Өткен жылда ғаламдық қаржылық дағдарысқа сәйкес ел экономикасында қиындықтар туындағанымен, аймақ экономикасында керісінше ілгерілеушілік байқалды.
Алдын ала мәлімет бойынша аймақтың Жалпы ішкі өнімі 300 миллиард төгрөгті құрап, былтырғы жылдан 6 пайызға артық.
Нәтижесінде азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 53,9 миллиард төгрөгті құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 15, 2014 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызбен өскен.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 1541 жұмыс орны жаңадан пайда болған. Бұл жұмыс орындарының 6,2 пайызы құрылыс саласында, 13,5 пайызы ауыл шаруашылығы саласында, 33,1 пайызы өңдеу өнеркәсібі, 11,1 пайызы білім беру, 21,1 пайызы сауда, қызмет көрсету, 2,5 пайызы денсаулық сақтау салаларында пайда болды.
Жұмыссыздық деңгейі 7,1 пайызды көрсетіп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2 есе төмендеген.