11 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі оқырмандар арасынан төменгі сұрақтар бойынша апта сайын жауап алып отыратын болады.
- Сіз қандай кітап оқисыз?
- Қазір қандай кітап оқып жатырсыз?
- Қысқаша мазмұны қалай?
- Оқыған кітаптарыңыз арасынан ең көп ой салған кітапты атап өтсеңіз?
- Басқа адамдарға оқуға қандай кітапты ұсынар едіңіз?
Өмірбек Биқұмарұлы, Доктор (Рh.D)
1. Ғылыми кітаптар, сонымен қатар этнографиялық, археологиялық, өлеңдер жинағын көбірек оқимын.
2. Қазір Моңғолиялық қазақ жазба ақыны Жанат Боқашұлының “Аққулар оралғанда” өлеңдер жинағын оқудамын.
3. Қысқаша мазмұны поэзиялық өлеңдер мен тарих-этнографиялық жанрда.
4. Биқұмар Кәмалашұлының “Киелі жандар” деген жинағын құрастырып жатырмын. Жинақта 42 әңгіме енген. Салт дәстүрлік мақалалар көп, құрастыру барысында осы жинақ көп ой салды. Таяуда жарыққа шығарамыз.
5. Оқырмандарға қазақтың ұлы жазушылары Абай, Міржақып, Мағжан, Шәкәрім т,б. Сондай-ақ, Моңғолиялық Байыт Қабанұлы, Жанат Боқашұлы, Аманжол Бәделұлы қатарлы жазушылардың еңбегін оқуды ұсынамын.
Сәбет Насырұлы, журналист
1. Тарихи, тағылымдық, танымдық кітаптарды оқығанды жақсы көремін.
2. Соңғы бір жылда кітапқа қарауға уақыт болмай жүр. Әйтпесе, уақытың болса, аяқты көсіліп тастап, кітап оқығанға не жетсін! Бірақ 5-6 ай бұрын Оспан Исламұлының сенімді серігі Нұрғожай батыр Молдажанұлының естелігін алып оқыдым.
3. Қысқаша мазмұны өзін таныстырумен басталып, Шығыс Түркістанның құрылуы мен құлдырауы және замандастары, Алтай бетіндегі қазақтардың қуғындалуы, көшбасшы Оспан Исламұлы жайлы баяндалады.
4. Оқыған кітаптарым арасынан ең көп ой салған кітаптар – Джек Лондонның «Мартин Иден» романы.
5. Ең алдымен Құран кәрімді оқыңыз. Көп дүниені түсінбесеңіз де, түсінгеніңіздің көбі сіздің өзіңізге және өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін болады. Басқалары:
– Дейл Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері»,
– Джон Перкинстің «Жалдамалы қаржылық қансорғыштың күнәсынан арылуы» /Эдийн засгийн хөлсний алуурчны наминчлал/»,
– Іляс Есенберлиннің «Көшпенділер»,
– Зардыхан Қинаятұлының «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары», «Моңғолиядағы қазақтар» , «Қазақ мемлекеті және Жошы хан», «Қазақтар мен Моңғолдар тарих тоғысында»,
– Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі»,
– Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» кітаптарын оқуды ұсыныс етемін.
Соңғы жылдары baabar.mn, jargaldefacto.com, tolgoilogch.mn, Kaznews.mn ғаламтор порталдарында жарияланған мақала, сұхбаттарды қалдырмай оқуға тырысудамын.
Аманжол Қуантханұлы, ақын
1. Тарихи, поезиялық жанрдағы кітаптарды көбірек оқимын.
2. Фариза Оңғарсынованың екі томы мен Нұрқожай батырдың “Азаттықтық өшпес рухы” атты кітаптарды оқыдым.
3. “Азаттықтың өшпес рухы” кітабы Шығыс Түркістан ұлт азаттық көтерілісі туралы баяндалады.
4. Оқыған кітаптарым арасына Лияс Есенберлиннің “Көшпенділер” соңғы кітабы терең ой салды.
4. Мұхтар Мағауин, Иляс Есенберлин, Фариза Оңғарсынова, Оспан батыр кітабы, Бес ғасыр жырлайды, Сұлтан Тəукейұлының бес томы және Сұраған Рақметұлы, Байыт Қабанұлының кітаптарын оқуға ұсынамын.
