында балалар ауруханасын салуға 5019,7 млн төгрөг бөлініп, 2018 жылы құрылысын бастау үшін 500,0 млн төгрөг бағыттаған.