KAZNEWS – Қаржы министрлігінен НӨАТ қайтарылымы туралы мәлімет берді.
НӨАТ – Қосылған құн салығы. Қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігін айтады.
Үстіміздегі жылы мемлекеттен тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, көлеңкелі экономика көлемін азайту арқылы еліміздің және жергілікті бюджетке салық түсімін ұлғайту мақсатында НӨАТУС системін іске қосқан болатын. НӨАТУС системіне тұтынушылар түбіртектерді еңгізіп, сол арқылы лотерияға қатысып, жыл соңында сатып алған заттарына төленген құн салығынан 20 пайызға жуығын кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Қаржы вице-министрі Х.Булгантуяа: Азаматтар 2016 жылдың 31 желтоқсан күні 00.00 сағаттан бұрын қолдарындағы түбіртектерін 2017 жылы қаңтардың алғашқы аптасында (жұмыс күндері) ebarimt.mn сайтына тіркеп үлгеру керек.
Вице-министр, «2017 жылдың алғашқы күндерінде НӨАТ – қайтарылымын береміз». Барлығы 30 миллиард төгрөгті халыққа қайтарып береміз деді.
Сонымен қатар, азаматтар аталмыш сайт арқылы өзінің мәліметінің дұрыстығына көз жеткізіп, қайтарылымды уақытында алуға мүмкіндік бар. Системге қаншалықты көп түбіртек салынса, қайтарылым сомасы соғұрлым көп болады.
Тіркелген азаматтардың ішінде системге негізгі ақпараттарын қате еңгізген жағдайлар кезігіп отыр.
Атап айтсақ, системге өзінің есеп шотын еңгізгенімен, аты жөніне баласының есімін жазып қойған, немесе есеп шотын еңгізуге арналған орынға визитка номерін жазған сияқты жағдайлар кездесіп отыр. Бұл азаматтардың үкіметтен есеп шотына аударылатын ақша уақытында берілуіне кері әсер етеді.
Бүгінгі мәліметтерге қарасақ 895873 азамат түбіртек тіркеген болса, оның 250000 ға жуық азаматтың мәліметтерін қайта қадағалау қажет. Бұл жөнінде банктермен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз.
Ал, 2017 жылы бұл іс шара жалғасады. 2017 жылғы мемлекеттік бюджетке лотерия және қайтарылым сомасына 80 миллиард төгрөг бөліп отырмыз.