Connect with us

Моңғолияда

Ресейге экспорттауға жақсы мүмкіндік туады

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия-Ресей бизнес форумында Моңғолияның ет, ет өнімдері, жүн, түбіт, тері және былғары өнімдерін Ресейге мол мөлшерде экспорттауға мүмкіндік бар. Сондықтан кәсіпкерлер өзара тиімді болу үшін тарифтік және бейтарифтік реттеу шараларын қолға алып, ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауда.
Форумға қатысуға Ресей тарапынан Алтай өлкесінің Сауда палатасының басшысы бастаған сегіз компания өкілдері келген. Олар үш күн бойы отандық кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты арттырудың жаңа жолдарын іздейді.
Моңғолия тарапынан «Цагааннуур» еркін зонасы таныстырылды. Моңғолияның батыс өлкесінің қарқынды дамуының бір негізі бола алатын «Цагааннуур» еркін зонасы халықаралық сауда және транзиттік өңірлік хаб ретінде қалыптасуы маңызды болмақ. Сондай-ақ, «Цагааннуур» еркін зонасының жаңа бас жоспары әзірленген. Сауда, логистикалық орталық құру, табиғи газ өңдеу, пластмасса және полиэтиленнен жасалатын құрылыс материалдары өндірісі, импортталған мұнай өнімдерін өңдеу заводын салуды қатарлы жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, еркін зонада ет және ет өнімдерін өндіру, ет сақтау қоймасы, консервілер өндіретін шағын өндірістер салуды да бас жоспарда көрсеткен. Алтай өлкесі Баян-Өлгий аймағымен шекараласатындықтан екі жақты кәсіпкерлердің ынтымақтастығын нығайтуға зор мүмкіндік туындап отырғанын мамандар атап өтті.
Ал, Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлер шырғанақ шырыны, шырғанақ майы, электр қуаты, жылу, ыстық және суық судың автомат узельдері, темір жол тасымалы, ауыл шаруашылық техникалары, астық, күріш, ұн және мал азығы қатарлы бағыттарда өз өнімдерін таныстырады.
Моңғолияның Сауда палатасының Бас хатшысы Э.Оюунтэгш-тің Монцамэ агенттігіне берген сұхбатында, Бүгінгі кездесу екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа жолдары жөнінде пікір алмасу, бизнестік қарым-қатынас орнатып, көлемін кеңейтуге жол ашып отыр. Форум аясында «Цагааннуур» еркін зонасының қазіргі жайы, экспорт, импорт мүмкіндіктері баяндалды. Алтай өлкесінің ұн өнімдерімен Ресейге әйгілі «Алейка» ұн өндірісінің таныстыруы жүріледі. Биыл елімізде ауа-райы салдарынан астық жинау науқаны жоспарланған межеге жете алған жоқ. Сондықтан Ресейден 200 мыңға жуық тонна бидай алуға келісім жасалып отыр. Бұл келісім бойынша бидай импорттауға квот алған біздің компаниялармен Ресей жағы байланыс орнатады.
Ал, Алтай өлкесі бізден тері, жүн, түбіт, ет және ет өнімдерін алуға ниет білдіріп отыр. Екі елдің Үкіметтік деңгейінде кедендік кедергілерді азайтуға, ветериналық қызметіндегі мәселелерді бір жақты етуге тараптар ұсыныс білдірмек.

Advertisement


Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Моңғолияда

Ертең Баян-Өлгий аймағының солтүстігінде 18-20 м/с жылдамдықпен жел соғады

Published

on

Ертең Баян-Өлгий аймағының солтүстігінде, Ховд аймағының батысы мен солтүстігінде 18-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Бұл туралы Ауарайын бақылау қызметі хабарлады.

Алтай тау жоталарында қар жауып, боран соғуы ықтимал.

Осы себепке орай, барлық көлік жүргізушілеріне жолға шыққанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз!

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде басталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 29-шы конференциясы барысында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Ең әуелі Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх өз елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының ірі іс-шарасын сәтті ұйымдастырғаны үшін құттықтап, сәттілік тіледі.

Кездесу барысында Мемлекет басшылары Моңғолия мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық саяси салада белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, оларды өзара мүдделі барлық салаларда кеңейту және дамыту қажеттігін атап өтті.

Осы тұрғыда жақын арада екі ел арасында жоғары деңгейдегі сапарды жүзеге асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың негізін нығайту келісілді.

Сонымен қатар, олар моңғол-әзербайжан қарым-қатынастарын экономикалық мазмұнмен байыту және инвестицияларды ұлғайту, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, білім беру салаларында тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ климаттың өзгеруі мен шөлейттену сияқты жаһандық проблемаларды еңсеруге екі елдің бірлескен үлесі талқыланып, халықаралық қатынастардың кейбір мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Continue Reading

Моңғолияда

Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Continue Reading

Моңғолияда

Тоқаев Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен

Published

on

Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда