KAZNEWS – Статистика комитетінің дерегінше, Моңғолияға шетелден келген қонақтар саны жыл сайын көбейіп келеді.
2017 жылы шетелден 5,9 миллион қонақ шекара асқан. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы есептен 513,1 мыңға артық, яғни 9,4 пайызға өскен.
Моңғолияға ең көп келетін елдерден 37.2 пайызын ҚХР, 20.3 пайызын Ресей Федерациясы, 14.1 пайызын Оңтүстік Корея, 4.3 пайызын Жапония, 3.3 пайызын АҚШ және 2.7 пайызын Қазақстан Республикасының азаматтары, 18,1 пайызын өзге мемлекеттердің азаматтары иеленуде.
Ал, 2017 жылы 2.4 миллион адам шетел асқан болса, олардың 1.8 миллионы жеке шаруамен барған.