Connect with us

Спорт

Дәулет Шабанбайға олимпиада ойындарының қола медалі табысталатын болды

Published

on

Ауыр салмақта белдесетін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға араға жеті жыл салып Олимпиада ойындарының қола медалі табысталатын болды. Livetime.mn сайты хабарлады.

Естеріңізде болса, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарының жартылай финалында Дәулет Шабанбай грузин палуаны Давид Модзманавшилиге есе жіберген болатын.

Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, алтын медаль алған өзбекстандық Артур Таймазов пен күміс жүлде алған грузин спортшысы Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылған.

«Артур Таймазов пен Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылып, Олимпиада-2012 ережесін бұзды. Ол қатысқан турнирден шеттетіліп, 120 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы еркін күрестен алған медалін қайтаруға міндеттеледі», – деп жазылған ХОК ресми хабарламасында.

Давит Модзманашвили ширек финалда Дәулет Шабанбайды жарыс жолынан шығарған болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Билял Маховты жеңген. Тек финалда өзбек Артур Таймазовқа жол берген еді.
Грузин балуаны финалға шыққандықтан Дәулет жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге қол созған. Алайда Билял Маховты жеңе алмаған.

ХОК шешімі бойынша Олимпиадада қола жүлдегер атанған ресейлік Билял Махов пен ирандық Камейл Гасеми екеуіде алтын медаль алатын болды. Екеуі де бір салмақта Олимпиада чемпионы.

Ал, қола медаль қазақстандық Дәулет Шабанбай мен АҚШ спортшысы Тервел Длагневқа беріледі.

Advertisement


Спорт

Ц.Цогтбаатар қола жүлдегер атанды

Published

on

“Токио-2020” жазғы олимпиадасында жүдодан -73 келі салмақта Ц.Цогтбаатар қола жүлдегер атанып, Моңғолия қоржынына екінші жүлдені сыйлады.

Жартылай финалда жапониялық Шохэй Оноға есе жіберіп, қола медаль үшінгі сайыста Канадалық спортшы Артур Маргелидоннан басым түсті.

Естеріңізге салсақ бұған дейін Токио олимпиадасында әйелдер арасындағы -48 келі салмақта М.Уранцэцэг қола медаль алған болатын.

Continue Reading

Спорт

Токио Олимпиадасында Моңғолия спортшылары қай күндері сынға түседі?

Published

on

Төрт жылдықтың басты додасы саналған ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына небәрі 2 күн қалды.

Моңғолияның олимпиадалық құрамасы 13 спорт түрінен барлығы 43 жолдама жеңіп алған.

Назарларыңызға Олимпиада ойындарының жарыс кестесін ұсынамыз. Сілтемеге өтіңіз.

Continue Reading

Спорт

Уганданың 20 жастағы ауыратлеті Юлиус Ссекитолеко хат қалдырып, жоғалып кеткен

Published

on

Уганда делегациясы 19 шілдеде Жапониядағы Олимпиада ойындарына қатысуға келген. Команда құрамында тоғыз адам болған, алайда екі қатысушының ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Юлиус Ссекитолеко жаттықтырушысымен 20 шілдеде еліне оралуы керек болған.

16 шілдеде спортшы коронавирусқа жоспарлы сынама алу кезінде ұлттық құраманың лагерінде жоқ болып шыққан. Оның бөлмесінде хат тұрған. Хатта Ссекитолеко Жапонияда жұмыс істегісі келетінін, Угандаға оралғысы келмейтінін жазған. Спортшы делегация мүшелерінен заттарын беріп жіберуді сұраған.

Уганда делегациясының басшылығы спортшыны іздеу жұмыстары бойынша жергілікті билікпен жұмыс істеп жатыр.

Споршы бір рет угандалық шенеуніктің қоңырауына жауап бергені белгілі болған.

Continue Reading

Спорт

2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

Published

on

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындары Брисбен қаласында өтеді деп жариялады. Бұл туралы Inside the Games порталында жызылды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осылайша Аустралия жерінде жазғы Олимпиада ойындары үшінші рет өткелі тұр. Бұған дейін төртжылдықтың басты додасын 1956 жылы Мельбурн және 2000 жылы Сидней қалалары қабылдаған еді.

Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындары Парижде (Франция), ал 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді.

Арғы күні, яғни 23 шілдеде Токиода Олимпиада ойындары басталып, 8 шілдеде мәресіне жетеді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде1 month ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде1 month ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек2 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек2 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек2 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек2 months ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек2 months ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде3 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда