Қандай да бір мемлекеттің немесе оның құрамдас аймақтарының экономикалық өсімі өндірген Ішкі жалпы өнімінің көрсеткіштерімен айқындалатыны белгілі.
Әлемдік нарықтағы тау-кен өнімдері бағасының құлдырауы, көршілес Қытай елінің көмір, мысқа деген сұранысын азайтуына байланысты еліміз экономикасы уақытша қиыншылық жағдайды бастан кешіріп жатқанымен, аймағымыз экономикасы айтарлықтай өскен.
Мәселен, 2012 жылы аймақтың Ішкі жалпы өнімі 200,3 миллиард төгрөг болса, 2013 жылы 225,5 миллиард, 2014 жылы 271 миллиард төгрөгті көрсетіп, 2015 жылдың соңына дейін 300,1 миллиард төгрөгке жетеді деп күтілуде.
Аймақ экономикасының қысқа мерзім ішінде осылайша қарқынды өсуіне соңғы бірнеше жылда азаматтар мен шаруашылық бірліктеріне шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер берілуі, құрылыс жұмыстарының көптеп атқарылуы, даяшылық саласының қарқынды дамуы әсер етіп отыр деген қорытындыны құзырлы мекеме мамандары шығарып отыр.