Даргерхан Аятханқызы, ағылшын пәнінің ұстазы
1. Әдеби кітаптарды көбірек оқуды ұнатамын. Соңғы кезде жеке тұлғаны дамытуға байланысты кітаптарды көп оқитын болдым.
2. Гүлдәурен Табиғатқызының «Тренди бойжеткен» және Г.Мөнгөннің «Жинақ ашығудан басталады» деген кітаптарды оқудамын. «Өзіңе және жанұяңа қамқор болу» деген кітапты оқып бітірдім.
3. Жоғарыдағы екі кітаптың мазмұнына келсек өзіңді дамыту үшін не істеуің керек, қыл аяғы тәңертең ерте тұрсаң ден саулығыңа және жеке тұлғалық даму бойынша жұмысыңның өнімді болуы жайлы кеңестер берілген. Екіншісінде ақшаны қалай табу және қалай ретті жұмсау жайлы жазылған.
4. «Жинақ ашығудан басталады» кітабы ой салды. Және басқаларға осы кітапты бір оқуға кеңес беремін.
Дастан Қаламханұлы, суретші
1. Жалпы тарихи кітаптар оқимын. Суретші адам болған соң жаңа туынды жасау үшін көбірек зерттеулер жасаймын.
2. Соңғы кездері Алтын орда жайлы Иен Янның Батый хан романын оқып жүрмін. Қазақстан, Моңғолия суретшілер осы тақырыпта жұмыс жасап жатыр. Тың жақсы шығармалар шығып та үлгерді. Қазір интернет желісінен де кітап тар оқуға болады. Негізі Яндексте жақсы тартхи кітаптар бар. Көбі Орыс тілінде. Жалпы Ресейдің шығарғын ғылыми кітаптары көп қызықтаймын. Кейбір тарихи оқиғалар анық зерттелген. Сонау ертедегі жане қазіргі кезге дейнгі әлемдік барлау ұйымдарының тартихын зерттеген жазушылардың кітаптарын оқимын.
3. Əзіл мысқылдан əрине алыстаған жөн. Берері жоқ. Ізденіп оқу керек. Оқып қана қоймай анализ жасаған жөн.
4. Жастарға айтарым кітап оқуды ең əуелі қазақ классиктерінен бастау керек. М Əуезов. Ғ.Мүсірепов, Шыңғыс Айтматовты міндетті түрде оқу керек деп ойлаймын. Сосын мамандыққа байланысты кітаптарды көбірек оқү керек. Сонда өзі де жетіледі. Қайда барсаңда өз мамандар арасында қандай бір дискуцияда қысылмай жауап беретін жағыдайда болу керек.
Ақбөпе Жубайқызы, ұстаз
1. Қазақтың ақын-жазушыларының көптеген кітаптарын оқыдым. Cоңғы 6 жылдан бері бала тәрбиесіне байланысты жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық кітаптарды да қосып оқып жүрмін. Әлемге әйгілі адамдардың өмірі туралы да кітаптар оқимын.
2. Соңғы оқыған кітабым Анна Франк “Пана” күнделігін, Г.Наранбаатар “Аз жаргалын набор” болды. Бірнеше күн бұрын М.Шахановтың “Қонаевпен сырласу” кітабын оқып бітірдім.
3. Әр оқыған кітаптардың ішінен өзіме ұнаған сөйлем нақыл сөздерін белгілеуіме түртіп аламын. Осы кітаптан Қонаевтың жарты ғасыр бірге өмір сүрген жары жайлы айтқан жерінен мына бір үзіндісі ұнады.
“…Күйеуінің санасына сана қосуда, оның ажырамас досына айналу жолында әйел ылғи да ізденіс үстінде жүруі шарт. Ізденуден, іштей толғанудан қалған әйел-әйел емес” деген сөздері ұнады. Д.Қонаев бұрын көп жылдары бастық болғанын білетінмін бірақ ол кісі өте әділ парасатты таза адам екендігін осы кітап арқылы таныдым.
4. Жалпы өзімнің оқыған кітаптардың ішінен өзіме ұнайтын кітаптар З.Ахметова “Шуақты күндер” М.Шаханов пен Ш.Айтматовтың бірлесіп жазған “Құз басындағы аңшының зары” кітабы, О.Бөкеевтің “Атау кере” повесі Мырзакелді Кемелдің “Ақыл қалта” оқырмандар кітабын оқыса деймін.
“Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік” – Ғабит Мүсірепов.